hard [hɑːd] A.adj (~er, ~est) 1.қатты (opp: soft) ¨Wait for the concrete to go hard. – Бетон/Цемент кепсін/кебе түссін. ¨a hard mattress – қатты матрац ¨Diamonds are the hardest known mineral. – Гауһар/Бриллиант – белгілі минералдардың ішіндегі ең қаттысы. 2.қиын, күрделі, ауыр (syn: tough) (opp: easy) ¨a hard choice/question – қиын таңдау/сұрақ ¨~ to do sth It is hard to believe that she's only nine. – Оның небәрі тоғызда екеніне сену қиын. ¨It's hard to see how they can lose. – Олардың жеңіле қоюы қиын сияқты. ¨‘When will the job be finished?’ ‘It's hard to say.’ – «Мына жұмыс қашан бітеді?» «Кім біліпті». ¨I find his attitude very hard to take. – Оның бұл қылығына адам түсініп болмайды. ¨We're finding reliable staff hard to come by. – Сенімді қызметкерлерді таба алмай қиналудамыз. ¨You are hard to please, aren't you? – Сенің көңліңді табу қиын, солай емес пе? ¨~ for sb (to do sth) It's hard for old people to change their ways. – Қарт адамдардың дағдысын өзгерту қиын. ¨It must be hard for her, bringing up four children on her own. – Төрт баланы жалғыз өзі өсіру ол үшін қиын/ауыр болуы тиіс. ¨Times were hard at the end of the war. – Соғыстың соңында/соңына қарай жағдай ауыр болатын. ¨She's had a hard life. – Өмірі ауыр болды. ¨It's hard work shovelling snow. – Қар күреген - ауыр жұмыс. ¨I've had a long hard day. – Бүгін ертелі бері тыным таппадым. ¨This season has been a hard slog. – Бұл маусым күйкі тірлікке толы болды. ¨They had put in hours of hard graft. – Олар сағаттап ауыр жұмыс істеді. 3.аянбайтын, тынымсыз, еңбекқор ¨She's a very hard worker. – Ол – өте еңбекқор. ¨He's hard at work on a new novel. – Ол жаңа романын бас алмай жазуда. ¨When I left they were all still hard at it. – Мен кеткенде олар тынбай істеп жатқан (болатын). 4.қатты, күшін аямай ¨He gave the door a good hard kick. – Ол есікті аямай тепті. ¨a hard punch – қатты соққы 5.қатты, қытымыр, суық (кісі) ¨My father was a hard man. – Әкем қатал кісі еді. ¨She gave me a hard stare. – Ол маған безірейе қарады. ¨His voice was hard. – Даусы қатқылданып тұрды. ¨He said some very hard things to me. – Ол маған ауыр сөздер айтты. 6. (informal) өжет, батыл, мықты ¨Come and get me if you think you're hard enough. – Мықтымын десең маған көрсетші өнеріңді. ¨You think you're really hard, don't you? – Соншама мықтымын деп ойлайсың ғой, ә? 7.нақты, анық ¨Is there any hard evidence either way? – Не болса да нақты айғақ бар ма? ¨The newspaper story is based on hard facts. – Газет әңгімесі нақты фактілерге сүйенген. 8.аяз, өте суық, қатты ¨It had been a hard winter. – Ол қыс қатты болды. ¨There was a hard frost that night. – Ол түнгі аяз қатты болды. 9.арақ, алкоголі қатты, ауыр (спиртті ішімдік) ¨hard liquor – арақ ¨(informal) a drop of the hard stuff – бір тамшы арақ 10.ауыр, қою, кермек (су) (opp: soft) ¨a hard water area – кермек сулы жер ¨Our water is very hard. – Суымыз - өте ауыр. 11. (idm) *be hard on sb/sth a)біреуге қатты болу, аямау ¨Don't be too hard on him - he's very young. – Оған тым қатты болма – ол әлі жас. b)қиын, ауыр болу ¨It's hard on people who don't have a car. – Машинасы жоқ адамдарға қиын. c)зиян, ауыр ¨Looking at a computer screen all day can be very hard on the eyes. – Күні бойы компьютерге қарап отырғанның/отырудың көзге зияны ауыр болуы мүмкін. *drive/strike a hard bargain қатты, беріспей саудаласу *give sb a hard time біреудің жағдайын қиындату, біреуді қинау ¨They really gave me a hard time at the interview. – Интервью/Сұхбат кезінде мені шынымен де