grow [ɡrəʊ] v (grew [ɡruː] grown [ɡrəʊn]) 1.өсу, ұлғаю, арту ¨The company profits grew by 5% last year. – Компанияның табысы былтыр 5%-ке өсті/артты. ¨Fears are growing for the safety of a teenager who disappeared a week ago. – Бір апта бұрын жоғалған жасөспірімнің амандығы үлкен уайымға айналды. ¨There is growing opposition to the latest proposals. – Соңғы ұсыныстарға деген қарсылықтар өсуде. ¨Shortage of water is a growing problem. – Ауыз су тапшылығы – ұлғайып бара жатқан проблема. ¨The performance improved as their confidence grew. – Өздеріне деген сенімі артқан сайын іс те оңға басты. ¨~ in sth The family has grown in size recently. – Жуырда отбасы (көлемі) ұлғайды. ¨She is growing in confidence all the time. – Оның өзіне деген сенімі ұдайы/ылғи артуда. ¨The company is growing bigger all the time. – Компания ылғи/ұдайы өсуде. 2.өсу, ұлғаю, жетілу, ержету, бойжету ¨You've grown since the last time I saw you! – Соңғы рет көргеніме қарағанда ержетіп/бойжетіп қалыпсың! ¨Nick's grown almost an inch in the last month. – Ник бір айда бір дюймдей өсіпті. ¨The puppies grow quickly during the first six months. – Күшіктер алғашқы алты айда тез өседі. ¨A growing child needs plenty of sleep. – Жетіліп жатқан сәбиге көп ұйықтау керек. ¨to grow bigger/taller – ұзару/үлкею 3.өсу, өсіру, жетіл(дір)у ¨The region is too dry for plants to grow. – Аймақ өсімдіктердің өсуі үшін тым құрғақ. ¨These roses grow to a height of 6 feet. – Мына раушандар алты фут болып өседі. ¨Tomatoes grow best in direct sunlight. – Күн астында помидорлар жақсы жетіледі. ¨~ sth I didn't know they grew rice in France. – Францияда күріш өсетінін білмеппін. ¨I grew all these flowers from one packet of seeds. – Мына гүлдердің бәрін бір пакет ұрықтан өсірдім. 4.өс(ір)у, ұлғаю, ұлғайту ¨I've decided to let my hair grow. – Шашымды өсірейін дедім. ¨~ sth I've decided to grow my hair. – Шашымды өсірейін дедім. ¨I didn't recognize him - he's grown a beard. – Танымай қалдым – сақал қойыпты (ғой). 5. (бірнәрсе бола, істей, сезе) бастау ¨to grow old/bored/calm – қартая/зеріге/жуаси бастау ¨As time went on he grew more and more impatient. – Уақыт өте келе тынымсыз бола түсті. ¨The skies grew dark and it began to rain. – Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауа бастады. 6. ~ to do sth (біртіндеп істей, т.с.с.) бастау ¨I'm sure you'll grow to like her in time. – Уақыт өте оны жақсы көре бастайтыныңа шүбәм жоқ. ¨He grew to understand her reasons for leaving. – Оның кеткен себебін түсіне бастады. 7. ~ (as sth) (қабілет ж) жетілу, даму, шыңдалу, өсу ¨She continues to grow as an artist. – Ол өнер адамы ретінде жетілуде. ¨A secure background will help a child to grow emotionally. – Отбасындағы бейқам тіршілік баланың эмоциялық жетілуіне жәрдемдеседі. 8. ~ sth дамыту, өсіру ¨We are trying to grow the business. – Ісімізді/Бизнесімізді өсіруге талпынудамыз. 9. (idm) *it/money doesn't grow on trees (saying) бұл/ақша ағашта өспейді 10. (phr v) *grow apart (from sb) арасы алыстау, бөтенсіреу, жатырқау ¨As we got older we just grew apart. – Жасымыз ұлғайған сайын арамыз ажырай түсті. ¨Since moving to London, he's grown apart from many of his friends. – Лондонға кеткелі бері көптеген достарынан ажырай бастады. *grow away from sb алыстай бастау, өз бетінше күн көре бастау ¨When she left school she grew away from her mother. – Мектепті бітірген соң ол өз бетінше күн көріп, анасынан алыстай бастады. *grow back қайтадан өсе бастау ¨His eyebrows never grew back after the accident. – Сол оқиғадан соң оның (көзінің) қастары қайта шыққан/өскен емес. *grow into sth ер жету, бой жету, өсу; шыңдалу, жетілу ¨He's grown into a handsome young man. – Ол келбетті жас жігіт болып өсіпті. ¨The dress is too long for her now but she'll grow into it. – Көйлек қазір ол үшін тым ұзын, дегенмен де ол бойжетеді/оның бойы өседі. ¨She's still growing into her new role as a mother. – Ол ана болуға әлі үйренуде. *grow on sb ұната, жақсы көре бастау ¨The neighbourhood was beginning to grow on me. – Осы төңіректі бара-бара ұната бастадым. ¨This song is really growing on me. – Мына әнді шынымен де ұната бастадым. *grow out (of a hairstyle, etc.) өскен шаштың астында қалу, шаш өскенде кету ¨I had a perm a year ago and it still hasn't grown out. – Бір жыл бұрын шашымды бұйралап едім, әлі кеткен жоқ. *grow sth out шашын өсіру ¨I've decided to grow my layers out. – Шашымды (шаш қабаттарын) біршама өсірейін дедім. *grow out of sth a)өсіп кету, үлкейіп кету (syn: outgrow) ¨He's already grown out of his school uniform. – Оған мектеп формасы баяғыда сыймай қалған. b) өскен соң қою (syn: outgrow) ¨Most children suck their thumbs but they grow out of it. – Сәбилердің көбі бас бармағын сорады, бірақ өскен соң қойып кетеді. c) бірнәрседен шығу, жетілу, пайда болу ¨The idea for the book grew out of a visit to India. – Кітап жазу идеясы Үндістанға сапардан туындады. *grow up a) ержету, бойжету, үлкею ¨She grew up in Boston. – Ол Бостонда бойжетті/өсті. ¨Their children have all grown up and left home now. – Балаларының бәрі де ержетіп, енді үйден кеткен. ¨~ to do sth He grew up to become a famous pianist. – Ол ержете/өсе келе әйгілі пианист болды. b) ержететін, ақыл кіретін уақыт болды дег мағ ¨Why don't you grow up? – Қашан ержетеді екенсің? ¨It's time you grew up. – Ержететін уақтың болды ғой. c) біртіндеп жетілу ¨A closeness grew up between the two girls. – Екі қыз бірте-бірте бір-біріне жақын бола түсті.