head [hed] A.n 1.бас ¨She nodded her head in agreement. – Ол келісе бас изеді. ¨He shook his head in disbelief. – Ол сене алмай басын шайқады. ¨The boys hung their heads in shame. – Балалар ұяттан бастарын төмен салды. ¨The driver suffered head injuries. – Жүргізуші басынан жараланды. ¨She always has her head in a book. – Ол қашан да басын кітаптан алмайды. ¨He still has a good head of hair. – Оның әлі (де) шашы қою. 2.бас, ми, ой, ес ¨I sometimes wonder what goes on in that head of yours. – Кейде басыңда/миыңда не болып жатқанын/не ойлап жүргеніңді білгім келеді. ¨I wish you'd use your head. – Басыңды/Миыңды жұмыс істетерсің деп ойлаймын. ¨The thought never entered my head. – Бұл ой басыма/ойыма кірмепті/ кірмеген екен. ¨I can't work it out in my head - I need a calculator. – Ойша шығара алмай жатырмын – маған калькулятор керек. ¨I can't get that tune out of my head. – Бұл әуенді басымнан шығара алмай қойдым. ¨When will you get it into your head that I don't want to discuss this any more! – Бұны енді әңгіме еткім келмейтінін қашан ұғасың! ¨For some reason, she's got it into her head that the others don't like her. – Неге екенін, басқалар өзін жақсы көрмейді дегенді ойына алып/миына құйып алыпты. ¨Who's been putting such weird ideas into your head? – Бұл есалаң ойларды басыңа тықпалап жүрген кім? ¨Try to put the exams out of your head for tonight. – Бір түнге емтиханды миыңнан шығарып көрші. 3. a ~ бір бас (ұзындық, биіктік) ¨She's a good head taller than her sister. – Әпкесінен/ Сіңлісінен бір бас/айтарлықтай ұзын/бойшаң. ¨The favourite won by a short head. – Мықтысы жарты басқа озды/Мықтысының тұмсығы озды. 4. (informal) бастың қоймай, солқылдай ауруы, шаншуы (syn: headache) ¨I woke up with a really bad head this morning. – Таңертең оянсам басым солқылдап тұр екен. 5.басшы, бастық, жетекші, басқарушы, бас, аға ¨the heads of government/state – үкімет(тер)/ мемлекет(тер) басшылары ¨She resigned as head of department. – Ол департамент басшылығынан (отставкаға) кетті. ¨the crowned heads of Europe – Европаның тәжді басшылары (корольдері мен королевалары) ¨the head gardener/waiter – бас/аға бағбан/күтуші (официант) ¨(BrE) the head boy/girl – мектеп өкілі (мектеп атынан сөйлейтін бала/қыз) 6. (often H~) (BrE) директор, бастық (syn: headmaster, headmistress, head teacher) ¨I've been called in to see the Head. – Мені директорға шақырыпты. ¨the deputy head – директор орынбасары 7. ~s бүк (монетаның адам я басқа суреті бар алды жағы, орысша: решка) 8. ~ (of sth) бас (шегенің, тсс) ¨the head of a nail – шегенің басы 9. ~ of sth бас, жоғарғы жақ, алды ¨at the head of the page – парақтың/беттің бас жағында ¨They finished the season at the head of their league. – Маусымды (өз) лигаларының басында аяқтады/ Маусымда лигада озып келді. 10. the ~ of the river бас (өзеннің бастау алатын жері) (syn: source) 11. the ~ of the table төр, бас ¨The President sat at the head of the table. – Президент төрде/столдың басында отырды. 12. the ~ of sth бас(қы жақ), алды(ңғы жақ) ¨The prince rode at the head of his regiment. – Принц/Бекзада полктің басында/алдында шапты/атпен жүрді. 13. ~ (of sth) бас, ұш (өсімдік сабағының) ¨Remove the dead heads to encourage new growth. – Жаңа өскіндер(дің өсуі) үшін (сабақтың) қураған ұштарын ал. 14.көбік, көпіршік 15. ауыз, ұш (сыздауықтың/шиқанның, тсс) 16.бас (магнитофонның таспаға жанасып, ондағы электр сигналдарын дауысқа не бейнеге айналдыратын бөлігі) 17. ~ of sth бас (мал саны) ¨200 head of sheep – қойдан 200 бас 18. a ~ of steam бу қысымы ¨The old engine still manages to build up a good head of steam. – Ескі мотор әлі де қауқарлы. 19. (taboo, slang) жыныс мүшесін ауызбен жалау, сору ¨to give head – ауызға алу 20.