home [həʊm] A.n 1.үй, үй-жай, тұрақ, мекен, қоныс, баспана, отау ¨We are not far from my home now. – Енді менің үйімнен/қонысымнан алыс емеспіз. ¨Old people prefer to stay in their own homes. – Қарт адамдар өз үйлерінде/баспанасында тұрғысы келеді. ¨She leaves home at 7 every day. – Ол күн сайын үйден сағат 7-де кетеді. ¨the family home – жанұя үйі/қонысы ¨While travelling she missed the comforts of home. – Саяхатта жүріп ол үйдегі бейқам тірлікті сағынды. ¨He left home at sixteen. – Ол үйден он алты жасында кетті. ¨Nowadays a lot of people work from home. – Бүгіндері көп адамдар үйден жұмыс істейді. ¨I'll call you from home later. – Кейінірек өзіңмен үйімнен хабарласатын боламын. ¨(figurative) We haven't found a home for all our books yet. – Әлі барлық кітабымызды қоятын жер таппадық. ¨stray dogs needing new homes – жаңа тұраққа/мекенге/қонысқа мұқтаж қаңғыбас иттер ¨a holiday/summer home – демалыс үйі/жазғы үй/қоныс ¨A lot of new homes are being built on the edge of town. – Қаланың шетінде көптеген үйлер салынуда. ¨Private home ownership is increasing faster than ever. – Жеке үйге/баспанаға иеленушілік бұрынғыға қарағанда шапшаң өсуде. ¨They applied for a home improvement loan. – Олар үйді жөндеу үшін қарызға арыз берді. 2.туып-өскен жер; тұратын жер, мекен, қоныс ¨I often think about my friends back home. – Туған жерде қалған достарымды жиі ойлаймын. ¨Jane left England and made Greece her home. – Джейн Англияны тастап, Грецияны мекен етті/Грецияға қоныс тепті. ¨Jamaica is home to over two million people. – Ямайка екі миллионнан астам адамның мекені/қонысы. 3.жанұя, отбасы, семья, үй, үй-іші ¨She came from a violent home. – Ол бұзақы отбасынан шыққан. ¨They wanted to give the boy a secure and loving home. – Олар балаға қауіпсіз әрі аялайтын үй/жанұя тапқысы келді. ¨He had always wanted a real home with a wife and children. – Ол ылғи да әйелі, бала-шағасы бар нағыз үйді/отбасын аңсаған. 4.қарттар үйі, (жетім, тастанды) балалар үйі, кембағалдар үйі ¨a children's home – балалар үйі ¨an old people's home – қарттар үйі ¨a retirement home – зейнетке шыққандар үйі ¨a home for the mentally ill – есі кемтарлар үйі 5.иесіз үй жануарлары үйі, панасы ¨a dogs'/cats' home – иттер/мысықтар үйі/панасы 6.мекен, орта, қоныс ¨This region is the home of many species of wild flower. – Бұл аймақ/өңір - талай жабайы гүлдер өсетін мекен/гүлдердің өсетін мекені. ¨The tiger's home is in the jungle. – Жолбарыстың мекені джунглиде/ну орманда/Жолбарыс ну орманды паналайды. ¨The Rockies are home to bears and mountain lions. – Рокки тауларында аюлар мен қабыландар мекендейді/тауларын .... паналайды. ¨Arizona is home to the Grand Canyon and the Petrified Forest. – Аризонада Грәнд Каньон (Ұлы шатқал) мен Тас орман бар. ¨Beverly Hills is the home of the stars. – Беверли Һиллзда киножұлдыздар тұрады/қоныстанған. 7. the ~ of sth пайда болған, шыққан жер ¨New Orleans, the home of jazz – Жаңа Орлеан – джаздың пайда болған жері ¨Greece, the home of democracy – Греция – демократия отаны 8. (idm) *at home a) үйде ¨I phoned you last night, but you weren't at home. – Кеше кешкісін телефон шалғамын, бірақ үйде болмадың. ¨Oh no, I left my purse at home. – Ой тегі-ай, қапшығымды/әмиянымды үйде тастап кетіппін. ¨He lived at home until he was thirty. – Отызға толғанша ол өз үйінде (әке-шешесімен) болды. b) үйдегідей ¨Sit down and make yourself at home. – Отыр да үй(ің)дегідей жайғас. ¨Simon feels very at home on a horse. – Симон атқа емін-еркін отырады. c) өз елінде ¨The president is not as popular at home as he is abroad. – Президент өз елінде шетелдегідей сыйлы емес. d) өз алаңында, үйде ¨Leeds are playing at home this weekend. – Лидс осы апта соңында өз алаңында ойнайды. ¨Is the match on Saturday at home or away? – Сенбі күнгі матч өз алаңында ма/үйде ме жоқ тыста ма? *away from home a) (үйінен) алыста, тыста, сыртта ¨He works away from home during the week. – (Осы) апта бойы ол тыста жұмыс істейді. ¨I don't want to be away from home for too long. – Үйден алыста тым ұзақ болғым келмейді. b) (BrE) сыртта, басқа алаңда ¨The side has