help [help] A.v 1.көмектесу, жәрдемдесу, қол ұшын беру, қолғабыс ету, болысу, қарайласу, қарасу, сеп болу ¨Help, I'm stuck! – Көмектесіңдер(ші), қысылып қалдым! ¨~ with sth He always helps with the housework. – Ол үй жұмысына ылғи көмектеседі. ¨~ sb We must all try and help each other. – Бәріміз де бір-бірімізе көмектесуге/болысуға тырысуымыз керек. ¨~ sb with sth Jo will help us with some of the organization. – Джо бізге кейбір ұйымдастыру жұмысына сеп болады/қолғабыс ететін болады. ¨~ (sb) in doing sth I need contacts that could help in finding a job. – Маған жұмыс табуға жәрдемдесетін таныстар керек. ¨~ sb (to) do sth The college's aim is to help students (to) achieve their aspirations. – Колледждің мақсаты - студенттерге өз мақсаттарына жетуге болысу/жәрдемдесу. ¨This charity aims to help people (to) help themselves. – Бұл мейірім ұйымы адамдарға өздеріне өздері/өз-өздеріне жәрдемдесуге үйретуді мақсат тұтады. ¨Come and help me lift this box. – Келіп, мына жәшікті көтеруге көмектес. ¨~ (to) do sth She helped (to) organize the party. – Ол (сауық-)кешті ұйымдастыруға көмектесті. ¨The money raised will help towards the cost of organizing the championships. – Жиналған ақша чемпионаттарды ұйымдастыру құнын ішінара жабуға жұмсалады. ¨~ (to) do sth This should help (to) reduce the pain. – Бұл шаншуды/ауыруды азайтуға сеп болуы тиіс. ¨We need new measures to help (to) fight terrorism. – Бізге терроризммен күресуге сеп болатын жаңа шаралар қажет. ¨She helped him to his feet. – Ол оған аяғынан тұруға (яғни, ісін бастауға, т.с.с.) жәрдемдесті. ¨We were helped ashore by local people. – Жергілікті адамдар бізге жағаға жетуге көмектесті. ¨~ yourself If you want another drink, just help yourself. – Тағы ішкің(із) келсе өзің(із) барып ала бер(іңіз). ¨~ yourself/sb to sth Can I help you to some more salad? – Салаттан тағы да салайын ба? 2.~ yourself to sth (informal, disapproving) «өз-өзіне жәрдемдесу», ұрлау, жымқыру (syn: steal) ¨He'd been helping himself to the money in the cash register. – Ол кассалық аппараттан жымқырып отырған. 3. (idm) *sb can (not) help (doing) sth/sb can not help but do sth істемей тұра алмау; болғызбау мүмкін болмау ¨I can't help thinking he knows more than he has told us. – Ол өзі бізге айтқаннан көп біледі-ау деген күдік ойымнан шықпай қойды.  ¨He can't help being ugly. – Ол ұсқынсыздығынан қиналады. ¨She couldn't help but wonder what he was thinking. – Ол не ойлап отыр екен деген ой оны мазалап қоймады. ¨It couldn't be helped. – Ешбір амал болмады. ¨He never does more work than he can help. – Оның қимылдауы қиын. ¨I always end up having an argument with her, I don't know why, I just can't help it. – Онымен ылғи (да) керісіп қаламын, неге екенін білмеймін, осылай болып келеді. ¨I couldn't help it if the bus was late. – Автобус кешіксе, менің кінәм емес. ¨She burst out laughing - she couldn't help herself. – Ол қарқылға басты – өзін тоқтата алмады. ¨She won't be invited again, not if I can help it. – Оны енді шақырмайды, мен бірдеңе істей алмасам/алсам. месем.  *give/lend a helping hand көмектесу, қол ұшын беру *God/Heaven help sb (informal) құдай көмектессін ¨God help us if this doesn't work. – Бұдан қайран болмаса құдай көмектессін. *so help me (God) сотта, т.б. рас айтамын деп ант еткенде қолд  3. (phr v) *help sb off/on with sth біреуге киімін шешуге/киюге жәрдемдесу ¨Let me help you off with your coat. – Киімің(із)ді шешуге жәрдемдесейін. *help out/help sb out (қиын жағдайда) қол ұшын беру ¨He's always willing to help out. – Ол ылғи да көмекке келуге дайын тұрады. ¨When I bought the house, my sister helped me out with a loan. – Үй сатып алғанымда әпкем/қарындасым ақшалай көмектесті. B.n 1.көмек, көмектесу, жәрдем, жәрдемдесу, болысу, қарайласу, сеп болу, қол ұшын беру ¨Thank you for all your help. – Барлық жәрдеміңе/көмегіңе рахмет. ¨~ (with sth) Do you need any help with that? – Бұнда (ешбір/қандай да бір) көмек керек пе? ¨Can I be of any help to you? – Саған (неге болсын) жәрдемдесейін бе? ¨None of this would have been possible without their help. – Оның көмегінсіз мұның ешбірі мүмкін болмас еді. ¨She stopped smoking with the help of her family and friends. – Жанұясы мен достарының арқасында/көмегімен ол темекі тастады. ¨They have at last decided to enlist the help of experts. – Олар ақыры эксперттер(дің) көмегінің тізімін жасауды ұйғарды. ¨The offer of help came too late. – Көмек туралы ұсыныс тым кеш жетті. ¨The college will no longer have to close, thanks to the help of private investment. – Жеке инвестицияның арқасында колледжді енді жабудың қажеті жоқ. ¨to seek financial/legal/medical help – қаржылай/заңнамалық/медициналық жәрдем іздеу ¨~ in doing sth The organization offers practical help in dealing with paperwork. – Қағаздарды реттеуде ұйым практикалық көмек/жәрдем ұсынады. ¨~ with sth You should qualify for help. – Жәрдем алу үшін тиісті талаптарға сай келуің керек. ¨a help key/screen – (компьютердегі) жәрдем кілті/парағы ¨Quick, get help! – Тез, көмекке шақыр/көмек сұра! ¨She screamed for help. – Ол жанұшыра көмекке шақырды/көмек сұрады. 2.қажетке жарау, пайдалы болу, жәрдем ¨The map wasn't much help. – Карта пәлендей қажетке жарамады. ¨With the help of a ladder, neighbours were able to rescue the children from the blaze. – Сатыны пайдаланып көршілер балаларды өрттен аман алып қалды. ¨Was the information I gave you any help? – Саған берген информация кәдеге жарады ма? ¨The course they sent me on was of no help whatsoever! – Олардың (мені) жіберген курсынан түк те пайда болмады! ¨Just shouting at him isn't going to be a lot of help. – Оған айқайлай бергеннің еш пайдасы жоқ. ¨She was more of a hindrance than a help. – Оның жәрдемінен гөрі кедергісі көп болды. ¨Your advice was a big help. – Кеңесіңіз өте пайдалы болды. 3.the ~ (especially NAmE) үй шаруасына көмектесетін адам(дар) 4. (idm) *there is no help for it (especially BrE) басқа амал жоқ, қолдан келер қайран жоқ ¨There's no help for it. We shall have to call the police. – Амал жоқ/Не істей аламыз. Полициямен хабарласу керек.