have [həv; əv; strong form hæv] A.v (he/she/it has [həz; əz; hæz], pt, pp had [həd; əd; hæd]) 1. (also have got) иелену, (біреуде бірнәрсе) бар болу; белгілі бір күйде болу ¨He had a new car and a boat. – Оның жаңа машина мен қайығы бар болатын/Онда жаңа машина мен қайық бар еді. ¨Have you got a job yet? – Жұмысқа тұрдың ба?/Жұмысты болдың ба? ¨I don't have that much money on me. – Өзіммен андағындай көп ақша жоқ. ¨She's got a BA in English. – Ағылшыннан BA (деген баға) алды. ¨In 2008 the party had 10 000 members. – 2008 жылы партияда 10 мың мүше бар еді/партияның 10 мың мүшесі бар еді. ¨~ sth The ham had a smoky flavour. – Шошқа етінде/Ветчинада түтін дәмі болды. ¨The house has gas-fired central heating. – Үйде газбен жанатын орталық жылу бар. ¨They have a lot of courage. – Олар - өте өжет/Олардың бойы жігерге толы. ¨~ sth He's got a front tooth missing. – Оның алдыңғы/күрек тісі жоқ. ¨Surely she didn't have the nerve to say that to him? – Оған оны айтуға оның дәті бармады. ¨He's got three children. – Оның үш баласы бар. ¨Do you have a client named Peters? – Питерс деген клиентің(із) бар ма? ¨Have you got time to call him? – Оны шақыратын уақтың бар ма? ¨We have no choice in the matter. – Бұл істі біз шешпейміз. ¨We have a duty to care for the refugees. – Босқындарға қамқор болатын міндетіміз бар. ¨~ sth I've got a lot of homework tonight. – Бүгін кешке көп үй тапсырмасын орындауым керек/Бүгінге үй тапсырмам көп. ¨~ sth to do I must go - I have a bus to catch. – Кетуге тиіспін – автобусқа отыруым керек. ¨He had the strong impression that someone was watching him. – Біреу өзіне барлай қарап тұрғандай сезінді. ¨We've got a few ideas for the title. – Тақырып жөнінде бірнеше ойымыз бар. ¨I've got a headache. – Басым ауырып тұр. ¨I went to a few parties and had a good time. – Бірнеше сауық-кешке барып, көңіл көтердік. ¨I was having difficulty in staying awake. – Көзім іліне беріп қиналдым. ¨She'll have an accident one day. – Бір күні бірнәрсеге ұрынады. 2. (also have got) (қолымен) ұстау ¨She'd got him by the collar. – Оны(ң) жағасынан алды. ¨He had his head in his hands. – Қолына басын салған/қойған. 3.белгілі бір күйде, қалыпта болу ¨Mary had her back to me. – Мәри маған арқасын беріп тұрды. ¨I soon had the fish in a net. – Біраздан соң балықты торға/ауға түсірдім. 4.ұйымдастыру, өткізу ¨Let's have a party. – Бір кеш өткізейік/Думандатайық. 5. ~ sth жеу, ішу, темекі тарту ¨to have breakfast/lunch/dinner – таңғы ас/түскі ас/кешкі ас ішу ¨I'll have the salmon. – Албырт (лосось) жеймін. ¨I had a cigarette while I was waiting – Күтіп отырған кезде темекі тарттым. 6. ~ sth істеу, әрекеттену ¨I had a swim to cool down. – Салқындау үшін жүздім. ¨(BrE) to have a wash/shower/bath – жуыну/душқа түсу/ваннаға түсу 7. ~ sb/sth босану, туу; пайда болғызу, жарату ¨She's going to have a baby. – Ол балалы болады. 8.~ sth ықпалы болу, әсер ету ¨His paintings had a strong influence on me as a student. – Студент кезімде оның суреттері/ картиналары маған үлкен әсер етті. ¨The colour green has a restful effect. – Жасыл түстің тынықтыратын әсері бар. 9.~ sth (хат, тсс) алу ¨I had a letter from my brother this morning. – Бауырымнан бүгін таңертеңгісін хат алдым. ¨Can I have the bill, please? – Маған счетты бересіз бе? ¨~ sth doing sth We have orders coming in from all over the world. – Дүниенің әр тұсынан заказ/тапсырыс алудамыз. 