hole [həʊl] A.n 1.ойық, тесік ¨He dug a deep hole in the garden. – Ол бақшаның бір тұсын терең етіп қазды. ¨The bomb blew a huge hole in the ground. – Бомба жерді ойып түсірді/жіберіпті. ¨Water had collected in the holes in the road. – Жолдағы ойықтарға су жиналып қалыпты/қалған. 2.тесік, саңылау, ойық ¨to drill/bore/punch/kick a hole in sth – бұрғылап тесу/ұрып/теуіп тесу ¨There were holes in the knees of his trousers. – Сымының тізесінде тесіктер/ойықтар болды. ¨The children climbed through a hole in the fence. – Балалар шарбақтағы тесік арқылы шығып өрмелеген. ¨a bullet hole – оқ тесігі/оқ тиген жер ¨the hole in the ozone layer – озон қабатындағы тесік/ойық ¨(ауысп. мағ.) After his wife left, there was a gaping hole in his life. – Әйелі тастап кеткен/кетіп қалған соң өмірі үңірейді де қалды. ¨(ауысп. мағ.) Buying the new equipment left a big hole in the company's finances. – Жаңа жабдықты алған соң компанияның бюджеті үңірейіп қалды.3.ін ¨a rabbit/mouse – қоян/тышқан іні 4. (informal, disapproving) «ойық», нашар жер (syn: dump) ¨I am not going to bring up my child in this hole. – Мен мына түзде баламды өсірейін деп тұрғамын жоқ. 5. (гольф ойынындағы) ойық, ұя ¨The ball rolled into the hole and she had won.Доп ойыққа/ұяға домалап барып түсті де ол жеңді. 6.қате, кемшілік, олқылық ¨He was found not guilty because of holes in the prosecution case. – Істегі олқылықтарға байланысты оны кінәлі деп таппады. ¨I don't believe what she says - her story is full of holes. – Оның айтып тұрғанына сенбеймін – әңгімесінде қиыспайтын тұстар көп. 7. (idm) *in a hole (informal) қиын жағдайда ¨He had got himself into a hole and it was going to be difficult to get out of it. – Ол өзін қиын жағдайда қалдырды да одан шығу қиын болатын. *in the hole (NAmE, informal) қарыз(дар) (syn: in debt) ¨We start the current fiscal year $30 million in the hole. – Қазіргі қаржы жылын $30 миллион(дық) қарызбен бастадық. *make a hole in sth ақшаны көп жұмсау ¨School fees can make a big hole in your savings. – Мектеп ақшасы қалтаны үңірейтуі мүмкін. B.v 1. ~ sth (кеме, қайық ж) тесілу, ойылу ¨The ship had been holed by a missile. – Кемені ракета тескен. ¨The hull was holed in several places. – Кеме корпусы бірнеше жерден ойылған. 2. (гольфте) ұяға/ойыққа доп түсіру 3. (phr v) *hole up/be holed up (informal) жасырыну, тығылу ¨He'll hole up now and move again tomorrow, after dark. – Ол қазір тығылады да ертең қараңғыда қайта жылжиды. ¨We believe the gang are holed up in the mountains. – Қылмыскерлер тауда жасырынған деп ойлаймыз.