hesitate [ˈhezɪteɪt] v 1. қобалжу, қипақтау, сасу, абыржу, абдырау, күмілжу, кібіртіктеу, қымсыну, тартыну ¨She hesitated before replying. – Жауап берер алдында ол қобалжыды/састы/қипақтады. ¨He seemed to hesitate a second. – Ол бір сәтке қобалжитындай/қымсынатындай көрінді. ¨~ about/over sth I didn't hesitate for a moment about taking the job. – Жұмысқа тұру/Жұмысты алу жөнінде титтей де ойланбадым/саспадым/қымсынбадым. ¨She stood there, hesitating over whether or not to tell him the truth. – Ол оған шындықты айтсам ба екен, жоқ па деп сасып/қобалжып/қипақтап тұрды. ¨‘I'm not sure,’ she hesitated. – «Білмеймін», деп қипақтады/састы ол. ¨~ to do sth Please do not hesitate to contact me if you have any queries. – Сұрақтарың(ыз) болса қымсынбай/қиналмай/абыржымай/тартынбай менімен хабарласа бер(іңіз). ¨~ to do sth If you'd like me to send you the book, then please don't hesitate to ask. – Саған кітапті жөнелткенімді қаласаң/Менен кітапты алғың келсе қымсынбай сұра. 2. (idm) *he who hesitates (is lost) (saying) қипақтаған ұтылар