hold [həʊld] A.v (held, held [held]) 1. ~ sb/sth ұстау, қысып ұстау ¨She was holding a large box. – Ол үлкен жәшік ұстап тұрған болатын. ¨I held the mouse by its tail. – Тышқанды құйрығынан ұстадым. ¨The girl held her father's hand tightly. – Қыз әкесінің қолынан мықтап ұстаған. ¨He was holding the baby in his arms. – Ол сәбиді құшағында ұстап тұрды. ¨The winning captain held the trophy in the air. – Жеңімпаз команда капитаны трофейді/жүлдені жоғары көтерді. ¨We were holding hands. – Бір-біріміздің қолымыздан ұстап тұрдық. ¨The lovers held each other close. – Ғашықтар бір-бірін құшақтай ұстады. 2. ~ sth қолымен басу, ұстау ¨She groaned and held her head. – Ыңыранып басын ұстады. 3.белгілі бір жайда, күйде, позицияда ұстау ¨~ sth Hold your head up. – Басыңды көтер/тік ұста. ¨Hold this position for a count of 10. – 10-ға дейін санағанша осы күйде тұр. ¨The wood is held in position by a clamp. – Ағашты қысқыш қысып тұрады/орнықтырады. ¨I had to hold my stomach in to zip up my jeans. – Замогымды салу үшін ішімді тартуыма тура келді. ¨~ sth I'll hold the door open for you. – Сен үшін есікті ашып тұрамын. 4. ~ sb/sth көтеру, шыдау ¨I don't think that branch will hold your weight. – Ол бұтақ салмағыңды көтереді деп ойламаймын. 5. ~ sb/sth сыю ¨This barrel holds 25 litres. – Бұл кеспекке/бөшкеге 25 литр сыяды. ¨The plane holds about 300 passengers. – Ұшаққа 300-дей жолаушы сыяды. 6.қамау, қамауда, тұтқында ұстау ¨~ sb Police are holding two men in connection with last Thursday's bank raid. – Полиция бейсенбі күнгі банкке шабуылға орай екі кісіні қамауға алды/ қамауда ұстауда. ¨~ sb He was held prisoner for two years. – Ол екі жыл тұтқында болды. 7. ~ sth бақылауында ұстау; басып алу, бақылауға алу ¨The rebels held the radio station. – Көтерілісшілер радиостанцияны ұстап тұрды. 8.шыдау, төтеп беру ¨They were afraid the dam wouldn't hold. – Олар дамба/бөген шыдамайды деп қорықты. 9.өзгермеу, сол қалпында қалу ¨How long will the fine weather hold? – Жақсы ауа райы қанша созылады? ¨If their luck holds, they could still win the championship. – Жолдары болса, әлі де чемпионатты жеңе алады. 10. ~ sth көзге іліну, қызықтыру ¨There wasn't much in the museum to hold my attention. – Музейде мені қызықтыра қойған онша ештеңе болмады. 11. ~ sth (at sth) белгілі бір қалыпта ұстау, сақтау ¨Hold your speed at 70. – Жылдамдығыңды 70-те ұста. ¨Interest rates have been held at 8% for a year now. – Проценттік ставка бір жыл болды 8% деңгейінде қалуда. 12. ~ sth сақтау, біреуде болу ¨records held on computer – деректер компьютерде сақталған ¨Our solicitor holds our wills. – Өсиеттеріміз адвокатымызда. ¨We can hold your reservation for three days. – Заказыңызды үш күнге дейін ұстап тұра аламыз. 13. ~ sth (rather formal) иелену, иелігінде болу ¨Employees hold 30% of the shares. –Акцияның 30%-і   қызметкерлерде. 14. ~ sth қызметте болу ¨How long has he held office? – Ол (бұл) қызметте қанша болды? ¨Mrs Thatcher held the post of Prime Minister longer than anyone else last century. – Тэтчер ханым өткен ғасырда премьер-министр қызметінде басқаларына қарағанда көбірек болды. 15. ~ sth қол жеткізу, біреуде (атақ) болу ¨Who holds the world record for the long jump? – Ұзындыққа секіруден әлем рекорды кімде? ¨She held the title of world champion for three years. – Ол үш жыл бойы әлем чемпионы атағын иемденді. 