heart [hɑːt] n 1.жүрек ¨The patient's heart stopped beating for a few seconds. – Науқастың жүрегі бірнеше секундқа соғуын тоқтатты. ¨heart trouble/failure – жүрек кінәраты/ұстамасы ¨to have a weak heart – жүрегі әлсіз/нашар болу ¨I could feel my heart pounding in my chest. – Кеудемде жүрегімнің дүрсілін сезе алдым. ¨She clasped the photo to her heart. – Ол фотографияны жүрегіне (кеудесіне) қысты. ¨She has a kind heart. – Оның жүрегі мейірімді. ¨Have you no heart? – Жүрегің жоқ па? ¨He returned with a heavy heart. – Ұнжырғасы түсе оралды. ¨Her novels tend to deal with affairs of the heart. – Оның романдары жүрек сезімдерінен сыр шертеді. ¨The story captured the hearts and minds of a generation. – Әңгіме сол кезеңдегі адамдардың жүрегі мен сезімін баурап алды. 2. -hearted (пәлен) жүректі ¨cold-hearted – сыздиған, сазарған ¨kind-hearted – мейірімді, ақжүрек 3. ~ (of sth) өзек, ең маңызды бөлік ¨the heart of the matter/problem – мәселенің өзегі ¨The committee's report went to the heart of the government's dilemma. – Комитеттің баянаты үкіметті тығырыққа тіреді. ¨The distinction between right and wrong lies at the heart of all questions of morality. – Оң мен терістің/солдың айырмашылығы барлық ар-ұждан/мораль сұрақтарының өзегінде жатыр. 4. ~ (of sth) өзек, кіндік, орта ¨a quiet hotel in the very heart of the city – қаланың тура ортасындағы тыныш мейманхана 5.капустаның өзегі 6. «жүрек» ♥ (пішініндегі сурет), махаббат символы ¨The words ‘I love you’ were written inside a big red heart. – «Сені сүйемін» деген сөздер үлкен қызыл жүректің ішіне жазылыпты. ¨(informal) I ♥ New York. – Нью-Йоркті ♥ (сүйемін). 7. ~s қызылайыр, түйетабан (карта ойынындағы) (червь) ¨the queen of hearts – қызылайыр дама ¨Hearts is/are trumps. – Көзір – қызылайыр. ¨Who played that heart? – Ана қызыл айырды кім жүрді? 8. (idm) *at heart іштей, шын мәнісінде, расында ¨He's still a socialist at heart. – Ол іштей әлі социалист. *break sb's heart біреуді қайғырту, жүрегін жаралау ¨She broke his heart when she called off the engagement. – Ол тұрмысқа шықпақ ойынан айнығанын айтқанда оның жүрегі қарс айырылды. ¨It breaks my heart to see you like this. – Мына түріңді көргенде жүрегім солқылдайды. *by heart (BrE also off by heart) жатқа білу ¨I've dialled the number so many times I know it by heart. – Бұл нөмірге талай рет шалғандықтан жатқа білемін. ¨She's learnt the whole speech off by heart. – Бүткіл сөзді жаттап алды. *close/dear/near to sb's heart біреудің жүрегіне жақын, біреу үшін маңызды, аяулы, тсс *from the (bottom of your) heart шын жүректен, шын көңілден ¨I beg you, from the bottom of my heart, to spare his life. – Саған жан-тәніммен жалбарынамын, оның өмірін сақташы. ¨It was clearly an offer that came from the heart. – Бұл расында да шын көңілден жасалған ұсыныс еді. *give sb (fresh) heart дем беру, жігерлендіру, құлшындыру *give your heart to sb біреуге жүрегін/махаббатын ұсыну *have a heart! (informal) мейірімді, байсалды бол ¨Have a heart! I've nowhere else to stay! – Жүрегің бар ма? Түнейтін жерім жоқ! *have a heart of gold өте мейірімді, ақкөңіл адам болу *have a heart of stone жүрегі тас(тай) болу, тасжүрек болу *heart and soul жан-тәнімен, аянбай ¨They threw themselves heart and soul into the project. – Олар жобаға жан-тәнімен кірісті. *your heart goes out to sb қайғысына ортақ болу, жаны ашу ¨Our hearts go out to the families of the victims. – Құрбан болған жандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. *sb's heart is in their mouth жүрегі аузына тығылу, өте қобалжу, қорқу ¨My heart was in my mouth as she opened the