grey [ɡreɪ] (especially BrE) (NAmE usually gray) A.adj 1. сұр, сұрғылт, боз ¨grey eyes/hair – қой көз/ағарған шаш ¨wisps of grey smoke – сұр түтін будақтары ¨a grey suit – сұр костюм 2.шашы ағарған ¨He's gone very grey. – Шашы ағарып кетіпті. 3. (аспан, ауа-райы ж) сұр, тымырсық, күңгірт, сүреңсіз, бұлыңғыр, сұрқай, солғын ¨grey skies – сұр аспан ¨I hate these grey days. – Бұл сүреңсіз күндерді жаным қаламайды. 4. боз, бозарған, солғын ¨The next morning she looked very grey and hollow-eyed. – Келесі күні оның жағы суалып, көзі шүңірейіп кетіпті. 5.қызық емес, тартымсыз, солғын; көңілсіз, жабырқаңқы, жабырқау ¨Life seems grey and pointless without him. – Онсыз өмір көңілсіз әрі мағынасыз болып көрінеді. 6. (disapproving) қызық емес, тартымсыз, бойкүйез ¨The company was full of faceless grey men who all looked the same. – Компания бір-біріне ұқсаған келбетсіз де солғын адамдарға толы еді. 7.қарт адамдар(-дың) ¨the grey vote – қарт адамдар(дың сайлаудағы) дауысы ¨grey power – қарт қуаты B.n 1.сұр (түс) ¨the dull grey of the sky – аспанның солғын да сүреңсіз түсі ¨dressed in grey – сұр киген 2.боз ат ¨She's riding the grey. – Ол боз атпен шауып жүрді. C.v ағару (шаштың) ¨His hair was greying at the sides. – Екі самайы ағарып бара жатқан еді. ¨a tall woman with greying hair - ақ шашты бойшаң әйел