honour [ˈɒnə(r)] (especially US honor) A.n 1.құрмет, қадір, ардақ, қошамет ¨the guest of honour – құрметті қонақ ¨the seat/place of honour – қадірлі мейман орны ¨They stood in silence as a mark of honour to her. – Оған көрсетілген құрмет ретінде олар үнсіз тұрды. 2.құрмет, мәртебе, қошамет (syn: privilege) ¨It was a great honour to be invited here today. – Бүгін бұл жерге шақырылу үлкен мәртебе/қошамет болды. 3.намыс, абырой, абұйыр, мерей ¨a man of honour – абыройлы адам ¨Proving his innocence has become a matter of honour. – Оның кінәсіздігін дәлелдеу намыс ісіне айналды. ¨upholding the honour of your country – еліңнің намысын бермеу ¨The family honour is at stake. – Жанұя абыройы саудаға түсті. 4. ~ to sth/sb мақтаныш, абырой, мерей ¨She is an honour to the profession. – Ол - кәсіп мақтанышы/абыройы. 5.марапат, сыйлық, жүлде; атақ ¨the New Year's Honours list – жаңа жылдық марапат тізімі (Британияда жыл сайын жаңа жылда берілетін наградалар мен атақтар тізімі) ¨to win the highest honour – ең жоғарғы марапатты алу ¨He was buried with full military honours. – Жерлеген кезде оған барлық әскери құрмет көрсетілді. 6. ~s, honors (abbr Hons) (университеттегі) жоғары деңгейлі, дәрежелі курс ¨an honours degree/course – жоғары дәреже/курс ¨a First Class Honours degree – бірінші класты/сыныпты жоғары дәреже ¨(NAmE) I took an honors class in English. – Ағылшын тілінен жоғары курста оқыдым. 7. ~, honors жоғары дәреже, деңгей 8. His/Her/Your Honour (судья не АҚШ қалаларының мэрлеріне қатысты) мәртебелі, қадірлі ¨No more questions, Your Honour. – Басқа сұрақ жоқ, мәртебелі. 9. (карта ойынында) ірі, ұпайы жоғары карта 10. (idm) *do sb an honour/do sb the honour (of doing sth) (formal) біреудің көңілін, мерейін тасыту, сый көрсету, қошаметтеу ¨Would you do me the honour of dining with me? – Менімен ауқаттанып бір қуантасыз ба?/Сізбен бірге шай ішудің өзі мәртебе. *do the honours сый, қошамет көрсету (рәсімде, церемонияда рөл атқару, сөз сөйлеу, тсс) ¨Would you do the honours and draw the winning ticket? – Сый көрсетіп жеңімпаз билетті суырасыз ба? *have the honour of sth/of doing sth (formal) мәртебеге ие болу, мақтан сезіміне бөлену, қошамет; несібе, сыбаға, олжа ¨May I have the honour of the next dance? – Келесі биді билеу мәртебесіне/қошаметіне ие бола аламын ба?/Келесі биді билеу мен үшін бір мақтаныш/қошамет болар еді. ¨It was Tevez who had the honour of scoring the first goal. – Бірнші голды салу несібесі Тевестің маңдайына жазылыпты. *(there is) honour among thieves (saying) ұрыларда да абырой/ намыс сезімі бар *(feel) honour-bound to do sth (formal) өзін міндетті, борышты сезіну ¨She felt honour-bound to attend as she had promised to. – Уәде бергендей өзін қатысуға міндетті сезінді. *the honours are even бәрі бірдей, ешкім артылып тұрған жоқ *in honour of sb/sth/in sb's/sth's honour біреудің құрметіне, біреуді еске ала, дәріптей ¨a ceremony in honour of those killed in the explosion – жарылыс кезінде қаза тапқандарды еске алу рәсімі ¨A banquet was held in her honour. – Банкет оның құрметіне ұйымдастырылды. *on your honour (old-fashioned) a) шын, рас айтуға не істеуге ант ету ¨I swear on my honour that I knew nothing about this. – Ант ішейін, бұл жайлы дым/түк білген жоқпын. b) сенім арту ¨You're on your honour not to go into my room. – Бөлмеме кірмессің деп сенемін. B.v 1. ~ sb (with sth) құрметтей, сыйлай, қошаметтей істеу ¨The President honoured us with a personal visit. – Президенттің өзі келіп мерейімізді тасытты. ¨our honoured guests – сыйлы/құрметті қонақтарымыз/меймандарымыз ¨(ironic) I'm glad to see that you've decided to honour us with your presence! – Өзің қатысып бізге сый/қошамет көрсетпек ниетіңе (бола) қуаныштымын! 2. ~ sb/sth (with sth) (for sth) мақтау, дәріптеу; сыйлық, атақ беру ¨He has been honoured with a knighthood for his scientific work. – Ғылыми еңбегі үшін оған рыцарлық атақ берілді. ¨She has never been properly honoured in her own country. – Өз елінде оған ешқашан дұрыстап құрмет көрсетілмеп еді/оның еңбегі ешқашан дұрыстап еленбеп/дәріптелмеп еді. ¨The town has honoured his bravery by erecting a memorial. – Кент оны дәріптеп мемориал/ескерткіш тұрғызды. 3. ~ sth (formal) құрметтеу, уәдесінде тұру ¨I have every intention of honouring our contract. – Контрактымызды қалай да құрметтеуге ниеттімін. ¨to honour a cheque – төлемек уәдесінде тұру ¨They have failed to honour the peace agreement. – Олар бейбіт келісімді бұзды. 4. (idm) *be/feel honoured (to do sth) мақтан тұту, мақтану, мәртебе, қошамет көру ¨I was honoured to have been mentioned in his speech. – Сөзінде мені атағанына мерейім тасыды. ¨‘Would you be my best man?’ ‘I'd be honoured.’ – «Маған жігіт жолдас боласың ба?» «Бұл мен үшін мәртебе/қошамет».