тұрлаулы мүше (сөйлемнің); негізгі мүше (сөз тіркесіндегі) м.: ‘the tall man in a suit’ дегенде ‘man’ тұрлаулы не негізгі мүше 21. (idm) *a/per head жан/адам басына шаққанда ¨The meal worked out at $20 a head. – Ас әр адамға/әр адамға бөлгенде/шаққанда $20-дан келді/болды. *bang/knock your/their heads together (informal) «бастарыңды/бастарын бір-біріне тақ еткізу/түю/соғыстыру», кісілерді жөнге салу *be banging, etc. your head against a brick wall (informal) «басымен кірпіш дуалды соққылау», қолынан келмейтін іске тыраштану ¨Trying to reason with them was like banging my head against a brick wall. – Олармен бірнәрсе талқылау басыңды кірпіш қабырғаға соққылағанмен барабар/бірдей. *be/stand head and shoulders above sb/sth оқ бойы озу, басқалардан әлдеқайда жақсы болу ¨His performance stood head and shoulders above the rest. – Оның өнері басқалардан әлдеқайда жақсы болды. *bite/snap sb's head off (informal) “біреудің басын қыршып/тістеп жұлып алу», оңдырмай ұрсу, дүрсе қоя беру *to a head/come to a head «басқа жету», ушығу, асқыну ¨The crisis came to a head when the teachers' union threatened to sue the city. – Мұғалімдер кәсіподағы қаланы сотқа бермек болғанда іс насырға шапты. *bury/hide your head in the sand «басын құмға тығу», мәселені мойындамау не оны көрмегенсу *can't make head nor tail of sth «бас-аяғын ұға алмау» ¨I couldn't make head nor tail of what he was saying. – Оның айтқанының не басын, не аяғын ұқпадым. *do sb's head in (BrE, informal) шатастыру, әбігерлеу, есін шығару ¨Shut up! You're doing my head in. – Жапшы аузыңды! Басымды қатырып болдың. *do sth standing on your head (informal) бірн-ні оп-оңай істеу *from head to foot/toe бастан аяқ(қа дейін) ¨We were covered from head to foot in mud. – Бастан аяқ балшыққа баттық. ¨She was dressed from head to toe in red. – Бастан аяқ қызыл киіпті. *get your head down (informal) a) (BrE) ұйықтау ¨I managed to get my head down for an hour. – Бір сағат ұйықтай алдым. b) = keep/get your head down *get your head round sth (BrE, informal) түсіне/қабылдай/көндіге алу ¨I just can't get my head (a)round these tax forms. – Мына салық формалары (қағаздары) басыма кірмей-ақ қойды. *give sb their head біреу не істесе де қарсы болмау; біреуді өз еркіне қою *go head to head (with sb) «сүзісетін(дей) болу», біреумен бетпе-бет келу ¨The company will be going head to head with the giant of the pharmaceuticals market. – Компания фармацевтика рыногының алыбымен бетпе-бет келейін деп тұр. *go to sb's head a) (арақ ж) басына шабу ¨That glass of wine has gone straight to my head. – Бір стакан шарап бірден басыма шапты. b) масайрау, масаттану, мақтану *have a good head on your shoulders «кеудесінде басы болу», дұрыс, байсалды адам болу *have a head for sth a) бір іске жақсы, білікті болу ¨to have a head for figures/business – есепке/бизнеске (іске) епті болу b) (биіктіктен, тсс) қорқу, қобалжу *have your head in the clouds a) «басы бұлтта болу», өзіне қатысы жоқ нәрсені ойлау немесе жөнсіз қиялдау, жоспарлау *have your head screwed on (the right way) (informal) байсалды, дұрыс адам болу *head first (syn: headlong) a) басын алға соза жүру ¨He fell head first down the stairs. – Ол басқыштан басымен құлапты. b) ойланбастан ¨She got divorced and rushed head first into another marriage. – Ажырасқаннан соң жалма-жан басқа біреумен үйленуге ұмтылды. *head over heels in love «басы өкшеге түсе сүйген» ¨They are head over heels in love with each other. – Олар бірін-бірі өлердей сүйеді. *heads or tails? «бүк пе, шік пе?» (монета лақтырып бәс тігу не таңдау) *heads will roll (for sth) (informal, usually humorous) «бастары домалайды», біреулер жазаларын алады *hold your head high/hold up your head басын, еңсесін, кеудесін тік ұстау, қаймықпау ¨She managed to hold her head high and ignore what people were saying. – Елдің/Жұрттың пыш-пышына көңіл бөлмей, еңсесін тік ұстап жүрді. *in over your head басынан асқан ¨After a week in the new job, I soon realized that I was in over my head. – Жұмыста бір жеті болғаннан соң, істің басымнан асып кеткенін ұқтым. *keep/get your head down тыныш, тек жүру, шошаңдамау ¨If I were you, I'd keep your head down