hit [hɪt] A.v (hitting, hit, hit) 1.ұру, соғу, салу ¨~ sb/sth My parents never used to hit me. – Ата-анам тегі мені ұрған емес. ¨~ sb/sth with sth He hit the nail squarely on the head with the hammer. – Ол шегенің үстінен балғамен ұрды. ¨She hit him on the head with her umbrella. – Ол оны қолшатырымен басынан ұрды/салды. ¨She hit the ball too hard and it went out of the court. – Оның допты соққаны/ұрғаны соншама, алаңнан шығып кетті. ¨We've hit our ball over the fence! – Допты ұрып, шарбақтан асырып жібердік! 2. ~ sth/sb соғ(ыл)у, ұр(ыл)у, тию ¨The bus hit the bridge. – Автобус көпірге барып соғылды. ¨I was hit by a falling stone. – Маған құлаған тас тиді. ¨~ sth (on/against sth) He hit his head on the low ceiling. – Ол басын аласа төбеге соқты. 3. ~ sb/sth (оқ) тию, (бомба) түсу ¨The town was hit by bombs again last night. – Қалаға түнде тағы да бомбалар түсті. ¨He was hit by a sniper. – Оған снайпердің оғы тиген. 4. ~ sth (sport) доп соғып ұпай алу, т.с.с. 5. ~ (sb/sth) оңдырмау, соққы болу ¨The tax increases will certainly hit the poor. – Салықтың өсуі кедей-кепшікті оңдырмайды. ¨His death didn't really hit me at first. – Оның өлімі алғашында маған пәлендей ауыр тимеді. ¨Rural areas have been worst hit by the strike. – Ауылды аймақтарды ереуіл есеңгіретіп кетті. ¨Spain was one of the hardest hit countries. – Испания оңбай зардап шеккен елдердің бірі болды. ¨A tornado hit on Tuesday night. – Сейсенбі күні түнде дауыл ойран салды. 6. ~ (sb/sth) соққы беру, ұрыс салу ¨We hit the enemy when they least expected it. – Оларға күтпеген кезде соққы бердік. 7. ~ sth (informal) (келіп) жету ¨Follow this footpath and you'll eventually hit the road. – Мына соқпақпен жүре бер, сөйтіп ақыры жолға жетесің. ¨The President hits town tomorrow. – Президент қалаға ертең келеді. 8. ~ sth (белгілі бір деңгейге) жету ¨Temperatures hit 40° yesterday. – Температура кеше 40°-қа жетті. ¨The euro hit a record low in trading today. – Бүгінгі саудада евро ең төменгі деңгейге жетті/омақасты. ¨(BrE) We hit top form in yesterday's match. – Кешегі матчта өте жақсы ойнадық. 9. ~ sth (informal) қиындыққа ұшырау, душар болу ¨We seem to have hit a problem. – Бір проблемаға тап болған сияқтымыз. ¨Everything was going well but then we hit trouble. – Бәрі дұрыс болатын, сосын бір пәлеге ұшырадық. 10. ~ sb (informal) кенет еске түсу, ойына сап ете түсу ¨I couldn't remember where I'd seen him before, and then it suddenly hit me. – Оны бұрын көрдім бе/көрген-көрмегенімді есіме түсіре алмадым, сосын кенет ойыма сап ете түсті. 11. ~ sth (informal) кнопканы, тетікті басу ¨Hit the brakes! – Тежегішті/Тормозды бас! 12. (idm) *hit (it) big (informal) өте табысты болу ¨The band has hit big in the US. – Бұл (эстрад-қ) топ АҚШ-та өте табысты болды. *hit the buffers (informal) сәтсіздікке ұшырау, сүріну, омақасу ¨The former tennis star's comeback trail hit the buffers yesterday when she lost in straight sets. – Бұрынғы теннис жұлдызының спортқа оралмақ ниеті кеше екі сетте қатарынан жеңіліп сәтсіздікке ұшырады. *hit the ceiling/roof (informal) ашуланып кету, ызаға бөгіп кету *hit the deck (informal) жығылу *hit the ground running (informal) істі ұршықша иіріп әкету *hit the hay/sack (informal) ұйқыға кету, жату *hit a/the wall тығырыққа тірелу, ісі өнбеу; әлі құру ¨We hit a wall and we weren't scoring. – Діңкелеп, ұпай ала алмай жаттық. ¨I've hit a wall with my marathon training. – Ұзақ-сонар дайындықтан діңкеледім/қалжырадым. ¨What do you do when you hit the wall at work? – Жұмыста ісің өнбегенде не істейсің? *hit sb (straight/right) in the eye «көзге ұру», көпе-көрнеу болу, көрініп тұру *hit it (informal) кіріс, баста ¨Hit it, Louis! – Ал баста, Льюис! *hit it off (with sb) (informal) біреумен жақсы достық қатынаста болу ¨We hit it off straight away. – Біз бірден достасып кеттік. *hit the jackpot лотореяны, т.