ground [ɡraʊnd] A.n 1.жер, топырақ ¨I found her lying on the ground. – Оны жерде жатқан жерінен көрдім. ¨He lost his balance and fell to the ground. – Теңселіп барып жерге құлады. ¨2 metres above/below ground – жерден/жер бетінен 2 метр жоғары/төмен ¨Most of the monkeys' food is found at ground level. – Маймыл қорегінің көпшілігі топырақ бетінен/деңгейінде табылады. ¨ground forces – құрлықтағы (әскери) күштер ¨to be burned to the ground – тып-типыл/түгі қалмай жанып кету 2.топырақ, жер ¨fertile ground for planting crops – дәнді дақылдар егу үшін құнарлы топырақ/жер 3.жер, тұс, алаңқай ¨The kids were playing on waste ground  behind the school. – Балалар мектептің артындағы бос алаңқайда ойнап жүрген. 4. (BrE) алаң ¨a football/recreation/sports ground – футбол/дене шынықтыру/спорт алаңы ¨ancient burial grounds – ежелгі молалар, жерлеу алаңдары 5. ~s төңірек, аймақ, тұс, жер ¨fishing grounds – балық аулайтын төңірек/тұс ¨feeding grounds for birds – құстардың қоректенетін жері/тұсы 6. ~s төңірек, айнала ¨the hospital grounds – емхана айналасы/төңірегі ¨The house has extensive grounds. – Үйдің айналасы үлкен. 7.тақырып, сала ¨He managed to cover a lot of ground in a short talk. – Қысқа сөз барысында ол көптеген мәселені қамти алды. ¨We had to go over the same ground in class the next day. – Келесі күнгі сабақта сол тақырыпты қайтадан өттік. ¨You're on dangerous ground if you criticize his family. – Оның отбасын сынасаң қауіпті тұсқа енгенің. ¨I thought I was on safe ground discussing music with her. – Онымен музыканы талқылаған қолайлы болады ғой деп ойлағанмын. ¨He was back on familiar ground, dealing with the customers. – Ол клиенттермен жұмыс істейтін баяғы жұмысына қайта оралды. ¨They are fighting the Conservatives on their own ground. – Олар консерваторлармен олардың өз жерінде/мықты мәселесі бойынша айқасуда. 8. ~ for sth/for doing sth себеп, қисын, жөн ¨You have no grounds for complaint. – Шағымданатын жөнің жоқ. ¨What were his grounds for wanting a divorce? – Оның не үшін ажырасқысы келіпті? ¨The case was dismissed on the grounds that there was not enough evidence. ¨He retired from the job on health grounds. – Ол денсаулығына бола жұмыстан кетті. ¨Employers cannot discriminate on grounds of age. – Жасына бола жұмыс берушілер шеттете/жәбірлей алмайды. 9. ~s шөгінді ¨coffee grounds – шөккен кофе түйіршіктері 10. (NAmE) (BrE earth) «жер» (электр ағынын қауіпсіз ету үшін бір ұшы жерге тұйықталған сым) 11.арқа жақ, арт жақ, фон ¨pink roses on a white ground – ақ фондағы/арқадағы  қызғылт раушандар 12. (idm) *cut the ground from under sb's feet біреудің ойын, жоспарын бұзу *gain/make up ground (on sb/sth) біртіндеп жақындау ¨The police car was gaining ground on the suspects. – Полиция машинасы күдіктілерге қуып жете/жақындай бастады. ¨They needed to make up ground on their competitors. – Оларға бәсекелестерін өкшелей қуып жақындау керек болды. *get (sth) off the ground табысты бола/болғыза бастау ¨Without more money, the movie is unlikely to get off the ground. – Көбірек ақша болмаса, киноның оңға басар түрі жоқ. ¨to get a new company off the ground – жаңа компанияның ісін жолға салу *give/lose ground (to sb/sth) біреуге есе жіберу; көну, мәмілеге келу ¨They are not prepared to give ground on tax cuts. – Салықты кесу жөнінен олар бір райға келер емес/шегінетін райы жоқ. ¨The Conservatives lost a lot of ground to the Liberal Democrats at the election. – Сайлауда консерваторлар либерал-демокартқа көп есе жіберіп алды. *go to ground  (BrE) тығылу, бұғыну *hold/stand your ground a) пікірінен, ниетінен айнымау ¨Don't let him persuade you - stand your ground. – Сені айналдырып көнгізбесін – айтқаныңда тұр. b)тайсалмау, қаймықпау ¨It is not easy to hold your ground in front of someone with a gun. – Қолында қаруы бар біреу шыға келсе қасқиып тұру қиын. *on the ground жер-жерде, адамдардың арасында, оқиға болып жатқан жерде ¨On the ground, there are hopes that the fighting will soon stop. – Ол жерде ұрыс/соғыс жуық арада тоқтайды деген үміт бар. ¨There's a lot of support for the policy on the ground. – Жұрт арасында бұл саясатты қолдаушылар көп. *run/drive/work yourself into the ground өзін көтерем ету, мұрнынан шаншылғанша жұмыс істеу, өзін аямай қалжырату *run sb/sth into the ground аямай пайдалану; біреуді көтерем ету, аямай жұмысқа салу *thick/thin on the ground (BrE) кісілер көп/аз ¨Customers are thin on the ground at this time of year. – Жылдың бұл уақтында клиенттер сирек болады. ¨Security officers were thick on the ground during the King's visit. – Корольдің сапары кезінде қауіпсіздік офицерлері қаптап жүрді. B.v 1. ~ (sth) (қайық ж) қайраңға отыру, қайраңдау ¨The fishing boat had been grounded on rocks off the coast of Cornwall. – Балық кемесі Корнуолл жағасындағы тастарға қайраңға отырды. 2. ~ sth (ұшақ ж) ұшырмау ¨The balloon was grounded by strong winds. – Шар қатты жел болғандықтан ұша алмады. ¨All planes out of Heathrow have been grounded by the strikes. – Хитроудан ұшатын ұшақтардың бәрі де ереуілге бола ұша алмады. 3. ~ sb (жаза ретінде) үйден шығармау ¨You're grounded for a week! – Бір жеті бойы шықпайсың енді! 4. (NAmE) (BrE earth) ~ sth жерлеу (электр ағынын қауіпсіз етіп тұйықтау үшін сымтемірді жерге қою не кіргізу) C.adj туралған не ұнтақталған ас ¨ground coffee – ұнтақ(талған) кофе ¨(US) ground pork – туралған шошқа еті