for a couple of weeks. – Сен болсам, бір-екі жеті тыныш жүрер едім. *keep your head/keep a clear/cool head қиын кезде саспау, салқынқанды болу *keep your head above water «басын судан жоғары ұстау», қиыншылықтан әрең/әзер шығу/құтылу ¨I'm not sure how much longer we'll be able to keep our heads above water. – Бұл қалт-құлт тірліктің қанша(лықты) созылатынын кім біліпті. *laugh, scream, etc. your head off (informal) өңеші жарылғанша күлу, айқайлау *lose your head «басын/есін жоғалту», байсалды болмау *on your (own) head be it өйтсең, жауапкершілікті өзіңе ал дег мағ ¨Tell him the truth if you want to, but on your own head be it! – Айтқың келсе, оған шындықты айт, бірақ жауапкершілікті өзің көтер! *out of/off your head (BrE, informal) a) есалаң, қоянес b) сандырақтаған *over sb's head a) ұғу қиын ¨A lot of the jokes went right over my head. – Көп(теген) әзіл-қалжың басыма кірмеді/ басымнан аса кетті. b) басынан асқан, біреуден жоғары кеткен ¨I couldn't help feeling jealous when she was promoted over my head. – Оның басымнан аса жоғарылағанына ішім ашымай тұра алмады. ¨I'm not happy that you went over my head to ask for this time off. – Менен асып барып осы демалысты сұрағаның көңіліме жақпай тұр. *put our/your/their heads together бас қоса кеңесу, ақылдасу *stand/turn sth on its head «басымен тұрғызу, төңкеру», бірнәрсеге мүлде басқаша көзбен қарату ¨Einstein’s theories stood the mathematical world on its head. – Эйнштейннің теориялары математика әлемін төңкерді/түбегейлі өзгертті. *take it into your head to do sth күтпеген жерден, аяқ астынан істеуді ұйғару, істейтін болу ¨Anyway, they took it into their heads to get married. – Қайткенде де, олар ойда жоқта үйленетін болып шешті. *take it into your head that… аяқ астынан бірн-ні ойға алу *turn sb's head (of success, praise, etc.) (табыс, т.с.с. ж) басын айналдыру, масайту *two heads are better than one (saying) «екі бас біреуден артық/жақсы» B.v 1. (also be ~ed especially in NAmE) бет алу, беттеу, белгілі бір бағытта қозғалу ¨Where are we heading? – Қай жаққа бара жатырмыз/Қайда бет алдық? ¨Where are you two headed? – Екеуің қайда барасыңдар/бара жатырсыңдар? ¨Let's head back home. – Үйге қайтайық/ оралайық. ¨She headed for the door. – Ол есікке беттеді. ¨We headed north. – Солтүстікке қарай жүрдік. ¨Head towards the mall. – Супермаркет жаққа қарай жүр. ¨The boat was heading out to sea. – Қайық теңізге қарай беттеп бара жатты. ¨(figurative) Can you forecast where the economy is heading? – Экономиканың қайда бет алғанын болжай аласыз ба? 2. ~ sth (also head sth up) басқару, жетекші болу ¨She has been appointed to head the research team. – Оны зерттеу тобына жетекші етіп тағайындады. 3. ~ sth алда болу, басында болу ¨Italy heads the table after two games. – Екі ойыннан кейін Италия топты бастады. ¨to head a march/procession – маршты/шеруді бастау 4. ~ sth тараудың, тсс тақырыбы, аты болу ¨The chapter was headed ‘My Early Life’. – (Бұл/Ол) тарау «Менің ертеректегі өмірім» деп аталады. 5. ~ sth (допты) баспен соғу, ұру ¨Walsh headed the ball into an empty goal. – Уолш допты бос қақпаға баспен ұрып кіргізді. 6.(idm) *be heading for sth (also be headed for sth especially in NAmE) бірдеңеге ұшырайтын, душар болу ¨They look as though they're heading for divorce. – Олар құдды бір ажырасатын адамдардай көрінді. *head sb off алдын алу, шегіндіру, болдырмау (syn: intercept) ¨We'll head them off at the bridge! – Оларды көпірде тосатын боламыз! *head sth off алдын алу, болғызбау ¨He headed off efforts to replace him as leader. – Ол өзін ауыстырмақ болған талпыныстарды болғызбады. *head sth up басқару, жетекші болу
-head [hed] suffix (informal) бірнәрсеге құштар адам; есірткіқұмар ¨The cybercafe was a nethead's dream. – Киберкафе интернетқұмардың арманы етін. ¨a gearhead – машинақұмар ¨a crackhead – крәкбас (крәк есірткісіне құмар) ¨a smackhead – апиынкеш (героинқұмар) ¨a pothead – нашақор (марихуана шеккіш)