hand [hænd] A.n 1.қолдың басы, қол (әзербайжан, түрік тілдерінде қолдың басын «әл» дейді) ¨Ian placed a hand on her shoulder. – Йан қолын оның иығына қойды. ¨Put your hand up if you know the answer. – Жауапты білсең(дер), қолыңды көтер. ¨Keep both hands on the steering wheel at all times. – Рульді әрқашан екі қолыңмен ұста. ¨She was on (her) hands and knees looking for an earring. – Ол бір сырғасын іздеп еденде еңбектеп жүрді. ¨Couples strolled past holding hands. – Бір-бірінің қолдарын ұстаған қосақ жүріп өтті. ¨Give me your hand while we cross the road. – Жолдан өтер кезде маған қолыңды бер. ¨The crowd threw up their hands in dismay. – Жұрт абыржи қолын көтерді. ¨He killed the snake with his bare hands. – Жыланды жалаң қолдарымен өлтірді. ¨a hand towel – қол орамал ¨a hand drill – қол бұрғы ¨a one-handed catch – бір қолымен ұстау, шап беру ¨left-handed scissors – сол қолға арналған қайшы 2. a ~ (informal) жәрдем ¨Let me give you a hand with those bags. – Ана сөмкелерді апаруға көмектесейін. ¨The neighbours are always willing to lend a hand. – Көршілер ылғи да көмек беруге әзір. 3. ~ in sth белгілі бір жағдайға қатысы, ықпалы болу, атсалысу ¨Early reports suggest the hand of rebel forces in the bombings. – Алғашқы/Алдын-ала хабарларға қарағанда, бомбалауға көтерілісшілердің/содырлардың қатысы бар көрінеді. ¨Several of his colleagues had a hand in his downfall. – Оның жұмыста омақасуына өзінің бірнеше әріптесі ықпал еткен/атсалысқан. ¨This appointment was an attempt to strengthen her hand in policy discussions. – Бұл тағайындау - оның саяси мәселелердегі ықпалын нығайтпақ талпыныс. 4. сағат тілі 5. қара жұмысшы 6. теңізші, матрос ¨All hands on deck! – Барлық теңізшілер палубаға! 7. қолдан істелген ¨hand-painted pottery – қолдан боялған қыш ыдыстар ¨hand-knitted – қолдан тоқылған ¨This item should be hand washed. – Бұл затты қолмен жуу керек. 8. карта ойынындағы бір кезең, ойын ¨I'll have to leave after this hand. – Мына ойыннан кейін кетуім керек. 9. (old use) жазу стилі 10.қарыс (бас бармақ пен ортаңғы саусақты екі жаққа кергендегі өлшем, шамамен 10 см) 11. (idm) *all hands on deck (also all hands to the pump) (saying, humorous) барлығы келсін, жабылсын (көмектессін дег мағ) ¨There are 30 people coming to dinner tonight, so it's all hands on deck. – Бүгін асқа 30 адам жиналмақ, сөйтіп барлығы да білек сыбануда. *(close/near) at hand «қолда, алақанда», жанында ¨Help was at hand. – Көмек қолда болатын. ¨The property is ideally located with all local amenities close at hand. – Үй керемет орналасқан; керек нәрсенің бәрі жанында. *at the hands of sb/at sb's hands (formal) біреудің әрекетіне байланысты ¨They suffered years of repression at the hands of the old regime. – Олар жылдар бойы ескі режимнің езгісін көрді. *be good with your hands қолдары шебер, іскер болу *bind/tie sb hand and foot қол-аяғын байлау *by hand a) қолдан жасалған ¨The fabric was painted by hand. – Мата қолдан боялған. b) (почтамен емес) әдейі апарып табыстаған (хат) *fall into sb's hands/the hands of sb (formal) біреудің қолына түсу, біреуге бағынышты күйге түсу ¨The town fell into enemy hands. – Кент жау қолына түсті. ¨We don't want this document falling into the wrong hands. – Мына құжат басқа біреудің қолына түспесін. ¨After the war, the hotel fell into the hands of an American consortium. – Соғыстан кейін қонақ үй бір америкалық консорциумның қолына түсті. *(at) first hand өзі көру, танысу үшін ¨The President visited the area to see the devastation at first hand. – Президент аймаққа апатты өзі көру үшін барды. *get your hands dirty «қолын былғау», қара жұмыс істеу ¨He's not frightened of getting his hands dirty. – Ол қара жұмыстан қашпайды. *sb's hand (in marriage) (old-fashioned) «біреудің қолын сұрау», біреуге сөз салу ¨He asked the general for his daughter's hand in marriage. – Ол генералдың қызына сөз салды/генералға оның қызына үйленгісі келетінін айтты. *hand in glove (with sb) «қолы қолғапта», біреумен астыртын істес болу *hand in hand a) бір-бірінің қолын ала, қол алыса ¨They walked through the park hand in hand. – Олар қол ұстаса паркті кесіп өтті. b) бір-біріне тығыз байланысты ¨Poverty and poor health often go hand in hand. – Кедейлік пен аурушаңдық көбінесе бір-бірімен тығыз байланысты. *hands down (informal) оңай; шүбәсіз ¨They won