10. ~ sth (ем, тсс) алу ¨I'm having treatment for my back problem. – Арқама ем алудамын. ¨How many driving lessons have you had so far? – Әзірге қанша машина айдау сабағын алдың(ыз)? 11. ~ sth done ¨She had her bag stolen. – Сумкасын ұрлатып алды. ¨You've had your hair cut! – Шашыңды жасатыпсың ғой! ¨We're having our car repaired. – Машинамызды жөндетіп жатырмыз. 12.істету; айту ¨~ sb do sth He had the bouncers throw them out of the club. – Ұрдажықтарға/Күзетшілерге айтып оларды клубтан шығартып тастады. ¨(informal) I'll have you know I'm a black belt in judo. – Дзюдодан қара белбеуім бар деп айтып тұрмын ғой саған. ¨~ sb She's always having the builders in to do something or other. – Ол ылғи құрылысшылар әкеліп жатады. 13.көну, шыдау ¨~ sth I'm sick of your rudeness - I won't have it any longer! – Ожарлығыңнан/ Дөкірлігіңнен шаршадым – енді шыдамым таусылды! ¨~ sb/sth doing sth We can't have people arriving late all the time. – Кісілердің ылғи да кеш келетініне көне алмаспыз. 14.істеткізу; ықпал ету ¨~ sb/sth I want to have everything ready in good time. – Бәрінің де дер кезінде дайын болғанын қалаймын. ¨~ sb/sth doing sth He had his audience listening attentively. – Оны жиналғандар ұйи тыңдады/Ол жиналған жұртты ұйып тыңдатты. 15. (also have got) ~ sb (informal) (айтыста, пікірталаста) ыңғайсыз жағдайға қалдыру, сүріндіру ¨You've got me there. I hadn't thought of that. – Мені сүріндірдің ғой. Оны ойламап е(ді)м. 16. ~ sb (slang) жыныс қатынасына түсу, жайлау, болу, қылу ¨He had her in his office. – Кеңседе ол онымен болыпты/оны қылыпты/жайлапты/айдапты. 17. ~ sb (informal) алдау, қатыру, аузын аңқитып кету ¨I'm afraid you've been had. – Әй, осы сені қатырды-ау деймін. 18. ~ sb/sth үйіне біреулер келу ¨We're having the kids for the weekend. – Апта соңында балалар үйге келеді. 19. ~ sb қонақ қылу, қонаққа шақыру ¨We had some friends to dinner last night. – Кеше кешкісін біраз досымызды қонаққа шақырдық. 20. (also have got) ~ sb with you біреумен уақыт өткізу, болу ¨She had some friends with her. – Ол бір достарымен болды/жүрген. 21. ~ sb as sth белгілі бір жұмысқа алу, қою ¨Who can we have as treasurer? – Кімді қазынашы етсек екен? 22. (idm) *have your eye on sb [қ-з: eye A.n] *have done with sth (especially BrE) бірнәрсені доғару, аяқтау ¨Let's have done with this silly argument. – Бұл жөнсіз әңгімені жоғарайық. *have had it (informal) a) күйі өте нашар болу; жөндеуге келмеу ¨The car had had it. – Машинаның саудасы бітіпті/Машина құрып біткен екен. b) өле шаршау, мұрнынан шаншылу ¨I've had it! I'm going to bed. – Шамам жоқ! Жатамын. c) тіршіліктен үміті үзілген ¨When the truck smashed into me, I thought I'd had it. – Жүк машинасы маған соғылғанда келген/өлген жерім осы екен дедім. d) жайсыз нәрсеге тап болу, қиналатын болу ¨Dad saw you scratch the car - you've had it now! – Әкем машинаны сырғаныңды көрді – таяқ жеп алғансың-ау! e) шыдамау, төзбеу, «тою» ¨I've had it (up to here) with him - he's done it once too often. – Ол мені (желкеме дейін) тойдырды – әлгісін қайталай береді. *have it off/away (with sb) (BrE, slang) жыныс қатынасына түсу, жайлау, айдау, қылу *have it (that…) дейді, деп жүр ¨Rumour has it that we'll have a new manager soon. – Жақында жаңа бастығымыз болады дейді ғой. *have (got) it/that coming (to you) пәлеге ұшырау, сазайын тарту, жазасын алу ¨It was no surprise when she left him - everyone knew he had it coming to him. – Оның оны тастағанына таңғалатын ешнәрсе жоқ – бәрі де оған осылай боларын білген. *have it in for sb (informal) жақтырмау, дүрдию, жаратпау *have it in you (to do sth) (informal) қабілеті болу, істей алу ¨His speech was really funny - we didn't know he had it in him. – Сөзі өте көңілді шықты – онда ондай қасиет бар деп ойламаптық. ¨'You were brilliant!' he said. 