haul [hɔːl] A.v 1.сүйреу, тарту ¨~ sth/sb The wagons were hauled by horses. – Күймелерге аттар жегіліпті/Күймелерді аттар сүйреді. ¨~ sth/sb He reached down and hauled Liz up onto the wall. – Ол төменге жетіп, Лизді қабырғаға тартып шығарды. ¨The car was hauled out of the river. – Машинаны өзеннен тартып шығарды. ¨fishermen hauling in their nets – ауларын тартып жатқан балықшылар 2. ~ yourself up/out of, etc. «өзін сүйрету», үзіліп-созылып қозғалу ¨She hauled herself out of bed. – Ол төсектен әрең тұрды/Төсектен өзін сүйреп тұрғызғанды. ¨He hauled himself up. – Еңсесін тіктеді. 3. ~ sb (желкелеп, күштей) апару ¨A number of suspects have been hauled in for questioning. – Бірнеше күдіктіні тергеуге алып келді. ¨He was hauled off to jail. – Оны абақтыға тықты. 4. ~ sb (up) before sb/sth (сотқа) шақыру ¨He was hauled up before the local magistrates for dangerous driving. – Қауіпті айдағаны үшін оны жергілікті сотқа шақырды. 5. (idm) *haul sb over the coals (BrE) (NAmE rake sb over the coals) қатты сынау, ащы сынға алу, ұрсу ¨I was hauled over the coals by my boss for being late. – Кешіккенім үшін бастығым оңдырмай ұрысты. B.n 1.ауға түскен/ауланған балық ¨The fishermen had a good haul. – Балықшылар әжептәуір балық аулады. 2.көп мөлшердегі ұрланған не заңсыз нәрселер ¨a haul of weapons – тең-тең заңсыз қару-жарақ ¨a drugs haul – бір тең/қоржын есірткі 3. (спортта) көп ұпай, гол, т.с.с. ¨His haul of 40 goals in a season is a record. – Оның бір маусымда 40 гол салуы – рекорд. 4.қашықтық ¨They began the long slow haul to the summit. – Олар тау шыңына ұзақ әрі баяу жылжуды бастады. ¨Our camp is only a short haul from here. – Қосымыз/Лагеріміз жап-жақын жерде орналасқан. ¨Take the coast road - it'll be less of a haul. – Жағамен жүр – жеңіл болады.