hands down. – Олар оп-оңай жеңді. ¨It is hands down the best movie this year. – Бұл шүбәсіз биылғы жылдың ең жақсы фильмі. *(get/take your) hands off (sth/sb) (informal) қолыңды тарт дег мағ ¨Get your hands off my wife! – Әйелімнен қолыңды тарт. ¨Hey, hands off! That's my drink! – Ей, қолыңды тарт(қын)! Ол менің сусыным! *hands up! (informal) a) (білсе, қаласа) қол(дар)ын көтерсін! ¨Hands up all those who want to go swimming. – Жүзгісі келетіндер қолдарын көтерсін! b) (қарумен қорқытқанда қолд) көтер(іңдер) қол(дар)ыңды! *have your hands full (жұмыстан) қолы тимеу, босамау ¨She certainly has her hands full with four kids in the house. – Үйіндегі төрт баладан оның қолы қайдан босасын. *have your hands tied «қолы байлаулы болу», қалаған нәрсесін істеуге шамасы келмеу ¨I really wish I could help but my hands are tied. – Көмектескім-ақ келеді, бірақ қолым байлаулы. *hold sb's hand қолдау, қолдау көрсету ¨Do you want me to come along and hold your hand? – Қаласаң, келіп саған қолдау көрсетейін? *in sb's capable, safe, etc. hands «біреудің епті, сенімді, тсс қолында», сенімді біреудің қарамағында дег мағ ¨Can I leave these queries in your capable hands? – Мына сұрақтарды сіздің қарауыңызға қалдырсам қалай болады? *in hand a) қолда (бар) болу ¨We managed to redecorate the house and still have some savings in hand. – Біз үйді сәндеп шықтық және қолда біраз қаражатымыз қалды. ¨She completed the first part of the exam with over an hour in hand. – Ол емтиханның бірінші бөлігін бір сағаттан көп ерте бітірді. b) бақылауда, тізгінде ¨Don't worry about the travel arrangements - everything is in hand. – Сапарға дайындыққа бола қам жеме – бәрі де бақылауда. c) талқылап, айналысып жатқан сұрақ, іс ¨Please confine your comments to the topic in hand. – Талқылау қарастырылып жатқан тақырыптан шықпасын. d) жұмысты мерзімнен бұрын бітіру *in the hands of sb/in sb's hands біреудің қолында, қарамағында болу ¨The matter is now in the hands of my lawyer. – Іс адвокатымның қарамағында. ¨At that time, the castle was in enemy hands. – Ол уақытта қамал/бекініс жау қолында еді. *keep your hand in ісінен қол үзбеу ¨She retired last year but still teaches the odd class to keep her hand in. – Ол былтыр зейнетке шыққан, бірақ ісінен қол үзбес үшін кейде сабақ береді. *lay/get your hands on sb біреуді қолға түсіру, бас салып ұстау ¨Wait till I get my hands on him! – Тұра тұр, ол менің қолыма түседі әлі! *lay/get your hands on sth бірнәрсені қолға түсіру, табу ¨I know their address is here somewhere, but I can't lay my hands on it right now. – Олардың адресі осында бір жерде тұр, бірақ қолыма түспей тұрғаны(шы). ¨Do you know where I can get my hands on a second-hand television? – Ұсталған телевизорды қайдан тапсам болады, білесің бе? *many hands make light work (saying) жұмыла көтерген жүк жеңіл болады дег мағ *not do a hand's turn (old-fashioned) саусақ қимылдатпау ¨She hasn't done a hand's turn all week. – Ол бір жеті бойы саусақ қимылдатқан жоқ. *off your hands енді (оған, о нәрсеге) жауапты емессің дег мағ *on either/every hand (literary) екі/әр жақта, бағытта ¨Mist curled from the water on either hand. – Судың әр жағынан жеңіл тұман иіріле көтеріліп жатты. *on hand қолда бар, әзір тұрған (жәрдем) ¨The emergency services were on hand with medical advice. – Жедел жәрдем қызметі емдік кеңес/мед-қ консультация беруге әзір тұрды. *on your hands (біреу, бірнәрсе үшін) жауапты болу ¨Let me take care of the invitations - you've enough on your hands with the caterers. – Шақыру қағаздарымен мен айналысайын – сенің тамақ жеткізушілермен ісіңнің өзі жетіп жатыр. ¨They'll have a fight on their hands if they want to close down the school. – Олардың мектепті жапқысы келсе айқасуы керек болады. *(on the one hand…) on the other (hand)… (сөйлегенде қарама-қарсы ойды білдіру үшін қолд) бір жағынан (былай), екінші жағынан (былай) ¨On the one hand they'd love to have kids, but on the other, they don't want to give up their freedom. – Бір жағынан, сәбилі болсақ дейді, екінші жағынан, бостандықтарынан айырылғысы келмейді. *out of hand a) бой бермей бара жату, тізгінмен алысу ¨Unemployment is getting out of hand. – Жұмыссыздық өршіп бара жатыр. b) бірден, ай-шайы жоқ, іркілместен ¨All our suggestions were dismissed out of hand. – Ұсыныстарымыздың бәрін де бірден ысырып