қинады. *hard and fast өзгертуге болмайтын ¨There are no hard and fast rules about this. – Бұған қатысты өзгертуге болмайтын ереже жоқ. ¨This situation isn't hard and fast. – Жағдай оңтайлауға келеді. *(as) hard as nails «шегедей қатты», безбүйрек, қатып қалған *hard cheese (BrE, informal) «қатты ірімшік», қиын екен, дұрыс болмапты дег мағ ¨This is the only food we have left, and if you don't like it, hard cheese. – Біз қалдырған тағам осы ғана; жақтырмасаң, не шара бар. ¨It's hard cheese for the unskilled worker these days. – Біліктілігі жоқ жұмысшыға бұл күндері қиын. *hard going түсінуге қиын; күшендіретін ¨I'm finding his latest novel very hard going. – Оның соңғы романы, меніңше, қиынырақ сияқты. *hard luck/lines (BrE) өкінішті, әттеген-ай, қап ¨‘Failed again, I'm afraid.’ ‘Oh, hard luck.’ – «Тағы да болмады ма деп қорқамын». «Қап, әттеген-ай». *the hard way таяқ жеп (жүріп) үйрену, қинала үйрену ¨She won't listen to my advice so she'll just have to learn the hard way. – Айтқанымды тыңдамайды, енді қинала жүріп үйренеді дағы. *make hard work of sth артық уақыт, күш жұмсау *no hard feelings көңліне алмау, реніші болмау ¨It looks like I'm the winner again. No hard feelings, Dave, eh? – Тағы да жеңгенге ұқсаймын ғой. Реніш болмасын, Дейв, ә? *play hard to get (informal) бұлдану, әулиесу, бәлдену, бәлсіну, кекірею, керігу, міндетсу, шікірею, шіреу ¨I know he has no appointments tomorrow; he's just playing hard to get. – Оның ертең кездесулерінің жоқ екенін білемін; әшейін бұлданғаны/бәлсінгені ғой. *too much like hard work көп күш қажет ететін ¨I can't be bothered making a hot meal - it's too much like hard work. – Ыстық тамақ жасап әуре болмаймын – пысынайтын шама жоқ. B.adv (~er, ~est) 1.аянбай, барын сала; қинала ¨to work hard – аянбай еңбектену ¨You must try harder. – Біраз күш саулға тиістісің. ¨She tried her hardest not to show how disappointed she was. – Ренішін жасырып бақты. ¨Don't hit it so hard! – Соншама ұрма! ¨He was still breathing hard after his run. – Жүгіріп келгеннен соң ол әлі де ентігіп тұрды. ¨Our victory was hard won. – Жанталасып жатып жеңдік. 2.өте қатты, соншама ауыр ¨(figurative) Small businesses have been hit hard/hard hit by the recession. – Тоқырау шағын кәсіпорындарды оңдырмады. 3.өте мұқият; егжей-тегжейлі ¨to think hard – терең ойлану ¨We thought long and hard before deciding to move house. – Көшерден бұрын ұзақ әрі мұқият ойландық. 4.қатты, күн ұзаққа ¨It was raining hard when we set off. – Жолға шыққанымызда жаңбыр қатты жауып тұрды. 5.кілт, бірден, күрт ¨Turn hard right at the next junction. – Келесі қиылыста кілт оңға бұрыл. 6.(idm) *be/feel hard done by (informal) өгейсіту, жатша қарау; көңіл бөлмеу, қалай болса солай қарау, итеру ¨She has every right to feel hard done by - her parents have given her nothing. – Өзін жетім қозыдай/Ол өзіне жатша қарағандай сезінді – әке-шешесі дым да бермеді. *be hard pressed/pushed to do sth/be hard put (to it) to do sth қиын жағдайға тап болу ¨He was hard put to it to explain her disappearance. – Ол оның жоғалғанын түсіндіре алмай қиналды. ¨You’d be hard pressed to find anyone better for the job. – Бұл жұмысқа жақсырақ адам іздеп қиналасың. *be hard up for sth кенде болу, мардымсыз болу, жарымау ¨We're hard up for ideas. – Идеяға жарымай жатырмыз. *hard on sth бірден, іле-шала ¨His death followed hard on hers. – Ол оның артынан әле-шала қайтыс болды. *take sth hard күйзелу, тұралау ¨He took his wife's death very hard. – Әйелінің өлімі оны тұралатып тастады.