16.пікірі болу, көзқарас ұстану ¨~ sth He holds strange views on education. – Ол оқу/білім алу жөнінде қызық/өзгеше пікір ұстанады. ¨~ sb/sth She is held in high regard by her students. – Оқушылары оны өте құрметтейді. ¨firmly-held beliefs – берік орныққан/тамыры терең түсініктер 17. (formal) пайымдалу, есептелу ¨~ that… I still hold that the government's economic policies are mistaken. – Мен әлі де үкіметтің экономикалық саясаты қате деп есептеймін. ¨~ sb/sth Parents will be held responsible for their children's behaviour. – Ата-аналар балаларының тәртібі үшін жауапты болатын болады. ¨be held to be sth These vases are held to be the finest examples of Greek art. – Бұл вазалар грек өнерінің тамаша туындылары санатында/деп есептелінеді. 18. ~ sth (кездесу, т.с.с.) өткізу, ұйымдастыру ¨The meeting will be held in the community centre. – Кездесу қауым орталығында өтетін болады. ¨It's impossible to hold a conversation with all this noise. – Мына у-шуда әңгімелесу мүмкін емес. ¨The country is holding its first free elections for 20 years. – Ел 20 жылда алғаш рет еркін сайлау өткізуде. 19. ~ the road (көлік ж) жолда жақсы қозғалу 20. ~ a course (кеме, ұшақ ж) белгілі бір бағытта жылжу 21. ~ sth ырғақты соза тұру 22. (телефон ж) желіде бола/тұра тұру ¨That extension is busy right now. Can you hold? – Ол ішкі нөмер қазір бос емес. (Желіде) тұра тұрасыз ба? ¨~ the line She asked me to hold the line. – Маған (желіде) тұра тұр деді. 23. ~ sth тұра тұру, істемеу ¨Hold your fire! – Атпа! ¨Hold the front page! – Алғашқы бетті баспай тұра тұр! ¨(NAmE, informal) Give me a hot dog, but hold the mustard. – Маған хот-дог беріңізші, бірақ қышаның (горчицаның) керегі жоқ. 24. (idm) *hold good шын, рас болу ¨The same argument does not hold good in every case. – Ол дәлел/аргумент кез келген іске жарамды емес. *hold it (informal) күте тұр(ыңыз), тұра тұр(ыңыз) ¨Hold it a second - I don't think everyone's arrived yet. – Бір сәтке кідірсең(із) – бәрі келіп болмады-ау деймін. *there is no holding sb біреуге кедергі, бөгет бола алмайсың ¨Once she gets on to the subject of politics there's no holding her. – Саясат жайлы айтқанда оған тежеу жоқ. *hold sth against sb жазғыру ¨It was his mistake, but I won't hold it against him. – Бұл оның қатесі, бірақ мен оны жазғырмаймын. *hold sb/sth back тежеу, бөгеу ¨The police were unable to hold back the crowd. – Полицияның топты тежеуге шамасы жетпеді. ¨The dam was not strong enough to hold back the flood waters. – Бөгеннің тасқын суларға төтеп бере аларлық шамасы болмады. ¨Do you think that mixed-ability classes hold back the better students? – Қабілеті әртүрлі кластар/сыныптар жақсы оқушыларға кедергі болады деп ойламайсыз ба? ¨We are determined that nothing should hold back the peace talks. – Бейбіт келіссөздерді ешнәрсе тежемеуі тиіс деп бел буып отырмыз. *hold sth back айтпай қалу, үндемей қалу; білдірмеу, ірку ¨to hold back information – ақпарды тежеу/ірку ¨I think he's holding something back. – Ол бірдеңені айтпай/іркіп тұр деп ойлаймын. I'm sure he knows more than he admits. – Оның өзі айтқаннан көп білетінін ішім сезеді. ¨She just managed