great [ɡreɪt] A.adj (greater, greatest) 1.өте көп; аса үлкен, орасан, соншама, сондай ¨A great crowd had gathered. – Орасан/Соншама көп жұрт жиналды. ¨People were arriving in great numbers. – Жұрт/Елдер ағылып келіп жатты. ¨The great majority of people seem to agree with this view. – Жұрттың/Елдің басым көпшілігі осы пікірмен келісетін сияқты. ¨He must have fallen from a great height. – Ол соншама биік(тік)тен құлаған болуы тиіс. ¨She lived to a great age. – Ол кәдімгідей ұзақ жасады. ¨(ауысп мағ) There was a great big pile of books on the table. – Столда кітаптар нөпір болып үйіліп жатты. ¨(ауысп мағ) He cut himself a great thick slice of cake. – Ол торттан өзіне дәу ғып кесіп алды. 2.аса, өте; тамаша, керемет, соншама; сұмдық ¨a matter of great importance – аса маңызды іс ¨The concert had been a great success. – Концерт керемет табысты болды. ¨Her death was a great shock to us all. – Оның өлімі бәрімізді ойсыратып/есеңгіретіп кетті. ¨It gives me great pleasure to welcome you here today. – Сізді осында қарсы алуға өте қуаныштымын/қарсы алу мен үшін ғанибет. ¨Take great care of it. – Бұған өте мұқият бол. ¨You've been a great help. – Сіз соншама көп көмек бердіңіз. ¨We are all to a great extent the products of our culture. – Бәрімізде негізінен өз мәдениетіміздің төліміз/түлегіміз. 3.ұлы, әйгілі ¨He has been described as the world's greatest violinist. – Оны әлемдегі ең әйгілі скрипкашы деп суреттеді. ¨Sherlock Holmes, the great detective – Шерлок Холмс – ұлы детектив/із кесуші ¨Great art has the power to change lives. – Ұлы өнердің өмірді өзгерте аларлық қуаты бар. ¨This represents a great achievement. – Бұл – ұлы жетістік. 4. (informal) тамаша, керемет, ғажап ¨He's a great bloke. – Ол – тамаша пенде/жігіт. ¨It's great to see you again. – Сені қайта көрген қандай жақсы. ¨What a great goal! – Неткен тамаша гол! ¨We had a great time in Madrid. – Мадридте керемет уақыт өткіздік. ¨‘I'll pick you up at seven.’ ‘That'll be great, thanks.’ – «Сені сағат жетіде алып кетемін». «Тамаша болар еді, рахмет!» ¨(ironic) Oh great, they left without us. – Ғажап екен, олар бізсіз кетіп қалыпты. ¨You've been a great help, I must say. – Сенің бүйткен керемет көмегіңе рахмет (яғни, көмектеспедің дег мағ). 5.маңызды, тамаша ¨The wedding was a great occasion. – Той керемет болды. ¨As the great day approached, she grew more and more nervous. – Маңызды күн жақындаған сайын оның дегбірі қаша бастады. ¨The great thing is to get it done quickly. – Бұның тез бітуі тамаша іс болды. ¨One great advantage of this metal is that it doesn't rust. – Бұл маталдың керемет бір артықшылығы – тот баспайды. 6.ұлы, құдіретті; әйгілі, үстем ¨the great powers – ұлы державалар ¨We can make this country great again. – Біз бұл елді қайтадан әйгілі/ұлы ете аламыз. ¨Alexander the Great – Ұлы Александр 7.тамаша, керемет (күй, саулық) ¨She seemed in great spirits. – Ол кереметтей болып/мерейі таси көрінді. ¨I feel great today. – Бүгін тамаша сезініп тұрмын. ¨I don't feel too great. – Өзімді онша сезініп тұрған жоқпын. ¨Everyone's in great form. – Әркімнің күйі керемет. 8. ~ at (doing) sth (informal) керемет, тамаша (епті) ¨She's great at chess. – Ол шахматтан керемет. 9. ~ for (doing) sth (informal) керемет, тамаша (лайықты, пайдалы) ¨This gadget's great for opening jars. – Мына гаджет құтыларды ашқанға керемет. ¨Try this cream - it's great for spots. – Мына кремді/майды жақ – спортқа керемет. 10.тамаша, керемет, ғажап ¨We are great friends. – Біз - керемет достармыз. ¨I've never been a great reader. – Ешқашан керемет/мықты оқырман болған емеспін. ¨She's a great talker, isn't she? – Ол – керемет әңгімешіл, ә? ¨I am a great admirer of your work. – Жұмысыңызды сондай ұнатамын/Жұмысыңыздың керемет тілеулесімін/Жұмысыңызға соншама сүйсінемін. 11. great- ¨my great-aunt – әкемнің/шешемнің тәтесі/апайы ¨her great-grandson – оның шөбересі ¨my great-great-grandfather – бабам/ата-бабам/атамның атасы 12.дәу, алып, ірі (хайуан, өсімдік) ¨the great tit – дәу шымшық 13.үлкен (қаланың ресми шекарасын қоса алғандағы атауы) ¨Greater London – Лондон 14. (idm) *be going great guns (informal) істі жалма-жан тындырып тастау ¨Work is going great guns now. – Жұмысты апыл-ғұпыл бітіруде. *be a great one for (doing) sth бірнәрсені істегенге шебер, керемет ¨I've never been a great one for writing letters. – Ешқашан керемет хат жазғыш емес едім. ¨You're a great one for quizzes, aren't you? – Сынақ сұрақтарына жауап беруге келгенде мықтысың емес пе? *be no great shakes (informal) онша жақсы, тиімді, лайықты болмау *great and small үлкені-кішісі болсын, барлық көлем мен түрде ¨all creatures great and small – қай-қай мақұлық болсын/болмасын *great minds think alike (informal, humorous) ұлы адамдардың ойы бір жерден шығады ¨Jill: Let's ride our bikes to the store instead of walking. Jane: I was just thinking we should do that, too. Jill: Great minds think alike. – Джил: Дүкенге жаяу барғанша великтерімізбен барайық. Джейн: Өзім де осылай ойлап тұрғанмын. Джил: Ұлы адамдардың ойы бір жерден шығады. B.n (informal) әйгілі адам не нәрсе ¨He was one of boxing's all-time greats. – Ол бокс тарихындағы кереметтердің бірі еді. C.adv (informal, non-standard) тамаша, керемет ¨Well done. You did great. – Жақсы іс болды. Керемет істедің.