hollow [ˈhɒləʊ] A.adj 1.(іші) қуыс, кеуек, бос ¨a hollow ball/centre/tube – іші қуыс доп/орта (центр)/түтік ¨The tree trunk was hollow inside. – Ағаштың діңі қуыс/кеуек еді. ¨Her stomach felt hollow with fear. – Зәресі зәр түбіне кетті. 2. (беттің, жүздің кейбір тұстары ж) шүңірейген, шөккен ¨hollow eyes/cheeks – көзі шүңірейген/жағы суалған ¨hollow-eyed from lack of sleep – ұйқысыздықтан көздері шүңірейген 3.(дыбыс ж) бос, бәсең, гуілдеген, дыңылдаған ¨a hollow groan – бәсең ыңыл 4.бос, құрғақ, шынайы, пәк емес ¨hollow promises/threats – бос/құрғақ уәде/қорқыту ¨a hollow laugh – бос/құрғақ күлкі ¨Their appeals for an end to the violence had a hollow ring. – Олардың бұзақылықты тыюға үндеуі – бос сөз. 5.маңызы жоқ ¨to win a hollow victory – маңызы шамалы жеңіске жету B.n 1.ой, ойық, ойпат, сай, шұңқыр, аласа жер ¨muddy hollows – саздақ/батпақ ой(пат) ¨The wheelbarrow got stuck in a hollow. – Қол арба ойыққа тіреліп қалды. ¨The village lay secluded in a hollow of the hills. – Ауыл жотаның/қырқаның ішіндегі сайда жатты. ¨She noticed the slight hollows under his cheekbones. – Ол оның бетінің астындағы шүңірейіңкіреген тұстарды байқады. 2.қуыс, ін ¨The squirrel disappeared into a hollow at the base of the tree. – Тиін ағаштың түбіндегі қуысқа/інге кіріп кетті. C.v 1.~ sth шөгу, бату ¨The stairs have been hollowed by centuries of use. – Баспалдақтар ғасырлар бойғы қолданыстан шөккен. 2. (phr v) *hollow sth out қуыс ету, үңгу, ою, кеулеу ¨Hollow out the cake and fill it with cream. – Тортты ойып, ішіне крем толтыр. ¨a gun concealed in a hollowed-out book – іші бос/қуыс кітапқа жасырған қару ¨The cave has been hollowed out of the mountainside. – Таудың бір беткейін кеулеп үңгір қазған.