scored 24 goals away from home this season. – Бұл маусымда тыста команда 24 гол кіргізді. *a home from home (BrE) (NAmE a home away from home) үйдегідей жақсы жер ¨The guests are made to feel that the hotel is a home from home. – Мейманханада қонақтар жатырқамайтындай барлық жағдай жасалды. *home is where the heart is (saying) жүрегің қайда болса үйің сонда *home sweet home (often ironic) өз үйім – өлең төсегім *set up home (BrE) (үйленген қосақ ж) жаңа қоныста тұра бастау ¨They got married and set up home together in Hull. – Олар үйленген соң Халлға қоныстанды/тұрақтады. *when he's, it's, etc. at home (BrE, humorous) ол қандай адам, бұл не нәрсе дег мағ ¨Who's she when she's at home? – Ол жалпы қандай адам? B.adj 1.үй, мекен, қоныс, тұрақ ¨home life – үй тір(ші)лігі ¨a person's home address/town – кісінің тұратын адресі/кенті ¨We offer customers a free home delivery service. – Клиенттеріміздің үйлеріне тегін жеткіземіз. 2.үйде жасалған, үйде пайдаланылатын ¨home movies – үйде көрсетілетін фильмдер ¨home cooking – үй асы ¨a home computer – үй компьютері 3. (especially BrE) отандық, туған елдің, ішкі (syn: domestic) (opp: foreign, overseas) ¨products for the home market – ішкі базарға/рынокқа арналған өнімдер ¨home news/affairs – ішкі жаңалықтар/мәселелер 4.өз алаңы, үйдегі ¨a home match/win – өз алаңындағы/үйдегі матч/жеңіс ¨the home team – жергілікті команда ¨Rangers were playing in front of their home crowd. – Рейнджерз өз алаңында жиналған жұрт алдында ойнап жатқан. C.adv 1.үйге, үйде, т.с.с. ¨Come on, it's time to go home. – Жә, үйге қайтатын уақыт болды. ¨What time did you get home last night? – Кеше түнде үйге қаншада жеттің? ¨The trip has been exhausting and I'll be glad to be home. – Сапар қалжыратты, үйге жетіп бір қуанармын. ¨After a month, they went back home to America. – Бір айдан соң олар Америкаға еліне қайтты. ¨It was a lovely day so I walked home. – Күн тамаша болғандықтан үйге дейін жаяу бардым. ¨Anna will drive me home after work. – Жұмыстан соң мені Анна (машинасымен) әкеліп тастайды. ¨Hopefully the doctors will allow her home tomorrow. – Дәрігерлер оны ертең үйіне жіберетін шығар. ¨(NAmE) I like to stay home in the evenings. – Кешқұрым үйде болғым келеді. 2.өз орнына, өз жөніне ¨She leaned on the door and pushed the bolt home. – Ол есікке жантайып болтты орнықтырды. ¨He drove the ball home from 15 metres. – Ол 15 метрден гол кіргізді/салды. ¨The torpedo struck home on the hull of the ship. – Торпедо кеме корпусына тиді. 3. (idm) *be home and dry (BrE) (NAmE be home free) сәтті, табысты бітіру, тәмамдау ¨I could see the finish line and thought I was home and dry. – Мәре сызығын көрдім де жеттім-ау деп ойладым. *bring home the bacon (informal) табысты болу; жалақы табу ¨His friends had all gone to college or were bringing home the bacon. – Достарының бәрі де колледжге түскен немесе жұмысқа орналасқан болатын. *bring sth home to sb бірнәрсені аңдату, аңғарту ¨The sight of his pale face brought home to me how ill he really was. – Боп-боз жүзі оның қаншалықты ауру екенін аңғартты. ¨The television pictures brought home to us the full horror of the attack. – Телевизиялық хабарлар шабуылдың қаншалықты сұмдық болғанын аңдатты. *come home to sb анық, айқын болу ¨It suddenly came home to him that he was never going to see Julie again. – Кенет ол Джулиді енді қайтып ешқашан көрмейтінін ұқты. *sth comes home to roost (also the chickens come home to roost) жамандық, қате істесең не жаман, қате айтсаң болашақта өзіңе таяқ болып тиеді *hit/strike home дөп, дәл, тура тию ¨Her face went pale as his words hit home. – Сөздері дөп тигенде оның жүзі бозарып кетті. D.v (phr v) *home in on sth a) көздеп оқталу ¨The missile homed in on the target. – Ракета нысанаға оқталды. ¨a shark homing in on its victim – құрбанына/жеміне оқталған акула b) көздеу, назарын, ойын шоғырлау ¨The report homed in on the weaknesses in the management structure. – Баяндама/Есеп басқарушы құрылымның осал тұстарын баса айтты. ¨The investigation homed in on the town of Carlton. – Тергеу/Зерттеу Карлтон кентінде шоғырланды.