history [ˈhɪstri] n (pl histories) 1.тарих ¨a turning point in human historyадамзат тарихындағы бетбұрысты кезең ¨one of the worst disasters in recent history – соңғы кездердегі ең сұмдық апаттардың бірі ¨a people with no sense of history – тарихи түйсігі жоқ адамдар ¨Many people throughout history have dreamt of a world without war. – Көптеген адамдар/халықтар тарихта соғыссыз дүние/әлем жайлы армандаған. ¨The area was inhabited long before the dawn of recorded history. – Адамдар бұл өңірде жазба тарих пайда болғаннан әлдеқайда бұрын тіршілік еткен. ¨These events changed the course of history. – Бұл оқиғалар тарих ағынын өзгертті/өзгерткен. ¨the history of Ireland/democracy/popular music – Ирландия/демократия/эстрадалық музыка тарихы ¨The local history of the area is fascinating. – Аймақтың тарихы – тамсандырарлық/Аймақтың трихы тамсандырады. ¨The school traces its history back to 1865. – Мектеп тарихы 1865 жылдан басталады. ¨a history teacher – тарихы (пәнінің) мұғалімі ¨a degree in History – тарихтан ғылыми дәреже ¨social/economic/political history – әлеуметтік/экономикалық/саяси тарих, әлеумет/экономика/саясат тарихы ¨ancient/medieval/modern history – ежелгі дүние/орта ғасырлар/қазіргі заман тарихы ¨She's studying art history. – Ол өнер тарихын оқуда. ¨She's writing a new history of Europe. – Ол Европаның жаңа тарихын жазуда. ¨She went on to catalogue a long history of disasters. – Ол апаттардың ұзақ тарихын каталогтеуге/тізімдеуге кірісті. 2. ~ (of sth) адамның жеке тарихы, өткені, бұрынғысы ¨He has a history of violent crime. – Оның дүлей(лікпен жасаған) қылмыс тарихы бар/Ол бұдан бұрын да дүлей қылмыс жасаған. ¨There is a history of heart disease in my family. – Әулетімізде жүрек ауруы бар. ¨a patient's medical history – пациенттің/науқастың ем/медициналық тарихы 3. (idm) *be history (informal) өлу; біту; маңызын жоғалту ¨Another mistake like that and you're history. – Алындағыдай тағы бір қате болса – құрығаның. ¨We won't talk about that - that's history. – Ол жайлы айтпаймыз; ол – өткен іс. ¨That's past history now. – Ол енді өткен нәрсе. *the history books «тарих кітаптары», ұлы жетістіктер тізбегі ¨She has earned her place in the history books. – Ол өз еңбегімен тарихқа енді. *history repeats itself тарих өзін қайталайды, бір жайттың қайталануы ¨Years later family history repeated itself with Eve's daughters. – Жылдар өте үйелмен тарихындағы осындай жайт Еваның қыздарында да болды. *make history/go down in history тарихқа ену, тарихта қалу ¨a discovery that made medical history – медицина тарихына енген ғылыми жаңалық