to hold back her anger. – Ол ашуын ірке/тежей алды. ¨He bravely held back his tears. – Ол көз жасын намыстана ірікті. *hold back (from doing sth)/hold sb back (from doing sth) тартын(дыр)у, имен(дір)у, кібіртіктеу ¨She held back, not knowing how to break the terrible news. – Ол сұмдық хабарды қалай жеткізерін білмей кібіртіктеді. ¨I wanted to tell him the truth, but something held me back. – Оған шындықты айтайын дегенмін, бірақ бірнәрсе іштей тежеді. *hold sb down ұстау, қозғалтпау ¨It took three men to hold him down. – Оны үш адам жабылып тоқтатты. ¨The people are held down by a repressive regime. – Қатыгез режим адамдарды тыпыр еткізбейді/қатаң бақылауда ұстайды. *hold sth down a) төмен деңгейде ұстау, сақтау ¨The rate of inflation must be held down. – Инфляция деңгейін төмен ұстап тұру керек. b) жұмысынан айырылмау ¨He was unable to hold down a job after his breakdown. – Денсаулығы нашарлағаннан кейін ол жұмыста қала алмады. c) (NAmE, informal) шуды, т.б. бәсеңдету ¨Hold it down, will you? I'm trying to sleep! – Шуды азайтыңдаршы, ұйықтай алмай жатырмын! *hold forth сөйлеп тұрып алу, сөйлеп қоймай қою *hold sth in (сезімін) білдірмеу, іштен тыну ¨to hold in your feelings/anger – сезімін/ашуын сыртқа шығармау (opp: let sth out) *hold off a) (жауын, дауыл ж) басталмау, тұра тұру ¨The rain held off just long enough for us to have our picnic. – Көкте/Пикникте көңіл көтергенімізше жаңбыр басталған жоқ. b) кідіру, тоқтай, тұра тұру ¨We could get a new computer now or hold off until prices are lower. – Жаңа компьютерді қазір алсақ та болады немесе баға түскенше күте тұрсақ та болады. ¨~ doing sth Could you hold off making your decision for a few days? – Бірнеше күн бір ұйғарымға/шешімге келмей тұра тұрасың(ыз) ба? *hold sb/sth off төтеп беру, тойтару ¨She held off all the last-minute challengers and won the race in a new record time. – Ол анталаған қарсыластарына төтеп беріп, жарысты жаңа рекордпен жеңді. *hold on a) (informal) тұра, кідіре тұру (syn: wait) ¨Hold on a minute while I get my breath back. – Ентігімді басқанша сәл кідіре тұршы. ¨Hold on! This isn't the right road. – Тұра тұр! Бұл дұрыс жол емес. b) шыдау, төтеп беру ¨They managed to hold on until help arrived. – Көмек келгенше олар шыдай тұрды/алды. c) (informal) (телефон желісінде) күте, тұра тұру ¨Can you hold on? I'll see if he's here. – Тұра тұрасыз ба? Ол осында ма көрейін. *hold sth on орнықтыру, ұстап тұру, ұстау, бекіту ¨These nuts and bolts hold the wheels on. – Бұл гайкалар мен болттар/бұрандалар дөңгелектерді ұстап тұрады/орнықтырады. ¨The knob is only held on by sticky tape. – Тұтқаны/Тиекті жабысқақ таспа ғана ұстайды. *hold on (to sth/sb)/hold on to sth/sb ұстай тұру, жібермеу ¨Hold on and don't let go until I say so. – Ұстай тұр, мен айтқанша жіберме. ¨He held on to the back of the chair to stop himself from falling. – Ол құлап кетпес үшін креслоның арқасына жабысып жібермеді. ¨It's very windy - you'd better hold on to your hat. – Жел қатты екен – қалпағыңды қолыңа алғаның дұрыс болар. *hold on to sth/hold onto sth айырылмау, бермеу, ұстай тұру ¨You should hold on to your oil shares. – Мұнай акцияларыңа тиіспегенің жөн. ¨She took an early lead in the race and held on to it for nine