harass [ˈhærəs; həˈræs] v 1. ~ sb қысым көрсету, иықтау, шеттету, қудалау, артына түсу ¨He has complained of being harassed by the police. – Ол өзін полицияның иықтағанын/қудалағанын айтып шағымданды/Ол артына полицияның түсіп алғанын айтып шағымданды. ¨She claims she has been sexually harassed at work. – Ол жұмыста әйелдік арына қол сұқпақ болып қудалады дейді/Ол жұмыста нәпсіқұмарлықпен қудаландым дейді. 2. ~ sb/sth (жауды) өкшелей қуу, қудалау (syn: harry) ¨Our convoys are being continually harassed by enemy submarines. – Конвойларымызды жау сүңгуір кемелері тыным бермей өкшелеуде. ¨Greenpeace has been harassing whaling operations at sea. – Гринпис теңіздегі кит аулау операцияларының артына түсуде.