helpful [ˈhelpfl] adj 1.пайдалы, қажетті, оң, дұрыс (syn: useful) ¨helpful advice/information/suggestions – пайдалы кеңес/мәлімет/ақыл-кеңес ¨Sorry I can't be more helpful. – Ғафу ет(іңіз), саған/сізге бұдан артық пайдам тимес/көмектесе алмаймын. ¨~ (for sb) (to do sth) It would be helpful for me to see the damage for myself. – Зиянды өзім/өз көзіммен көргенім дұрыс болады. ¨You may find it helpful to read this before making any decisions. – Қайтіп/Не шешсең де алдымен осыны оқып алғаның дұрыс болар. ¨~ in doing sth Role-play is helpful in developing communication skills. – Рөлдерде ойнап жаттығу кісілермен араласу шеберлігінің шыңдалуына пайдалы. ¨~ to sb The booklet should be very helpful to parents of disabled children. – Буклет кембағал балалардың ата-аналарына өте пайдалы болуы мүмкін. 2.көмектескісі келген, пайдалы; жәрдемшіл (opp: unhelpful) ¨I called the police but they weren't very helpful. – Полициямен хабарласқанмын, алайда олардан пәлендей бір көмек болмады. ¨The staff couldn't have been more helpful. – Қызметкерлер аянбады/қолынан келгендерінің бәрін істеді. ¨She's one of the most helpful people I know. – Ол өзім білетін көмегін аямайтын адамдардың бірі.