gun

gun [ɡʌn] A.n 1.мылтық, қару ¨to fire a gun at sb – біреуге оқ ату ¨a toy gun – ойыншық мылтық/қару ¨anti-aircraft guns – ұшаққа қарсы қарулар ¨Look out, he's got a gun! – Байқа, оның қаруы бар! ¨Should police officers carry guns? – Полиция қызметкерлері қару асынулары керек пе? ¨He pointed/aimed the gun at her head. – Ол оның басына қару кезенді. ¨The police officers drew their guns. – Полиция қызметкерлері қаруларын шығарды. ¨She pulled a gun on me. – Ол қаруын шығарып, маған кезенді. ¨The gun went off by accident. – Мылтық абайсызда атылып кеткен/кетіпті. ¨The attacker held a gun to the hostage's head. – Шабуылшы/Бұзақы тұтқынның басына қару кезенді. ¨a gun battle between rival gangs – бәсекелес қылмысты топтардың арасындағы қарулы қақтығыс 2.құрал ¨a staple gun – степлер/шанышқыш 3.the ~ (спортта жарысты бастау үшін арнайы қаруды атып берген) белгі 4. (informal, especially NAmE) атушы, атқыш ¨a hired gun – жалдамалы атқыш 5. (idm) *hold/put a gun to sb's head біреудің басына қару кезену *under the gun (NAmE, informal) ауыр қысым астында, өте қиналған ¨I'm really under the gun today. – Бүгін мұрнымнан шаншылудамын/түкіруге мұршам жоқ. *(with) all/both guns blazing (informal) бар күшін сала, тегеурінді, адуынды ¨The champions came out (with) all guns blazing. – Чемпиондар алаңға екпіндете шықты. B.v (-nn-) 1. (NAmE) (мотор ж) зыр айналу ¨a line of motorcycles with their engines gunning – моторлары зыр айналып жатқан мотоциклдер тізбегі 2. ~ sth (NAmE) көлікті жөңкіте айдай бастау ¨He gunned the cab through the red light. – Ол таксимен қызыл жарыққа (қарамастан) ызғыта өтіп кетті. 3.(phr v) *be gunning for sb (informal) (қару кезене) аңду ¨I don't want your father gunning for me if we're back late. – Кеш келіп әкеңнен ұрыс естігім келмейді. *be gunning for sth аңду, ұмтылу, көздеу ¨She's gunning for the top job. – Ол мықты жұмысты көздеп жүр. *gun sb down атып өлтіру не ауыр жаралау ¨The policeman was gunned down while on duty. – Полицейге қызметте жүрген кезінде оқ тиген.