laps. – Ол шүу дегеннен алға шығып, тоғыз айналым бойы ешкімді оздырмады. ¨I'll hold on to your mail for you until you get back. – Сен оралғанша саған келетін хат-хабарға қарай тұрамын. *hold out шыдау, төтеп беру; жеткілікті болу, жету ¨We can stay here for as long as our supplies hold out. – Бұл жерде азық-түлігіміз(дің) жеткен(ін)ше/таусылған(ын)ша тұра тұрсақ болады. ¨The rebels held out in the mountains for several years. – Көтерілісшілер тауда бірнеше жыл болды (шыдады). *hold out sth бірнәрседен дәмелену ¨Doctors hold out little hope of her recovering. – Дәрігерлер ол сауығып кетеді деп үміттенбейді/дәмеленбейді. *hold sth out қолын (алға) созу ¨I held out my hand to steady her. – Оны орнықтыру үшін/Ол құлап қалмасын деп қолымды создым. ¨He held out the keys and I took them. – Ол кілттерді ұсынған соң алдым. *hold out for sth дәмелену, күте тұру ¨The union negotiators are holding out for a more generous pay settlement. – Кәсіподақтың келіссөз жүргізушілері жалақының молырақ болуынан дәмеленуде. *hold out on sb (informal) айтпай, бермей қою *hold sth over a) кіріспей тұра тұру (syn: postpone) ¨The matter was held over until the next meeting. – Мәселе келесі жиналысқа дейін қалдырылды. b) (киноны, пьесаны) ұзағырақ көрсету ¨The movie proved so popular it was held over for another week. – Фильмге жұрт сондай қызығып/қызыққандықтан тағы бір аптаға созды. *hold sth over sb біреуді бопсалау, біреуді бірнәрсемен қорқыту *hold sb to sth a) біреудің берген уәдесін орындату/орындатқызу b) тежеу, мүмкіндік бермеу, мәжбүр ету ¨The league leaders were held to a 0-0 draw. – Лига озаттары/көшбасшылары 0-0 ойнауға мәжбүр болды. *hold together/hold sth together a) бір болу, айырылмау, жіктелмеу ¨A political party should hold together. – Саяси партия(ның) бөлінбеуі/бірауызды болуы керек. ¨It's the mother who usually holds the family together. – Жанұяның берекесін кіргізетін – ана/шеше. b) (теория, әңгіме ж) қисынды болу, (шындықпен) қабысу ¨Their case doesn't hold together when you look at the evidence. – Айғаққа қарағанда олардың ісі қабыспайды. c) (жабдық, тсс ж) сақадай сай болу, барлық бөлшектері мінсіз/ақаусыз болу *hold up шыдамды болу, мойымау ¨She's holding up well under the pressure. – Ол қысымнан/қиындықтан мойымауда. *hold sb/sth up a) демеу, ұстап қалу, құлатпау b) кешіктіру, тежеу ¨An accident is holding up traffic. – Жол оқиғасы көлік қозғалысын тежеуде. ¨My application was held up by the postal strike. – Менің жолдаған өтінішімді почташылардың ереуілі тежеді. c) мысал ретінде пайдалану ¨She's always holding up her children as models of good behaviour. – Ол ылғи да балаларымның тәртібі жақсы деп мақтанады/Ол ылғи да балаларының тәртібін басқаларға үлгі боларлықтай көрсетеді. ¨His ideas were held up to ridicule. – Олардың идеялары жұртқа күлкі болды. *hold up sth ұрлау, тонау ¨Two masked men held up the grocery store. – Маскалы екі адам азық-түлік дүкенін тонап кетіпті. ¨They held her up at gunpoint. – Олар оны қару кезеніп тонап кетіпті. *hold with sth келісу, құптау (syn: approve of) ¨I don't hold with the use of force. – Әкіреңді құптамаймын. ¨~ doing sth They don't hold with letting children watch as much TV as they want. – Олар балалардың телевизорды еркінше көргенін құптамайды. B.n 1.