hassle [ˈhæsl] A.n (informal) 1.әбігерлік, әлек, әуре, машақат, сарсаң, сергелдең ¨It's a hassle having to travel with so many bags. – Соншама сөмкемен жол жүрсең әбігер/әлек боласың. ¨Send them an email - it's a lot less hassle than phoning. – Оларға э-почта/э-мейл/электронка жіберсеңші – телефон шалып әлек болғанша, сол дұрыс. ¨legal hassles – қағаздарды заңға сай реттеп әбігерлену, хұқықтық шапқылас 2.айтыс, айтыс-тартыс, керісу ¨Do as you're told and don't give me any hassle! – Саған қалай айтылса, солай істе – менімен керіспе! ¨Try not to get into a hassle with this guy. – Мына жігітпен керісіп қалмашы. B.v ~ sb (for sth/to do sth) (informal) мазаны алу, миды жеу, әурелеу, әлекке салу (syn: bother) ¨Don't keep hassling me! I'll do it later. – Мені әлекке салмашы/әурелей бермеші! Кейінірек істеймін. ¨Your brother's been hassling me for cash. – Бауырың менен ақша сұрап қоймады.