happy [ˈhæpi] adj (happier, happiest) 1.бақытты, шат, қуанышты, құтты ¨a happy smile/face – шат күлкі/жүз ¨You don't look very happy today. – Бүгін жүзіңде бір кірбің бар сияқты ғой. ¨~ to do sth We are happy to announce the engagement of our daughter. – Қызымыздың атастырылғанын/Қызымызға үкі тағылғанын жария етуге қуаныштымыз. ¨~ for sb I'm very happy for you. – Сен үшін қуаныштымын. ¨~ (that)… I'm happy (that) you could come. – Келе алғаныңа қуаныштымын. 2.бақытты (ететін), қуантатын, шаттандыратын ¨a happy marriage/memory/childhood – құтты тұрмыс (бақытты отау)/есте қалған қуанышты сәттер/бақытты балалық шақ ¨The story has a happy ending. – Әңгіме қуанышпен бітеді. ¨Those were the happiest days of my life. – Ол менің ең бақытты күндерім еді. 3. ¨Happy Birthday! – Туған күнің(із) құтты болсын! ¨Happy New Year! – Жаңа жылың(ыз) құтты болсын! 4.риза ¨~ (with sb/sth) Are you happy with that arrangement? – Ол жоспарға ризамысың(ыз)? ¨I'm not happy with his work this term. – Бұл семестрдегі/кезеңдегі оның жұмысына көңлім толмайды. ¨She was happy enough with her performance. – Ол өз ісіне өзі риза болды. ¨~ (about sb/sth) If there's anything you're not happy about, come and ask. – Бәрнәрсеге көңлің толмаса, кел де сұра(ғын). ¨I'm not too happy about her living alone. – Оның жалғыз тұратыны маған ұнамайды. ¨I said I'd go just to keep him happy. – Оны ренжітпеу үшін ғана барамын дедім ғой. 5. ~ to do sth (formal) риза, ниетті ¨I'm happy to leave it till tomorrow. – Ертеңге дейін қалдыра тұруға еш қарсылығым жоқ. ¨He will be more than happy to come with us. – Бізбен баруға ол қуанатын болады. 6.жолы болған; олжалы (syn: fortunate) ¨By a happy coincidence, we arrived at exactly the same time. – Жолымыз болып, тура сол уақытта келіппіз. ¨He is in the happy position of never having to worry about money. – Ол ақша жайлы уайымдамайтын мамыражай халде. 7. (formal) лайықты, орынды (сөздер, тсс) ¨That wasn't the happiest choice of words. – Ол сөздер сәл ағаттау болды. 8. (idm) *a happy event сәбилі болу *a/the happy medium «орта жол», байсалды көзқарас ¨She tried to strike a happy medium between making the questions too hard and making them too easy. – Ол сұрақтар тым қиын немесе тым жеңіл болмайтын орта жол табуға тырысты. *not a happy bunny (BrE) (NAmE not a happy camper) (informal) жағдайға көңлі толмаған ¨She wasn't a happy bunny at all. – Ол ренжулі еді. *many happy returns (of the day) туған күнің құтты болсын дег мағ