guarantee [ˌɡærənˈtiː] A.n 1.кепіл болу, кепілдік беру, міндеттену, уәде ету, сөз беру, серт ету; гарантия беру (syn: assurance) ¨to give a guarantee of good behaviour – тәртібі жақсы болады деп уәде беру ¨He gave me a guarantee that it would never happen again. – Бұл енді(гәрі) қайталанбайды деп сөз берді. ¨They are demanding certain guarantees before they sign the treaty. – Келісімге қол қояр алдында олар қандай да бір кепілдік сұрап отыр. 2.кепілдік, гарантия (syn: warranty) ¨We provide a 5-year guarantee against rust. – Тот баспайтынына 5-жылдық кепілдік/гарантия береміз. ¨The watch is still under guarantee. – Сағатқа гарантия/кепілдік әлі жарамды. ¨The television comes with a year's guarantee. – Телевизор бір жылдық гарантиямен сатылады. ¨a money-back guarantee – (алушы) риза болмасf ақшаны қайтарып беруге уәде/гарантия 3.кепіл ¨~ (of sth) Career success is no guarantee of happiness. – Карьерадағы табыс бақытқа кепіл бола алмайды. ¨~ (that…) There's no guarantee that she'll come. – Оның келетініне ешкім кепіл бола алмайды. 4.кепіл, кепілдеме, кепілдік, гарантия ¨We had to offer our house as a guarantee when getting the loan. – Несие алар кезде үйімізді кепілге қоюға тура келді. ¨A close relative, usually a parent, can provide a guarantee for the loan. – Жақын туысы, әдетте ата-анасы, қарыз үшін гарантия бере алады. B.v 1. кепіл болу, кепілдік беру, уәде ету, сөз беру, серт ету; қорғалу ¨~ sth Basic human rights, including freedom of speech, are now guaranteed. – Бастапқы адам хақтары, сөз бостандығын қоса алғанда, қорғалған/міндетті. ¨~ (that)… We cannot guarantee (that) our flights will never be delayed. – Рейстеріміз ешқашан кешікпейді деп сөз бере алмаймыз. ¨~ sb sth The ticket will guarantee you free entry. – Билетпен тегін кіресіз. ¨~ to do sth We guarantee to deliver your goods within a week. – Заттарыңызды бір жетіде жеткіземіз деп сөз береміз. 2. ~ sth (against sth) кепілдік, гарантия ¨This iron is guaranteed for a year against faulty workmanship. – Мына үтіктің ақаудан бір жылдық кепілдігі/гарантиясы бар. 3.мүмкіндік беру, кепіл болу ¨~ sth Tonight's victory guarantees the team's place in the final. – Бүгінгі жеңіс команданы финалға шығарады. ¨~ sb sth These days getting a degree doesn't guarantee you a job. – Бұл күндері диплом алу жұмыс табуға кепіл болмайды. 4. ~ (that)… (бірнәрсенің болатыны) анық болу ¨You can guarantee (that) the children will start being naughty as soon as they have to go to bed. – Балалардың ұйықтар алдында қиқарлана бастайтыны анық. 5.кепіл болу, кепілдік беру, гарантия беру ¨~ sth to guarantee a bank loan – банк несиесіне кепілдік беру ¨~ to do sth to guarantee to pay sb's debts – біреудің қарызын өтеуге кепілдік беру ¨~ that… I guarantee that he will appear in court. – Оның сотқа келетініне сөз беремін. 6. (idm) *be guaranteed to do sth бірдеңе болатыны айдан анық дег мағ ¨If we try to keep it a secret, she's guaranteed to find out. – Бұны білдіртпей ұстауға тырыссақ, оның біліп қоятыны анық. ¨That kind of behaviour is guaranteed to make him angry. – Ондай жүріс-тұрысқа оның ашуланатыны анық.