hide [haɪd] A.v (hid [hɪd], hidden [ˈhɪdn]) 1.жасыру, тығу, жабу, бүркеу, тасалау, көзден таса ету (syn: conceal) ¨~ sb/sth He hid the letter in a drawer. – Хатты тартпаға жасырды/тықты. ¨I keep my private papers hidden. – Жеке қағаздарымды жасырып/жасырын ұстаймын. ¨~ sb/sth from sth They hid me from the police in their attic. – Олар мені полициядан шатырда жасырды. ¨~ sth He hid his face in his hands. – Бетін қолымен басты/жапты. ¨~ sth The house was hidden by trees. – Үйді ағаштар тасалаған. ¨The brim of his hat hid half his face. – Қалпағының жиегі бетінің жартысын жапқан. ¨No amount of make-up could hide her age. – Бетін қанша опаласа да жасын жасыра алмады. ¨Hidden dangers lurk in the ocean depths. – Мұхит тұңғиығында көзден таса қауіп-қатерлер бар. ¨She struggled to hide her disappointment. – Ол ренішін жасырмақ болып арпалысты. ¨I have never tried to hide the truth about my past. – Өткенім жайлы шындықты бүркемелеуге ешқашан тырысқан емеспін. ¨They claim that they have nothing to hide. – Олар жасырар/жасыратын ешнәрсеміз жоқ дейді. ¨She felt sure the letter had some hidden meaning. – Хатта бір астарлы ой бар деп ойлады ол. ¨His brusque manner hides a shy and sensitive nature. – Оның күжірейгені болмаса, ұяң да сезімтал. ¨I could not hide my joy at seeing him again. – Оны қайта көргенімде қуанғанымды жасыра алмадым. 2.жасырыну, бұғыну, тығылу, жамылу ¨Quick, hide! – Тез, бұғын/тығыл/жасырын! ¨I hid under the bed. – Төсектің астына бұғындым/тығылдым. ¨We hid from our pursuers in an empty house. – Бізді қуалағандардан бос үйде бұғындық/тығылдық/жасырындық. ¨(figurative) He hid behind a false identity. – Ол басқа біреудің атын жамылып жүрді. ¨~ yourself She hides herself away in her office all day. – Ол күні бойы кеңсесінен шықпайды/кеңсесінде бұғынады. 3. (idm) *hide your light under a bushel (BrE) білетінін, шеберлігін жасыру B.n 1. (BrE) таса, ық 2.тері (хайуанның) ¨boots made from buffalo hide – қодас терісінен жасалған ботинка ¨a black hide belt – қара қайыс белдік ¨(ауысп. мағ.) All he's worried about is his own hide. – Оның бар ойлайтыны – қара басының қамы/өз «терісі». 3. (idm) *have/tan sb's hide (old-fashioned, informal or humorous) біреудің жон терісін тілу, аямай жазалау *not see hide nor hair of sb/sth (informal) біраз уақыт бойы біреудің/бірн-ң қарасын көрмеу ¨I haven't seen hide nor hair of her for a month. – Бір ай болды оны көзім шалмады.