hammering [ˈhæmərɪŋ] n 1.(балғамен, жұмырықпен) соққылау, ұрғылау ¨the sound of hammering from the next room – келесі бөлмедегі ұрғылаған дыбыстар ¨They were interrupted by a hammering at the door. – Олардың әңгімесін есікті ұрғылаған дыбыс бөліп жіберді. 2. (BrE, informal) «балғалау», оңбай жең(іл)у, сын(ал)у ¨Our team took a real hammering in the first half. – Командамыз бірінші кезеңде төпелеген соққының астында қалды. ¨The sales team will be in for a hammering when these figures come out. – Мына деректер шыққан кезде сату бөлімі қамшының астында қалатын болады.