heed [hiːd] A.v ~ sb/sth (formal) көңіл бөлу, көңіл/зейін қою, ескеру, елеу, құлақ асу, тыңдау (syn: take notice of) ¨They failed to heed the lessons of history. – Олар тарих тағылымын ескермеді/-а құлақ қоймады. ¨If only they had heeded his warnings! – Олар оның ескертуіне құлақ асқанда ғой! ¨Calls for more legislation to protect tenants were not heeded. – Тұрғындарды қорғайтын қосымша заңдар қабылдауға шақырған үндеулерге ешкім құлақ аспады. B.n (idm) *give/pay heed (to sb/sth)/take heed (of sb/sth) (formal) мұқият көңіл бөлу, зейін қою, елеу, ескеру ¨They gave little heed to the rumours. – Олар өсек-аяңды пәлендей елемеді. ¨I paid no heed at the time but later I had cause to remember what he'd said. – Алдында зейін қоймағанмын, кейін оның айтқанын еске алғызған/алдырған бір жайт болды. ¨Small businesses would be wise to take heed of the warnings contained in the Chancellor's speech. – Шағын кәсіпорындардың қаржы министрінің сөзіндегі ескертулерге зейін қойғаны/ескертулерді елегені абзал болады.