height [haɪt] n 1.биіктік, бой (адамның) ¨Height: 210 mm. Width: 57 mm. Length: 170 mm. – Биіктігі: 210 мм, кеңдігі: 57 мм: ұзындығы: 170 мм. ¨Please state your height and weight. – Бойыңыз бен салмағыңызды айтаңыз. ¨It is almost 2 metres in height. – Биіктігі 2 метрдей/метрге жуық. ¨She is the same height as her sister. – Оның бойы әпкесінікіндей/сіңлісінікіндей. ¨to be of medium/average height – орта бойлы болу, орташа биіктіктегі болу ¨You can adjust the height of the chair. – Креслоның биіктігін өзгертуге болады. ¨The table is available in several different heights. – Бұл столдың биіктігі әртүрлісі бар/Бұндай биіктігі әртүрлі стол бар. ¨She worries about her height. – Ол бойын уайымдайды/бойым ұзын деп уайымдайды. ¨The height of the mountain did not discourage them. – Таудың биіктігі олардың жүрегін шайлықтырмады/оларды райынан қайтармады. ¨The plane flew at a height of 3 000 metres. – Ұшақ 3000 биіктікте ұшты. ¨The stone was dropped from a great height. – Тас үлкен биіктіктен тасталды/тасталған. ¨The aircraft was gaining height. – Ұшақ биіктеп бара жатты. ¨to be at shoulder/chest/waist height –иығынан/кеудесінен/белінен келу 2.биіктік, жоғар(ғ)ы жақ, жал, жота, төбе ¨Brooklyn Heights – Бруклин Һайтс/Бруклин жалы ¨He doesn't have a head for heights. – Ол биіктіктен қорқады. ¨a fear of heights – биіктіктен қорқу ¨We looked out over the city from the heights of Edinburgh Castle. – Эдинбург қамалының жоғарғы жағынан қалаға қарадық. ¨The pattern of the ancient fields is clearly visible from a height. – Ежелгі алқаптар құрылымы/келбеті жоғарыдан анық көрініп тұрды. 3.ең мықты кезі, шың, шарықтау шегі ¨He is at the height of his career. – Ол карьерасының/қызметінің шыңында. ¨She is still at the height of her powers. – Ол әлі де билігінің шыңында/билік тізгінін мықтап ұстап отыр. ¨I wouldn't go there in the height of summer. – Жаздың қақ ортасында ол жерге бармаймын. ¨The fire reached its height around 2 a.m. –Өрт түнгі екіде шарықтау шегіне жетті. ¨The crisis was at its height in May. – Мамыр айында дағдарыс шарықтау шегіне жетті. 4. heights ең жақсы кез, деңгей ¨Their success had reached new heights. – Олардың жетістігі жаңа/тың деңгейге жетті/жеткен болатын. ¨He didn't know it was possible to reach such heights of happiness. – Осындай керемет қуанышқа жетуге болатынын ол білмеп еді. 5. ~ of sth көзге ұратын мысал, үлгі ¨It would be the height of folly to change course now. – Бағытты енді өзгерту барып тұрған ақымақтық болар еді. ¨She was dressed in the height of fashion. – Ол ең соңғы үлгідегі сінмен киінген болатын. 6. (idm) *draw yourself up/rise to your full height еңсесін/кеудесін көтеріп, тік ұстап тұру