hear [hɪə(r)] v (heard, heard [hɜːd]) 1.есту, құлаққа шалыну ¨I can't hear very well. – Мен онша жақсы естімеймін. ¨~ sth/sb She heard footsteps behind her. – Ол арытнан келе жатқан аяқ дыбысын/тысырын естіді. ¨I couldn't hear anything. – Ештеңе ести алмадым. ¨~ sb/sth doing sth He could hear a dog barking. – Иттің үргенін ести алды. ¨~ sb/sth do sth Did you hear him go out? – Оның тысқа шыққанын естідің бе? ¨I heard a car drive off. – Машинаның кеткенін естідім. ¨~ what… Didn't you hear what I said? – Не айтқанымды естімедің бе? ¨sb/sth is heard to do sth She has been heard to make threats to her former lover. – Ол өзінің бұрынғы сүйіктісін қорқытқанын (жұрт) естіпті/қорқытты дейді. 2.есту, тыңдау, көңіл бөлу ¨~ sth Did you hear that play on the radio last night? – Кеше кешкісін ана пьесаны радиодан тыңдадыңыз ба? ¨a chance to hear the first movement again - алғашқы қозғалысты тағы да есту мүмкіндігі ¨to hear both sides of the argument – дау-дамайдағы екі жақты да тыңдау ¨~ sb/sth/yourself do sth Be quiet - I can't hear myself think! – Тыныш – мына шудан ойлана алмай жатырмын! ¨Have you ever heard him lecture? – Оның дәрісін/лекциясын тыңдап көріп пе едің? ¨~ what… We'd better hear what they have to say. – Олардың не айтпақ екенін тыңдап көрейік. ¨I hear what you're saying, but you're wrong. – Айтқаныңды естіп тұрмын, бірақ қателесесің. 3.есту, айтылу ¨Haven't you heard? She resigned. – Естідің бе? Ол қызметтен кетіпті ғой. ¨‘I'm getting married.’ ‘So I've heard.’ – «Үйленейін деп жатырмын». «Сөйдеп естігенмін». ¨Things are going well from what I hear. – Айтуыңа қарағанда, жағдай дұрыс сияқты. ¨~ about sb/sth I was sorry to hear about your accident. – Сенің оқиғаңды естіп уайымдадым. ¨Wait till he hears about this. – Ол бұны естігенше тұра тұр. ¨I've heard about people like you. – Сен сияқты адамдар туралы естігенмін. ¨~ sth We had heard nothing for weeks. – Бірнеше апта бойы ештеңе естімедік. ¨I was delighted to hear your good news. – Жақсы хабарыңды естіп қуандым. ¨~ (that)… I was surprised to hear (that) he was married. – Оның үйленгенін естіп таңғалдым. ¨I hear you've been away this weekend. – Бұл апта соңында басқа жақта болғаныңды естіп тұрмын. ¨~ it said (that)… I've heard it said (that) they met in Italy. – Олардың Италияда жолыққаны жайлы естігенмін. ¨~ what, how, etc… Did you hear what happened? – Не болғанын естідің бе? 4. ~ sth сотта тыңдау, сотта қарау ¨The appeal was heard in private. – Аппеляцияны жеке қарады. ¨Today the jury began to hear the evidence. – Бүгін алқабилер айғақты тыңдай бастады. 5. (idm) *have you heard the one about…? Мына қалжыңды бұрын естіп пе едің(із-дер)? *hear! hear! дұрыс, дұрыс! (келісушілікті, құптаушылықты білдіреді) *hear tell (of sth) (old-fashioned or formal) жұрттың айтқанын есту ¨I've often heard tell of such things. – Жұрттың өстіп айтатынын жиі естимін. *I've heard it all before (informal) бұның бәрін бұрын естігенмін, бұны естіп келемін *let's hear it for… (informal) жарайды, құптаймыз, қошамет дег мағ ¨Let's hear it for the teachers, for a change. – Мұғалімдеріміз жарайды, өзгерісті құптаймыз. ¨Let's hear it for New York City! – Нью-Йоркке сәлем! *not/never hear the end of it қыңқылы, күңкілі еш бітпейді дег мағ ¨If we don't get her a dog we'll never hear the end of it. – Оған ит алып бермесек оның қыңқылы бітер емес. *you could hear a pin drop «түскен инені естуге болатын», тып-тыныш еді ¨The audience was so quiet you could have heard a pin drop. – Жиналған жұрттың тып-тыныш болғаны сонша, сәл қыбырды естуге болатын. *(do) you hear (me)? (informal) естіп тұрмысың мені? (ұрысқанда айтылады) ¨You can't go - do you hear me? – Саған баруға болмайды – естіп тұрмысың мені? 6. (phr v) *hear from sb/hear sth from sb біреуден хабар алу ¨I look forward to hearing from you. – Сізден хабар күтетін боламын. ¨I haven't heard anything from her for months. – Бірнеше ай болды одан еш хабар естімедім. ¨It was good to hear from him again. – Онымен қайта хабарласқан жақсы болды. *hear of sb/sth/hear sth of sb/sth біреу/бірн-е жайлы есту ¨I've never heard of the place. – Ол жер жайлы естімеппін/естіген емеспін. ¨I was so sorry to hear of your father's death. – Әкеңнің/Әкеңіздің қайтыс болғанын естіп қайғырдым. ¨She disappeared and was never heard of again. – Ол сол кеткеннен/жоғалғаннан біржола хабарсыз кетті. ¨The last I heard of him he was living in Glasgow. – Оның соңғы рет Глазгода тұрып жатыр деп естігенмін. ¨This is the first I've heard of it! – Бұны бірінші/алғашқы рет естіп тұрмын! *not hear of sth көмектескісі келгендіктен «тыңдамау» ¨She wanted to walk home but I wouldn't hear of it. – Ол үйіне жаяу барам деп еді, мен оны тыңдамадым (яғни, машинамен, т.с.с. апарып салдым). ¨~ sb doing sth He wouldn't hear of my walking home alone. – Үйге жаяу жалғыз қайтамын дегеніме ол көнбеді.