gross [ɡrəʊs] A.adj (grosser, grossest) 1.жалпы, брутто ¨gross weight – жалпы/брутто салмақ ¨gross income/wage – жалпы кіріс/жалақы (салықпен, т.б. қоса есептегенде) ¨Investments showed a gross profit  of 26%. – Инвестициялардан жалпы түскен табыс 26% болды. 2.нағыз, барып тұрған, көпе-көрнеу, мүлде ¨gross indecency/negligence/misconduct – нағыз оңбағандық (сұмпайылық, мүттәйімдік)/барып тұрған салақтық (немқұрайдылық)/көпе-көрнеу ожарлық ¨a gross violation of human rights – адам хақтарының көпе-көрнеу бұзылуы 3. (informal) өте жайсыз, түршіктіретін, шіміркендіретін (syn: disgusting) ¨‘He ate it with mustard.’ ‘Oh, gross!’ – «Ол қыша (горчица) қосып жеді». «Сұмдық-ай!» 4.дөрекі, тұрпайы, анайы (syn: crude) ¨gross behaviour – дөрекі мінез, барып тұрған тәртіпсіздік 5.ұсқынсыз, сиықсыз, албасты(дай), мешел ¨She's not just fat, she's positively gross! – Ол тек семіз емес – нағыз мешел/албасты(дай)! B.adv жалпы, жалпы алғанда, брутто ¨She earns £25 000 a year gross. – Жылына жалпы £25 000 табады. C.v ~ sth 1.жалпы (салықпен, т.б. қоса есептегенде) табу ¨It is one of the biggest grossing movies of all time. – Бұл – осыған дейін ең көп ақша/табыс тапқан кинолардың бірі. ¨The concert grossed a massive £2 million at the box office. – Концертке жалпы құны £2 млн-ға билет сатылды. 2. (phr v) *gross sb out (NAmE, informal) жиіркендіру, лоблу, түршіктіру (syn: disgust) ¨His bad breath really grossed me out. – Аузының сасығы жүрегімді айнытты. D.n 1. (pl ~) 144 дана/тал зат, 12 дюжина ¨two gross of apples – 144 тал алма ¨to sell sth by the gross – 12 дюжиналап сату 2. (pl ~es) (especially US) жалпы түскен табыс