тастады. *out of your hands енді (оған, о нәрсеге) жауапты емессің дег мағ ¨I'm afraid the matter is now out of my hands. – Мәселеге енді қарай алмаспын-ау. *play into sb's hands біреуге болып беру, біреудің көкейіндегіні істеу ¨If we get the police involved, we'll be playing right into the protesters' hands. – Полицияны араластырсақ/кірістірсек, онда наразылық білдірушілерге болып береміз/білдірушілердің көкейіндегіні істегеніміз. *put your hand in your pocket (BrE) ақша жұмсау, ақша беру ¨I've heard he doesn't like putting his hand in his pocket. – Оның ақша жұмсағысы келмейді деп естідім. *(at) second, third, etc. hand басқа (екінші, үшінші) біреуден есту ¨I'm fed up of hearing about these decisions third hand! – Бұл шешімдер жайлы басқа біреулерден ести шаршадым. *take sb in hand біреуді жөнге, тәртіпке салу *take sth into your own hands бірнәрсені өз қолына алу *throw your hand in (informal) еңсесі түсу, салы суға кету, ұнжырғасы түсу *to hand қолжетімді, қол астында, жанында ¨I'm afraid I don't have the latest figures to hand. – Соңғы деректер менде жоқ-ау деймін. ¨Keep a pen and paper to hand for details of this week's competition. – Осы аптадағы сайыс туралы толық мәлімет (жазу) үшін қалам-қағазыңды қол астында ұста. *turn your hand to sth еппен, икеммен істеу ¨Jim can turn his hand to most jobs around the house. – Джим үйдегі көп шаруамен айналыса алады. B.v 1.беру, табыстау ¨~ sth to sb She handed the letter to me. – Хатты маған берді. ¨~ sb sth She handed me the letter. – Хатты маған берді. 2.(idm) *hand sth to sb on a plate (informal) «біреуге табаққа салып тарту ету», «табақ тарту», еш талпынбаған адамға жақсы нәрсе беру ¨Nobody's going to hand you success on a plate. – Табысты саған ешкім де табаққа салып тартайын деп тұрған жоқ. *have (got) to hand it to sb (informal) біреу мақтауға лайықты дег мағ ¨You've got to hand it to her - she's a great cook. – Оны дұрыстап бағалай білу керек, ол - керемет аспаз. 3. (phr v)*hand sth around/round бәріне қол жалғай тамақ, сусын тарату, ұсыну *hand sth back (to sb) қайтарып беру ¨She picked up the wallet and handed it back to him. – Ол қапшықты/әмиянды көтеріп алды да оған қайтып берді. ¨Control of the territory was handed back to China. – Ол территорияны бақылау Қытайға қайтарып берілді. *hand sth down (to sb) a) атадан балаға, үлкеннен кішіге беру (syn: pass down) ¨These skills used to be handed down from father to son. – Бұл шеберліктер әкеден балаға беріліп отыратын. ¨Most of his clothes were handed down to him by his older brother. – Оның киімдерінің көпшілігі ағасынан қалған. b) шешім, үкім шығару (syn: announce) ¨The judge has handed down his verdict. – Судья үкім шығарды/кесімін айтты. *hand sth in (to sb) (BrE also give sth in (to sb)) тапсыру, табыстау ¨You must all hand in your projects by the end of next week. – Жобаларыңды келесі аптаның соңына қарай тапсыруларың керек. ¨I handed the watch in to the police. – Сағатты полицияға табыстадым. ¨to hand in your resignation – жұмыстан шығуға арыз жазып тапсыру *hand sb off (BrE) (also straight-arm, stiff-arm both NAmE) (спортта) қарсылас ойыншыны қос қолдап итеріп жіберу *hand sth on (to sb) біреуге табыстау, беру, өткізу (syn: pass on) *hand sth out (to sb) a) таратып беру, үлестіру (syn: distribute) ¨Could you hand these books out, please? – Мына кітапты таратып берші? ¨She handed out medals and certificates to the winners. – Ол жеңімпаздарға медальдар мен куәліктерді табыс етті. b) (informal) кеңес беру; жазалау ¨He's always handing out advice to people. – Ол жұртқа ақыл айтқыш/айтады да жүреді. *hand over (to sb)/hand sth over (to sb) билікті, жауапкершілікті басқа біреуге өткізіп беру ¨She resigned and handed over to one of her younger colleagues. – Ол отставкаға кетіп, қызметін жастау әріптестерінің біріне берді. ¨He finally handed over his responsibility for the company last year. – Ол өзінің компанияға жауапкершілігін өткен жылы біржола(та) өткізіп берді. *hand sb over to sb біреуді телефон желісіндегі басқа біреумен қосу ¨I'll hand you over to my boss. – Сізді бастығыммен қосамын. *hand sb/sth over (to sb) бірнәрсені не біреуді табыс ету, өткізіп беру ¨He handed over a cheque for $200 000. – Ол $200 000-лық чек табыс етті. ¨They handed the weapons over to the police. – Олар қаруларын полицияға өткізді.