hang [hæŋ] A.v (pt, pp hung [hʌŋ]) 1.ілу, асу, жаю ¨~ sth Hang your coat on the hook. – Киіміңді ілгекке іл(гін). ¨~ sth up Shall I hang your coat up? – Киіміңді ілейін бе? ¨~ sth (out) (BrE) Have you hung out the washing? – Кірді жайдың ба? ¨(NAmE) Have you hung the wash? – Кірді жайдың ба? ¨There were several expensive suits hanging in the wardrobe. – Шифонерде бірнеше қымбат костюм ілініп тұрды. 2. салбырап тұру ¨Her hair hung down to her waist. – Шашы беліне дейін түсіп тұрды. ¨He had lost weight and the suit hung loosely on him. – Біраз арықтап, костюмі салбырап тұрды. 3.салбырап тұру, салақтау, асылып тұру ¨The dog's tongue was hanging out. – Иттің тілі салақтап тұрды. ¨Children hung over the gate. – Балалар қақпаға асылып тұрды/жатып алыпты. ¨A cigarette hung from her lips. – Ернінен темекі салбырап тұрды. ¨~ sth She hung her head in shame. – Ұялғаннан басын салбыратты. 4. (pt, pp hanged) ~ (sb/yourself) дарға асу, асып өлтіру ¨He was the last man to be hanged for murder in this country. – Ол кісі өлтіргені үшін дарға асылған елдегі соңғы адам болды. ¨She had committed suicide by hanging herself from a beam. – Ол өзін белағашқа асып өлтіріпті. ¨At that time you could hang for stealing. – Ол кезде ұрлағаны үшін дарға асатын. 5. ~ (sth) суретті ілу ¨We hung her portrait above the fireplace. – Оның портретін каминнің/пештің үстіне ілдік. ¨Several of his paintings hang in the Tate Gallery. – Оның бірнеше картинасы Тейт галереясына ілінген. 6. ~ sth with sth суреттермен, картиналармен безендіру ¨The rooms were hung with tapestries. – Бөлмелерде гобелендер ілулі тұрды. 7. ~ sth тұсқағаздарды, обоиларды қабырғаға жапсыру 8. ~ sth есікті, қақпаны бағанға орнату 9. аспанда қалқу, төну ¨Smoke hung in the air above the city. – Түтін қала үстінде қалқыды. 10.(idm) *hang sth (BrE, informal) алаңдамағанды, елемегенді ¨Oh, let's get two and hang the expense! – Жә, екеуін алайық, ақшасын ойламай-ақ қой! *hang a left/right (NAmE) солға/оңға бұрылу *hang by a hair/thread (өмірі) өте қауіпті жағдайда болу *hang (on) in there (informal) тайсалмау, қайсарлық көрсету *hang on sb's words/on sb's every word біреудің әр сөзін зейін қоя тыңдау *hang tough (NAmE) бел буу, бекіну; қайтпау, айнымау *let it all hang out (informal) пікірін еркін, қымсынбай білдіру 11. (phr v) *hang about (BrE, informal) a) төңіректе болу, айналада жүру ¨kids hanging about in the streets – көшеде жүрген балалар b) бірнәрсемен айналысып жату ¨I can't hang about - the boss wants to see me. – Бұл жерде көп бола алмаймын – бастық шақырып жатыр. c) (informal) тұра тұр(шы), тоқтай тұр(шы), кідірші дег мағ ¨Hang about! There's something not quite right here. – Тұра тұршы! Мына жерде бір гәп бар! *hang about with sb (BrE) (NAmE hang with sb) (informal) біреумен көп уақыт өткізу *hang around (…) (informal) төңіректе болу, айналада жүру ¨You hang around here in case he comes, and I'll go on ahead. – Сен осында бола тұр: ол келіп қалса (оның келіп қалуы да мүмкін), ал мен жүре/бастай берейін. *hang around with sb (informal) біреумен көп уақыт өткізу *hang back бір жерден кетпеу, бір жерде қалу, тұра тұру *hang back (from sth) кібіртіктеу, жүрексіну, іркілу ¨I was sure she knew the answer but for some reason she hung back. – Оның не деп жауап беретінін білгеніне шүбәм жоқ, алайда бір себептерге байланысты ол іркілді. *hang on a) мықтап, жармаса ұстау ¨Hang on tight - we're off! – Мықтап ұста – құлап бара жатырмыз! ¨The team hung on for victory. – Команда жеңісті уысынан шығармады/қанша қиналса да жеңді. b) (informal) тұра тұр(шы), тоқтай тұр(шы), кідірші дег мағ ¨Hang on - I'm not quite ready. – Тұра тұршы – әлі онша дайын емеспін. ¨Now hang on a minute. – Бір сәтке тұра тұршы. ¨Hang on - I'll just see if he's here. – Тоса тұршы – ол орнында ма тексерейін. c) күту, тосу ¨I haven't heard if I've got the job yet - they've kept me hanging on for days. – Жұмысқа мені алғаны жайлы естімедім – олар мені бірнеше күн күттіріп қойды. *hang on sth бірнәрсеге байланысты, тәуелді болу ¨A lot hangs on this decision. – Бұл шешімге көп нәрсе байланысты. *hang on to sth a) мықтап, жармаса ұстау ¨Hang on to that rope and don't let go. – Ана арқаннан мықтап ұста – жіберіп алма. b) (informal) бірнәрсені сақтау ¨Let's hang on to those old photographs - they may be valuable. – Ана көне фотографияларды сақтайық – қажеті болып қалатын шығар. *hang out (informal) бір жерде көп уақыт өткізу ¨The local kids hang out at the mall. – Жергілікті балалар супермаркеттен шықпайды. *hang sth out (especially BrE) кір жаю; ту ілу, желбірету ¨Have you hung the washing out? – Кірді жайдың ба? ¨They hung out banners that said ‘Stop the war!’ – Олар «Соғысты тоқтат!» деген баннер ілді. *hang over sb қауіптің астында болу, қауіп төніп тұру ¨The possibility of a court case is still hanging over her. – Оны әлі де сотқа тартуы мүмкін. *hang together a) үйлесу, қабысу, бірдей болу, ұқсау ¨Their accounts of what happened don't hang together. – Олардың не болғаны жайлы айтқандары бір-бірімен қабыспайды/бір-біріне ұқсамайды. b) бірін-бірі демеу, жәрдемдесу *hang up телефонды қою, телефонмен сөйлесуді аяқтау ¨After I hung up I remembered what I'd wanted to say. – Телефонды қойғаннан кейін не айтқым келгені есіме түсті. *hang sth up (informal) жұмысты, кәсіпті соңғы рет істеу ¨Ruth has hung up her dancing shoes. – Рут билеуін қойды/бишілікті тастады. *hang up on sb (informal) телефондағы әңгімені үзе салу, телефонды қоя салу ¨Don't hang up on me - we must talk! – Қойма телефонды – сөйлесуіміз керек! *hang with sb (NAmE) (BrE hang about with sb) (informal) біреумен көп уақыт өткізу B.n 1.салбырау(шылық), ілініп тұру ¨Small weights sewn into the hems will improve the hang of your curtains. –Етегіне шағын салмақты нәрселер тіксе перде жақсы (ілініп) тұрады. 2. (idm) *get the hang of sth (informal) үйрену, істің қырын білу ¨It's not difficult once you get the hang of it. – Үйреніп алғаннан соң қиын болмайды. ¨I can't seem to get the hang of this game. – Бұл ойынды ұға алатын түрім жоқ. ¨I never got the hang of negative numbers. – Теріс сандарды/цифрларды түсіне алмай-ақ қойдым.