hell [hel] n 1. (usually Hell) (a не the артиклдерінсіз қолд) тозақ, тамұқ, жаһаннәм ¨(ауысп. мағ.) The last three months have been hell. – Соңғы үш ай тура тозақ/тамұқ (сияқты) болды. ¨(ауысп. мағ.) He went through hell during the trial. – Сот кезінде ол тозақ отынан өтті. ¨(ауысп. мағ.) Her parents made her life hell. – Әке-шешесі оның өмірін тозаққа айналдырды. ¨(ауысп. мағ.) Being totally alone is my idea of hell on earth. – Жападан-жалғыздық мен үшін жер бетіндегі тозақ/тамұқ. 2.боқта(н)ғанда айтылады ¨Oh hell, I've burned the pan. – О сұмдық-ау, табаны күйдіріп алдым. ¨What the hell do you think you are doing? – О тоба, не істеп жүрмін деп жүрсің-ей, сен? ¨Go to hell! – Жер жастанғыр/Үнің өшкір! ¨I can't really afford it, but, what the hell, I'll get it anyway. – Бұған жетер қаражатым жоқ, ештеңе емес, бәрібір аламын. ¨He's as guilty as hell. – Ол – толықтай кінәлі. ¨(NAmE) ‘Do you understand?’ ‘Hell, no. I don't.’ – «Ұғасың ба?» «Түу, жоқ». 3. (idm) *all hell broke loose (informal) астаң-кестең, апыр-топыр болып кету ¨There was a loud bang and then all hell broke loose. – Қатты гүрс етті де астаң-кестең болып кетті. *beat/kick (the) hell out of sb/sth/knock hell out of sb/sth (informal) қатты, қақырата ұру ¨He was a dirty player and loved to kick hell out of the opposition. – Лас ойыншы еді, қарсыластарды аяғынан оңдырмай тебетін. *(just) for the hell of it (informal) әшейін, жай/ә(н)шейін қызық үшін ¨They stole the car just for the hell of it. – Олар машинаны әшейін қызық үшін ұрлады. *from hell (informal) сұмдық адам; сұмдық жағдай ¨They are the neighbours from hell. – Олар – сұмдық көршілер. *get the hell out (of…) (informal) кету, таю, құру, жоғалу (кету мағ) ¨Let's get the hell out of here. – Бұл жерден таяйық/құриық. *give sb hell (informal) a) қиындықтар жасау, қинау ¨He used to give his mother hell when he was a teenager. – Жеткіншек/Жасөспірім кезінде шешесін талай зар илеткен/қан қақсатқан. ¨My new shoes are giving me hell. – Жаңа аяқ киімім аяғымды қақсатып барады. b) ұрсу, айқайлау ¨Dad will give us hell when he sees that mess. – Анадай шашылып жатқанды көрсе әкем айқайлайды. *go to hell in a handbasket (NAmE, informal) = go to the dogs [қ-з: dog] *hell for leather (old-fashioned, BrE, informal) заулау, зулау, жүйтку, құйындату ¨to ride hell for leather – құйындата/зулай шабу *hell hath no fury (like a woman scorned) (BrE) «тозақтың келеке болған әйелдікіндей ашуы жоқ», күйеуі, ғашығы көзіне шөп салған әйелдің ызасы ж *(come) hell or high water не қиындық болса да ¨I was determined to go, come hell or high water. – Не қиындық болса да баруға бел будым. *Hell's teeth (old-fashioned, BrE, informal) ашуды, таңғалысты білд ¨Hell's teeth, I promised I'd be back by two. – Құрығыр, сағат екіде ораламын деп едім/деп уәде еткен едім. *like hell a) (informal) нығарлай, бөле айтқанда ¨She worked like hell for her exams. – Ол емтиханға сұмдық дайындалды. ¨My broken finger hurt like hell. – Сынған саусағым сұмдық ауыртты/ауырды. b) (informal) қайдағы, қойшы қайдағыны айтпай, е бәсе (әжуалай айтқанда) ¨‘I'm coming with you.’ ‘Like hell you are’. – «Сенімен/Сізбен бірге барамын». «Қайдағыны айтпашы». *a/one hell of a…/a/one helluva… [ˈheləvə] (slang) сұмдық, т.с.с. ¨The firm was in a hell of a mess when he took over. – Ол (сатып) алғанда/(бастық болып) келгенде фирманың күйі сұмдық етін. ¨This holiday is going to cost a hell of a lot of money. – Мына демалыс сұмдық қымбат болайын деп тұр. ¨It must have been one hell of a party. – Ол бір сұмдық сауық-кеш болды-ау. ¨It's taken him a hell of a long time to get here. – Ол ол жерге жеткенше сұмдық көп уақыт кетті. ¨That's one helluva big house you've got. – Сенің үйің сұмдық дәу екен. *play (merry) hell with sth/sb (BrE, informal) жаман әсер ету, зиян шектіру ¨Driving on these rough roads has played hell with my tyres. – Мына кедір-бұдыр жолда жүрген дөңгелектерімді қажады/құртты. *scare, annoy, etc. the hell out of sb (informal) шошыту; мазасын алу *to hell and back (informal) «тозаққа барып келу», қиын-қыстау жағдайды басынан өткеру ¨We'd been to hell and back together and we were still good friends. – Бірге талай рет тозаққа түстік және бәрібір жақсы дос болып қалдық. *to hell with sb/sth (informal) құрып кетсін, т.с.с. ¨‘To hell with him,’ she thought, ‘I'm leaving.’ – «Құрып кетсін», деп ойлады ол, «Кетемін».