envelope. – Ол конвертті ашқан кезде жүрегім аузыма тығылды. *sb's heart is in the right place ниеті, пиғылы дұрыс *your heart is not in sth бірнәрсеге онша қызықпайсың *sb's heart leaps жүрегі дүрсілдеу, шаттық кернеу, толқу ¨My heart leapt at the news. – Жаңалықты естігенде жүрегім тулады. *sb's heart misses a beat «жүрегі тоқтап қала жаздады» ¨My heart missed a beat when I saw who it was. – Оның кім екенін көргенде жүрегім тоқтап қала жаздады. *sb's heart sinks «жүрегі шөкті, батты», кею, құлазу ¨My heart sank when I saw how much work there was left. – Әлі қанша жұмыс қалғанын көріп кейідім. ¨She watched him go with a sinking heart. – Ол оның кейи кеткенін көрді. *in good heart (BrE) көңіл күйі жақсы *in your heart (of hearts) жүрегінде, жүрек түкпірінде ¨She knew in her heart of hearts that she was making the wrong decision. – Теріс шешім жасап жатқанын жүрегімен сезген еді. *it does sb's heart good (to do sth) жүрегін жылыту ¨It does my heart good to see the old place being taken care of so well. – Ескі жердің/ғимараттың соншалықты жақсы күтіліп-бапталып жатқаны/қамқорлыққа алынғаны жүрегімді жылытады. *let your heart rule your head «жүрегі басын билеу», жүрегімен ойлау, сезімге берілу ¨Don't let your heart rule your head. If you lend him that money you'll never see it again. – Жүрегіңмен ойлама/Сезімге берілме. Қарызға берсең ана ақшаны енді қайтып көрмейсің. *lose heart жігері жасу, тауы шағылу, үміт үзу *lose your heart (to sb/sth) (formal) ғашық болу *a man/woman after your own heart өзің сияқты нәрселері бар немесе пікірлес еркек/әйел *my heart bleeds (for sb) (ironic) (біреу үшін) жүрегім ауырады, ой бейшара-ай, ә (іс жүзініде керісінше мағынаны білдіреді) ¨John complains he only has two cars - my heart bleeds for him. – Джон екі-ақ машинам бар дейді – ол үшін жүрегім ауырады/ой, бейшара-ай, ә. ¨‘I have to go to Brazil on business.’ ‘My heart bleeds for you!’ – «Бразилияға іспен кетіп бара жатырмын». «Саған обал бопты-ау!» *not have the heart (to do sth) біреудің көңілін қимау, біреуді ренжіткісі келмеу ¨She asked me to go with her and I didn't have the heart to refuse. – Ол менің өзімен бірге баруымды өтінді, ал мен оның көңілін қалдырғым келмеді. *off by heart (BrE) = by heart *pour out/open your heart to sb «біреуге жүрегін ашу», іштегісін, сырын ағыл-тегіл айту *set your heart on sth/have your heart set on sth көңілі ауу, ойы кету, көз тігу, бірн-ні өте қалау ¨They've set their heart on a house in the country. – Олардың ауылдағы бір үйге көңілдері ауды. *take heart (from sth) көңілі көншу, көңілі жадырау; жігерлену, құлшыну ¨The government can take heart from the latest opinion polls. – Соңғы сауалнама (нәтижелері) үкіметке дем бере/-ті жігерлендіре алады. ¨The team took heart from an honourable draw. – Абыройлы тең ойын команданың абыройын тасытты. *take sth to heart жүрекке алу, көңілге алу, ренжу ¨You shouldn't take everything he says to heart. – Оның әр сөзін жүрегіңе ала берме(уің керек). *tear/rip the heart out of sth «жүрегін суырып алу», өзегін, ең маңызды бөлігін жою ¨Closing the factory tore the heart out of the community. – Заводтың жабылуы қауымға ауыр соққы болып тиді. *to your heart's content асыр сала, мейлінше, қалағанынша ¨a supervised play area where children can run around to their heart's content – балалар асыр салып ойнай алатын бақылаулы ойын алаңы *with all your heart/your whole heart бар жүрегімен, жан-тәнімен, мүлде ¨I hope with all my heart that things work out for you. –Жолың болып кетер деп жан-тәніммен үміттенемін. *warm the cockles (of smb’s heart) [қ-з: warm (B3)]