guard [ɡɑːd] A.n 1. күзетші, сақшы, қарауыл ¨a security guard – қауіпсіздік сақшысы ¨border guards – шекара сақшылары/күзетшілері ¨The prisoner slipped past the guards on the gate and escaped. – Қамаудағы адам қақпада күзетшілерден өтіп, қашып кетті. ¨A guard was posted outside the building. – Ғимарат/Үй сыртына күзетші қойылды 2.күзет (қызметі), сақшылар, қарауыл ¨the captain of the guard – күзет капитаны ¨the changing of the guard – күзеттің ауысуы ¨The guard is/are being inspected today. – Бұгін күзетті тексеруде. ¨Fellow airmen provided a guard of honour at his wedding. – Оның үйлену тойында ұшқыш әріптестері оны қошеметтей құрмет сабына тұрды. ¨The President always travels with an armed guard. – Президент ұдайы қарулы күзетпен жүреді/қозғалады. 3.күзетшілік, күзет, қарауыл ¨a sentry on guard – күзеттегі/күзетте тұрған қарауыл ¨to do guard duty – күзетшілік ету/міндетін атқару ¨The escaped prisoner was brought back under armed guard. – Абақтыдан қашушыны/Қашқынды қарулы күзетпен кері алып келді. ¨The terrorist was kept under police guard. – Террористі полиция күзеті қарауына алды. ¨One of the men kept guard, while the other broke into the house. – Біреуі тың тыңдап/қарап тұрды, қалғандары үйге басып кірді. 4. the Guards күзет, ұлан, гвардия ¨the Scots Guards – шотландиялық ұлан/гвардия ¨a Guards officer – ұлан/гвардия офицері 5.қорғаныш киім, қорғаныш жамылғы ¨Ensure the guard is in place before operating the machine. – Жабдықты/Машинаны қоспас бұрын қорғанышты тексеріңдер. 6. (BrE, becoming old-fashioned) = conductor (2) 7. (бокста, семсерлесуде, т.с.с.) қорғану (позициясы) ¨to drop/keep up your guard – қорғанысын босаңсыту/жалғастыра беру ¨(figurative) In spite of the awkward questions the minister never let his guard fall for a moment. – Ыңғайсыз сұрақтарға қарамастан министр әр уақыт нық жауап беріп жатты. 8. (idm) *be on your guard сақ, қырағы болу, босаңсымау *mount/stand/keep guard (over sb/sth) күзетіп/қарап тұру *off (your) guard қырағылығын жоғалтқан, сақ емес, босаңсыған, болбыраған ¨The lawyer's apparently innocent question was designed to catch the witness off (his) guard. – Адвокаттың сырт көзге әншейін болып көрінген сұрағы куәнің осал тұсын іздеу еді/ту сыртынан келу еді. B.v 1. ~ sb/sth күзету, қарау, қорғау ¨The dog was guarding its owner's luggage. – Ит иесінің жүгін күзетіп/қарап жатқан. ¨political leaders guarded by the police – полиция қорғаған/күзеткен саяси жетекшілер ¨You can't get in; the whole place is guarded. – Ішке кіре алмасың: барлық жерді күзетіп тұр/жер күзетулі. ¨(figurative) a closely guarded secret – ешкім білмес құпия/сыр ¨The prisoners were guarded by soldiers. – Қамаудағыларды солдаттар күзетті. 2. (phr v) *guard against sth қорғану, сақтану, абай болу ¨to guard against accidents/disease – апаттардан қорғану/аурудан сақтану