hint [hɪnt] A.n 1.ым, тұспал, ишара, меңзес, астар, ой, емеурін ¨He gave a broad hint that he was thinking of retiring. – Ол отставкаға кетпек ойы бар екендігін ашық меңзеді. ¨Should I drop a hint to Matt? – Мәттке ымдайын ба? ¨He resented any hint that he might be to blame. – Ол өзінің кінәлі болуы мүмкін екендігі туралы ойды жуытпады. 2.белгі, нышан, тұспал (syn: sign) ¨At the first hint of trouble, they left. – Пәле қылаң бере олар кетіп қалды. ¨The opening scene gives us a hint of things to come. – Алғашқы сахна келер нәрселер жайлы тұспалдайды. 3. ~ (of sth) тап (бірн-ң), белгі (syn: suggestion, trace) ¨a hint of a smile – жымиыс табы, жымиған болу ¨There was more than a hint of sadness in his voice. – Дауысынан жабырқаңқы үн білініп тұрды. ¨The walls were painted white with a hint of peach. – Аққа боялған қабырғаларда болар-болмас шабдалы рең білініп тұрды. ¨Gail searched his face for the slightest hint of regret. – Гейл сәл де болса өкініп пе екен деп оның жүзін барлады. 4. ~ (on sth) ақыл, кеңес, мәлімет (syn: tip) ¨handy hints on saving money – ақшаны қалай сақтау жөніндегі оң кеңес ¨useful hints – пайдалы кеңес 5. (idm) *take a/the hint ымды, ой астарын түсіну ¨I thought they'd never go - some people just can't take a hint. – Олар ешқашан кетпейтін шығар деп ойладым – кейбір адамдар ымды түсінбейді. ¨Sarah hoped he'd take the hint and leave her alone. – Сара ол өзінен-өзі түсініп, оны жалғыз қалдыратын шығар деп үміттенген. B.v астарлай, тұспалдай, меңзей, ымдай айту ¨~ at sth What are you hinting at? – Нені айтқың келіп тұр/Нені астарлап тұрсың? ¨~ (that)… They hinted (that) there might be more job losses. – Олар тағы да (жұмыста) қысқартулардың болатынын тұспалдады. ¨‘I might know something about it,’ he hinted. – «Бұ(л) жайлы бірдеңе білетін шығармын», деп ол тұспалдады/астарлады.