hate [heɪt] A.v 1.жек көру, жеккөру, жаны сүймеу, суқаны сүймеу, өш болу, қас болу ¨~ sth I hate spinach. – Саумалдықты (шпинат) жеккөремін. ¨I hate Monday mornings. – Дүйсенбі күнгі таңды жеккөремін. ¨I hate it when people cry. – Кісілердің/Жұрттың жылағанын жек көремін. ¨He hated it in France. – Франциядағы тұрмысты/өмірді жеккөрді/жеккөретін. ¨I hate the way she always criticizes me. – Мені сынай/Маған тиісе беретінін жеккөремін. ¨~ doing sth She hates making mistakes. – Қателескенді жеккөреді. ¨I hate coming home late. – Кеш келгенді жаным сүймейді. ¨~ to do sth He hated to be away from his family. – Жанұясынан алыс жүргенді ол жеккөрді. ¨She's a person who hates to make mistakes. – Ол - қателескенді жеккөретін адам. ¨I hate to think what would have happened if you hadn't been there. – Ол жерде болмағаныңда не болатынын ойлағым да келмейді. ¨~ sb/sth doing sth He hates anyone parking in his space. – Біреу-міреудің өз орнына машинасын қойғанын суқаны сүймейді. ¨~ sb/sth to do sth She would have hated him to see how her hands shook. – Қолдарының қалай дірілдейтінін оған мүлде көрсеткісі келген жоқ. ¨I'd hate anything to happen to him. – Оған бірнәрсе болмаса екен деп тілеймін. ¨~ sb/yourself The two boys hated each other. – Екі бала бір-бірін сұмдық жеккөрді/бір-біріне өш/қас еді. ¨He was her most hated enemy. – Ол оның өлердей жауы еді. ¨Sometimes I really hate him. – Кейде оны шынымен де жеккөремін. ¨~ sb/yourself for sth/for doing sth I hated myself for feeling jealous. – Қызғанғаныма/Қызғанғаным үшін өзімді өзім жеккөрдім. 2. ~ to do sth айтқым-ақ келмейді/келіп тұрған жоқ ¨I hate to say it , but I don't think their marriage will last. – Айтқым-ақ/Айтқым да келмейді, олардың некесі ұзаққа барады/олар ұзақ отасады деп ойламаймын ¨I hate to trouble you, but could I use your phone? – Мазаңды алғым келмеп еді, телефоныңды қолдансам бола ма? 3. (idm) *hate sb's guts (informal) біреуді өлердей жеккөру, біреуге өш/қас болу B.n 1.жеккөру(шілік), өшпенділік, өштік, қастық (syn: hatred) ¨a look of hate – өштене қарас ¨a hate campaign – өшпенділік науқаны ¨hate mail – өшпенді хаттар ¨a strange relationship built on love and hate – махаббат пен өшпенділіктен құралған біртүрлі қатынас 2. (informal) жеккөретін адам я нәрсе ¨Plastic flowers have always been a particular hate of mine. – Пластик/Пластмасса гүлдерді қашан да жақтырмайтынмын.