с.с. ұтып алу *hit the nail on the head шегені басқа қаққандай болу, шындықты бетке айту *hit the road/trail (informal) сапарды/серуенді бастау *hit the roof ашуланып кету, ашуға бөгіп кету *hit the spot (informal) дәл тию, тиісті нәрсесін істеу *hit the streets/hit the shops/stores (informal) жаппай сатуға шығару ¨The new magazine hits the streets tomorrow. – Жаңа журнал ертең сатылатын болады. *hit sb when they're down жығылғанға жұдырық жұмсау *hit sb where it hurts жанды жерінен ұру, осал, ұрымтал тұсынан ұру 13. (phr v) *hit back (at sb/sth) «кері соғу», (шабуылға, сынға) жауап қайтару, есе қайтару (syn: retaliate) ¨In a TV interview she hit back at her critics. – Телеинтервью/Телесұхбат кезінде ол өзін сынаушыларға жауап қайтарды. *hit on sb (NAmE, slang) біреуге қырындау, тиісу *hit on/upon sth (rather informal) кенет ойға келу ¨She hit on the perfect title for her new novel. – Ол жаңа романына тамаша ат тапты. *hit out (at sb/sth) дүрсе қоя беру, шабуылдау; сынау, сөгу ¨I just hit out blindly in all directions. – Барлық жақпен көрмесем де айқастым. ¨In a rousing speech the minister hit out at racism in the armed forces. – Қызу сөзінде министр қарулы күштердегі нәсілшілдікті қатты сынға алды/сөкті. *hit sb up for sth/hit sb for sth (NAmE, informal) ақша сұрау ¨Does he always hit you up for cash when he wants new clothes? – Жаңа киім керек болғанда ол ылғи да сенен/сізден ақша сұрай ма? *hit sb with sth (informal) төбесінен жай түскендей ету, таңғаларлық не шошытарлық бірнәрсе айту ¨How much is it going to cost, then? Come on, hit me with it! – Мұның бағасы қанша болады онда? Ал қане, айтып салшы! B.n 1.соққы; соғу, ұру ¨Give it a good hit. – Жақсылап соқ. ¨He made the winning hit. – Ол жеңісті соққыны істеді. ¨The bomber scored a direct hit on the bridge. – Бомбалаушы (ұшақ) көпірге дәл тиді. ¨The aircraft suffered seven hits in the raid. – Шабуыл кезінде ұшаққа жеті рет тиді. 2.өте табысты, беделді (адам, нәрсе), хит, һіт ¨The duo were a real hit in last year's show. – Өткен жылғы шоу кезінде дует өте табысты болды/нағыз хит/һіт болды. ¨a hit musical – музыкалық хит (һіт) ¨The film was a hit for him in 2008. – Фильм ол үшін 2008 жылы хит/табысты болды. ¨Her new series is a smash hit. – Оның жаңа сериалы керемет һіт/хит (сәтті шыққан). ¨They are about to release an album of their greatest hits. – Олар өздерінің керемет хиттерінің (нөмерлерінің) альбомын шығарайын деп жатыр. ¨She played all her old hits. – Ол өзінің ескі һіттерін ойнады. ¨a hit record/single – хит/һіт таспа/соло 3. (slang) ішілген есірткі, доза ¨a hit of cocaine/heroin – кокаин/героин һіті/хиті (дозасы) 4. (slang, especially NAmE) ауыр қылмыс, кісі өлтіру 5.тию, интернетте іздеу нәтижесі ¨How many hits did you get? – Қанша рет тидің? 6.(idm) *be/make a hit (with sb) бір көргеннен жақсы көру ¨You've made a big hit with Bill. – Билл сені сондай жақсы көріп қалды. *take a hit жапа шегу, соққы алу ¨The airline industry took a hit last year. – Авиация индустриясы өткен жылы есеңгіреп қалды.