'I didn't know you had it in you.' – «Керемет болдың!», деді ол. «Сенде бұндай дарын барын білмептім». ¨He has it in him to succeed. – Бойындағы қасиетінің арқасында табысқа жетті. *have (got) nothing on sb/sth (informal) (сапа ж) біреу/бірнәрсеге ілесе алмау, қалып қалу *not having any (informal) тыңдағысы я сенгісі келмеу ¨I tried to persuade her to wait but she wasn't having any. – Оны көндіргім-ақ келіп еді, бірақ тыңдамай қойды. *what have you (informal) сол сияқты нәрселер, адамдар ¨There's room in the cellar to store old furniture and what have you. – Ұрада/Подвалда ескі жиһаз және сол сияқтыларды сақтауға орын бар. 23. (phr v) *have (got) sth against sb/sth жақтырмау, ұнатпау ¨What have you got against Ruth? She's always been good to you. – Рутты неге жақтырмайсың? Саған ылғи да жақсы еді ғой. *have sb back ажырасқан жұбайына, көңілдесіне оралуға, қайтып келуге рұхсат ету *have sth back қарызға, тсс берген нәрсесін қайта алу ¨You can have your files back after we've checked them. – Біз тексеріп болғаннан соң файлдеріңді қайта ала аласың/алсаң болады *have (got) sth in бірнәрсе бар болу ¨Have we got enough food in? – Азығымыз/Ішіп-жеміміз жете ме? *have sb on (informal) біреуді әжуалау, ойнап алдау, біреуге қалжыңдап өтірік айту ¨You didn't really, did you? You're not having me on, are you? – Сен өйтпедің ғой,ә? Менімен ойнап тұрған жоқсың ғой, ә? *have (got) sth on a) кию ¨She had a red jacket on. – Үстінде қызыл жакеті болған. ¨He had nothing on. – Үстінде лыпасы жоқ еді. b) жабдықты істетіп/қосып қою, кету ¨She has her TV on all day. – Телевизорын күні бойы істетіп қойды. c) қолы тимеу/босамау ¨I can't see you this week - I've got a lot on. – Бұл жетіде сені көре алмаймын – жұмыс жетеді. *have (got) sth on sb (informal) тағар айыбы, кінәсі болу ¨I'm not worried - they've got nothing on me. – Басым қатып тұрған жоқ – олардың менен табар міні жоқ. *have sth out бірнәрсені алғызып тастау ¨I had to have my appendix out. – Соқыр ішегімді алғызып тастадым. *have sth out (with sb) мәселені реттеу ¨I need to have it out with her once and for all. – Бұл мәселені онымен біржола реттеуім керек. *have sb up (for sth) (BrE, informal) айыптал(ын)у ¨He was had up for manslaughter. – Оны кісі өлтірді деп айыптады. B.auxiliary v (өткен шақпен бірігіп перфект шақты құрайды) ¨I've finished my work. – Жұмысымды бітірдім. ¨He's gone home, hasn't he? – Ол үйіне кетті ғой, ә? ¨‘Have you seen it?’ ‘Yes, I have/No, I haven't.’ – «Оны көрдің бе?» «Иә, көрдім/Жоқ, көрмедім». ¨She'll have had the results by now. – Ол енді нәтижелерді алған болуы керек. ¨Had they left before you got there? – Сен барғанша олар кетіп қалып па/қалыпты ма? ¨If I hadn't seen it with my own eyes I wouldn't have believed it. – Өз көзіммен көрмесем, сенбес едім. ¨(formal) Had I known that I would never have come. – Білсем, келмес едім.