highlight [ˈhaɪlaɪt] A.v 1. ~ sth баса көңіл бөлу, тілге тиек ету ¨The report highlights the major problems facing society today. – Хабар бүгіндері қоғам бетпе-бет келіп тұрған басты проблемалар жөнінде айтады. 2. ~ sth текстің керекті жерлерін бояу не даралау, ерекше ету ¨I've highlighted the important passages in yellow. – Маңызды тұстарды сарымен боядым. ¨Highlight the section that you want to delete. – Өшіргіңіз келген бөлігін даралаңыз/ерекше етіңіз. 3. ~ sth шаштың кейбір тұстарын ашық түске бояу, арнайы бояу ¨I'm having my hair highlighted. – Шашымның кей тұстарын ашық түске/арнайы боямақпын. ¨The shampoo is ideal for permed or highlighted hair. – Бұл шампунь бұйраланған не арнайы боялған шаштарға керемет. B.n 1.ең маңызды, қызықты, т.с.с. бөлік ¨One of the highlights of the trip was seeing the Taj Mahal. – Сапардың ең қызықты сәттерінің бірі Тәж Маһалды көру болды. ¨The highlights of the match will be shown later this evening. – Матчтың ең қызықты тұстары/Матчқа шолу кешке көрсетілетін болады. ¨My dance class is the highlight of my week. – Би класым – әр аптадағы ең қызықты нәрсем. 2. highlights шаштың арнайы ашық түске боялған тұстары ¨She's had blonde highlights put into her hair. – Ол шашының кейбір тұсын ақсары етіп бояпты. 3. highlights (technical) суреттің, фотографияның ашық не ақшыл бөлігі