guess [ɡes] A.v 1.болжау, пайымдау, жорамалдау, долбарлау, жобалау, топшылау, шамалау, бағамдау, таразылау, ойлау ¨I don't really know. I'm just guessing. – Расын айтсам, білмеймін. Әншейін шамалағаным/ойлағаным ғой. ¨~ at sth We can only guess at her reasons for leaving. – Оның неге кеткенін кім білген/болжай ғана аламыз. ¨He guessed right/wrong. – Дұрыс/Қате тапты. ¨~ (that)…I'd guess that she's about 30. – Ол отыздың төңірегінде/ар жақ, бер жағында болар деп жобалаймын/ойлаймын. ¨~ where, who, etc… Can you guess where I've been? – Қай жерде болғанымды айтшы? ¨~ sth Can you guess his age? – Оның жасын шамалай аласың ба? ¨~ sth She guessed the answer straight away. – Ол жауапты бірден тапты. ¨~ what, where, etc… You'll never guess what she told me. – Оның маған не дегенін ешкім біле алмайды. ¨~ (that)… You would never guess (that) she had problems. She's always so cheerful. – Оның қиналғанын кім біліпті. Ылғи да жайдары жүреді. 2. I guess ~ (that)… (informal, especially NAmE) шығар, солай болар деп ойлаймын ¨I guess (that) you'll be looking for a new job now. – Жаңа жұмыс іздейтін шығарсың деп ойлаймын. ¨I guess I'm just lucky. – Жолым болған шығар деп ойлаймын. ¨He didn't see me, I guess. – Мені көрмеді ғой деймін. ¨‘Are you ready to go?’ ‘Yeah, I guess so.’ – «Шығуға дайынбысың?» «Е, солай болар». ¨‘They aren't coming, then?’ ‘I guess not.’ – «Онда олар келмей(ді) ме?» «Солай болар». 3. guess…! Мынаң қара! Білесің бе! (бір қызық нәрсені айтқысы келген кезде қолд) ¨~ sth Guess what! He's asked me out! – Білесің бе! Ол маған шық деді! ¨~ who, where, etc… Guess who I've just seen! – Жаңа ғана кімді көргенімді білесің бе! 4. (idm) *keep sb guessing (informal) жұмбақ жағдайда/күйде ұстау, аңдытып қою, ұға алмастай ету ¨It's the kind of book that keeps you guessing right to the end. – Бұл аяғына дейін не болатынын білдіртпейтін кітап. B.n 1.пайым, долбар, болжам, жоба, жорамал, шамалау, ойлау, топшылау ~ (at sth) (BrE) ¨to have/make a guess (at sth) – (бірнәрсені) пайымдап көру ¨(NAmE) to take a guess - шамалау ¨Go on! Have a guess! – Ал қане! Тауып/Шамалап көр(гін)! ¨~ (about sth) The article is based on guesses about what might happen in the future. – Мақала болашақта не болады деген пайымдауларға негізделген. ¨They might be here by 3 - but that's just a rough guess. – Олар(дың) бұнда 3-те болуы керек – бұл енді жоба. ¨~ (that…) My guess is that we won't hear from him again. – Оны енді қайта естімейтін болармыз деп ойлаймын. ¨At a guess, there were forty people at the party. – Шамамен/Шамалағанда, сауықта қырық адам болды. ¨If I might hazard a guess, I'd say she was about thirty. – Болжасам, отыздың айналасында болар. ¨Who do you think I saw yesterday? I'll give you three guesses. – Кеше мен кімді көрді деп ойлайсың? Саған үш долбар/жоба берейін. 2. (idm) *anybody's/anyone's guess (informal) кім біліпті, кім білген дег мағ ¨What will happen next is anybody's guess. – Енді не боларын кім біліпті/бір құдай біледі. *your guess is as good as mine (informal) менен артық білмейді екенсің не сенен артық білмеймін дег мағ ¨‘Who's going to win?’ ‘Your guess is as good as mine.’ – «Кім жеңеді?» «Сенен артық білсем, бұйырмасын».