hard-charging adj тегеурінді, адуынды, дес бермес, арындаған; шыңдалған, төселген, шыныққан ¨He changed from a goofy kid to a hard-charging soldier. – Ол лақтай баладан шыңдалған/тегеурінді жауынгерге айналды. ¨the hard-charging spirit of the battalion – батальонның тегеурінді рухы ¨He's still the same hard-charging man of action. – Ол баяғы(сынша) арындаған әрекет адамы. ¨He was laughed at by the more masculine, hard-charging players. – Оған дене бітімі толысқан, тегеурінді ойыншылар күлді. ¨She was known for her hard-charging work ethic and upbeat attitude. – Ол өзінің адуынды жұмыс этикасы және іске деген зор ынтасымен белгілі болған.