harm [hɑːm] A.n 1.зиян, залал, кесел ¨He would never frighten anyone or cause them any harm. – Ол ешкімге дауыс көтермейді де, зияны да тимейді. ¨He may look fierce, but he means no harm. – Одырая көрінгенімен зияны/зілі жоқ. ¨The court case will do serious harm to my business. – Сот кәсібіме/бизнесіме әжептәуір зиянын тигізеді. ¨The accident could have been much worse; luckily no harm was done. – Оқиға әлдеқайда жаман болар еді; құдай оңлап ешбір зиян болмады. ¨Don't worry, we'll see that the children come to no harm. – Уайымдама(ңыз-дар), балаларға бас-көз боламыз. ¨I can't say I like Mark very much, but I don't wish him any harm. – Маркты пәлендей жақсы көремін деп айта алмаспын, дегенмен (де) оған еш жамандық тілемеймін. ¨Hard work never did anyone any harm. – Бейнеттің ешкімге зияны тиген емес. ¨Look, we're just going out for a few drinks, where's the harm in that? – Тыңда/Бері қара, сәл-пәл ішпекпіз, одан келер не зиян бар/не бүліне қояр дейсің? ¨The treatment they gave him did him more harm than good. – Олардің емінің пайдасынан зияны көп болды. 2. (idm) *it wouldn't do sb any harm (to do sth) одан оған келер еш зиян жоқ ¨It wouldn't do you any harm to smarten yourself up. – Ақылдырақ болғанның еш зияны жоқ. *no harm done (informal) ештеңе бүлінбеді, бүлінген ештеңе жоқ ¨Forget it, Dave, no harm done. – Жә, Дейв, бүлінген ештеңе жоқ. *out of harm's way пәледен аулақ, қауіптен әрі ¨She put the knife in a drawer, out of harm's way. – Пышақты тартпаға қойды, пәледен аулақ. ¨I prefer the children to play in the garden where they're out of harm's way. – Балалардың бақшада ойнағанын қалаймын; ештеңеге ұрынбайды. *there is no harm in (sb's) doing sth/it does no harm (for sb) to do sth одан келер зиян жоқ ¨He may say no, but there's no harm in asking. – Ол жоқ дер, бірақ сұрағанда тұрған ештеңе жоқ. ¨It does no harm to ask. – Сұрағанда тұрған ештеңе жоқ/Сұраған айып емес. B.v ~ sb/sth зиян келтіру, зиянкестік істеу, қастық істеу, бүлдіру, кеселі тию ¨He would never harm anyone. – Ол ешкімнің ала жібін аттаған емес/Оның ешкімге зияны тиген емес. ¨Pollution can harm marine life. – Ластану теңіз тіршілігін бүлдіруі мүмкін. ¨These revelations will harm her chances of winning the election. – Бұл әңгімелер оның сайлауда жеңіп шығуына кеселін тигізетін болады.