(қысып) ұстау (syn: grip) ¨His hold on her arm tightened. – Ол оның қолын қыса түсті. ¨She tried to keep hold of the child's hand. – Ол/Оның баланың қолынан мықтап ұстағысы келді. ¨Make sure you've got a steady hold on the camera. – Камераны мықтап ұста(ңыз). 2. (күресте, тб қарсыласын) ұстау ¨The wrestler put his opponent into a head hold. – Күресші қарсыласының басын қысып ұстап алды. ¨The exercise called for the recruits to get out of various holds. – Жаттығу үйренушілерге түрлі ұстау тәсілдерін үйретеді. 3. ~ (on/over sb/sth) әсері болу, бақылауда, тізгінде ұстау ¨What she knew about his past gave her a hold over him. – Оның (еркектің) өткені жайлы білгендіктен ол (әйел) оны тізгінде ұстады. ¨He struggled to get a hold of his anger. – Ол (өз) ашуын ауыздықтамақ болып бақты. 4.(тауға өрмелегенде) ұстайтын, аяқ қоятын тұс ¨She put her foot firmly in the hold and pulled herself up. – Ол мықтап аяғын тіреді де жоғары ұмтылды. 5.жүк бөлігі, қоймасы (кеме, ұшақтың) 6. (idm) *catch, get, grab, take, etc. (a) hold of sb/sth (қолымен) ұстау, уысына алу ¨He caught hold of her wrists so she couldn't get away. – Ол (еркек) білектерінен ұстап алғандықтан ол (әйел) өзін босата алмады. ¨Lee got hold of the dog by its collar. – Ли итті қарғыбауынан ұстады. ¨Quick, grab a hold of that rope. – Тез, ана арқанды шап бер/ұста. ¨Gently, she took hold of the door handle and turned it. – Ол есіктің тұтқасын жұмсақ ұстады да бұрады. *get hold of sb біреумен хабарласу, біреуді табу ¨Where have you been? I've been trying to get hold of you all day. – Қайда жүрдің? Күні бойы іздедім ғой. ¨Eventually, we got hold of Dan in New York. – Ақыры Дәнді Нью-Йорктен таптық. ¨Do you know where I can get hold of a good plumber? – Жақсы сантехникті қайдан тапса болады?  *get hold of sth a) табу, керек болу ¨I need to get hold of Tom's address. – Маған Томның адресі керек. ¨It's almost impossible to get hold of tickets for the final. – Финалға билет табу мүмкін емес деуге болады. ¨The police do not know how the boy got hold of the knife. – Полиция баланың пышақты қалай алғанын білмейді. ¨How did the press get hold of the story? – Бұл әңгімені баспасөз қайдан білген? b) ұғу, аңдау *no holds barred емін-еркін әрі шектеусіз ¨There will be no holds barred in his interview with the president this evening. – Оның президентпен бүгін кешкі интервьюі емін-еркін жағдайда өтеді. *on hold a) тежей, тоқтата тұру ¨She put her career on hold to have a baby. – Ол сәбилі болу үшін қызметін/карьерасын тоқтатып қойды. ¨The project is on hold until more money is available. – Көбірек ақша/қаражат табылғанша жоба тоқтай/тоқтап тұратын болады. ¨The department has placed its plans on hold pending the results of the elections. – Сайлаудың нәтижесін күте министрлік жоспарларын тоқтатып қойды. b) (телефон желісінде) күте тұру ¨(BrE) I'll just pop you on hold. – Сізді кезекке қоямын. *take (a) hold тарау, күшею ¨Panic took hold of him and he couldn't move. – Шошығаннан қозғала алмай қалды. ¨They got out of the house just before the flames took hold. – Үй енді өртке орана бере олар шығып үлгерді. ¨It is best to treat the disease early before it takes a hold. – Ауруды/Дертті асқындырмай тұрып емдеген жөн.