hardly [ˈhɑːdli] adv 1.жоқ дерлік, болмашы ¨There's hardly any tea left. – Шай қалмапты десе де болады/Шай қалмаған-ау. ¨Hardly anyone has bothered to reply. – Ешкім жауап беруді ойламады десе де болады/Жауап беру ешкімнің ойына да кіріп-шықпады-ау. ¨She hardly ever calls me. – Ол маған телефон шалмайды десе де болады/шалады дейсің бе/шалушы ма еді. ¨We hardly know each other. – Біз бір-бірімізді білмейміз де. ¨Hardly a day goes by without my thinking of her. – Оны ойламай бір күн де тұра алар ма екенмін. ¨At the time, I hardly spoke any French. – Ол уақытта французша білмедім десе де болады. ¨There was hardly a cloud in the sky. – Аспанда бір шөкім де бұлт болмады-ау/болмаған шығар. 2.әрең, әупірімдеп, әзер, зорға, (бірдеңе істей) жаздай ¨I can hardly keep my eyes open. – Көзімді зорға ашамын. ¨I could hardly believe it when I read the letter. – Хатты оқығанда бұған сенер-сенбесімді білмедім. 3.енді ғана басталды, болды дег мағ ¨We can't stop for coffee now, we've hardly started. – Кофе ішерлік уақыт жоқ, енді ғана бастадық қой. ¨We had hardly sat down to supper when the phone rang. – Кешкі асқа отырғанымыз сол екен/енді отырғанда, телефон шыр ете қалды. ¨(formal) Hardly had she spoken than she regretted it bitterly. – Сөйлемей жатып сан соқты. 4.олай бола қоймас, неғайбыл дег мағ ¨He is hardly likely to admit he was wrong. – Қате кеткенін ол мойындай қоймас. ¨It's hardly surprising she was fired; she never did any work. – Оның жұмыстан шығарылғанына таңғалатын ештеңе жоқ; ешқашан ештеңе істеген емес. ¨It's hardly the time to discuss it now. – Қазір оны сөз қылатын уақыт емес-ау. ¨You can hardly expect her to do it for free. – Бұны ол тегін істей қояды деп ойлама. ¨Well, hardly. – Жоқ, әрине. ¨He's 24 - hardly a baby. – Ол жиырма төртте – бала болудан қалған.