hook [hʊk] A.n 1.ілгек, ілмек, имек; қармақ ¨a picture/curtain/coat hook – сурет/перде/киім ілетін ілгек ¨a fish hook – балық қармағы ¨Hang your towel on the hook. – Орамалды ілмекке іл. 2. (бокста) хук, бүкпе соққы (соққыны қолдың бүгілген күйі жасау) ¨a left hook to the jaw – жаққа сол жақтан бүкпе соққы беру 3.қызық(тыратын), тартымды нәрсе ¨The images are used as a hook to get children interested in science. – Суреттерді балаларды ғылымға қызықтыру үшін пайдаланады. ¨Well-chosen quotations can serve as a hook to catch the reader's interest. – Жақсы таңдалған цитаталар оқушыларды қызықтыруы мүмкін. 4. (idm) *by hook or by crook оң да, теріс те тәсіл қолдану, не айла болсын қолдану *get (sb) off the hook/let sb off the hook босатып, құтқарып жіберу *hook, line and sinker мүлде, толықтай ¨What I said was not true, but he fell for it hook, line and sinker. – Айтқаным шын емес еді, бірақ ол толықтай сеніп қалды. *off the hook ілгектен шығару B.v 1.ілгекпен, ілмекпен бекіту ¨~ sth We hooked the trailer to the back of the car. – Трейлерді машинаның артына тіркедік. ¨a dress that hooks at the back – артынан ілмекпен бекітілетін/түймеленетін көйлек 2.қолымен ілу, бүру, қапсыру ¨~ sth He hooked his foot under the stool and dragged it over. – Ол стулды астынан аяғымен ілді де тартты. ¨She hooked her arm through her sister's. – Ол қолын әпкесінікімен/сіңлісінікімен іліністірді/Ол әпкесін/сіңлісін қолтықтады. ¨He managed to hook his fingers under the stone. – Ол саусақтарымен тасты астынан іле ұстай алды. ¨Her thumbs were hooked into the pockets of her jeans. – Бас бармақтарын джинсиінің қалталарына ілді. ¨Hook the rope through your belt. – Арқанды белдігің арқылы іл. ¨Suddenly an arm hooked around my neck. – Кенет(тен) бір қол/біреудің қолы мойныма оратылды. ¨He tried to hook his leg over the branch. – Ол аяғымен бұтақты ілгісі/қармағысы келді. 3. ~ sth қармақпен балық аулау ¨It was the biggest pike I ever hooked. – Бұрын қармағыма бұндай дәу шортан түспеп еді. ¨(figurative) She had managed to hook a wealthy husband. – Ол қармағына дәулетті күйеу түсіре алды. 4. ~ sth (доп ж) қисық, имек, доға(л) траекториямен қозға(л)у ¨He hooked his shot over the bar. – Ол допты маңдайшадан асырып жіберді. ¨Try and hook the ball around the defenders. – Допты қорғаушылардан айналдыра тебуге тырыс. 5. (phr v) *hook up (to sth)/hook sb/sth up (to sth) жалғау, қосу ¨She was then hooked up to an IV drip. – Оған дәрі тамшылатқышты жалғады. ¨Check that the computer is hooked up to the printer. – Компьютердің принтерге жалғанғанын тексер. ¨A large proportion of the nation's households are hooked up to the Internet. – Елдегі жанүялардың/үйлердің үлкен бөлігі интернетке жалғанған/қосылған *hook up with sb (informal) a) біреумен жолығысып уақыт өткізу ¨In India I hooked up with a couple of students for a few weeks. – Индияда бір екі студентпен кездесіп, бірнеше апта бірге өткіздім. b) біреумен жұмыс істей бастау ¨They formed the band in 2008, hooking up with bass player Rod Byrne. – Ол басс гитарашы Род Бирнді кездестіріп, ансамбльді 2008 жылы құрған. *hook sb up with sb/sth (informal) біреумен жолықтыру; біреуге бірнәрсе тауып беру ¨Can you hook me up with someone with a car? – Маған машинасы бар біреу тауып бересің бе? ¨I hope she can hook me up with some free tickets. – Ол маған бірнеше тегін билет бауып береді деп ойлаймын.