hop

hop [hɒp] A.v (-pp-) 1. бір аяқпен секіре қозғалу, шоқаңдау, секеңдеу, ыршу, ырғу, шоршу ¨I couldn't put my weight on my ankle and had to hop everywhere. – Тобығыма салмақ сала алмағандықтан барлық жаққа шоқаңдап/ыршып жүруіме тура келді. ¨kids hopping over puddles – шалшық үстінен ыршып/шоқаңдап/секеңдеп жүрген балалар ¨He was hopping from foot to foot. – Ол біресе бір аяғымен, біресе екінші аяғымен шоршып/шоқаңдап/ыршып жүрді. 2. секеңдеу, шоқаңдау, қарғи, ырши, шорши қозғалу ¨A robin was hopping around on the path. – Шымшық соқпақ үстінде секеңдеді. ¨The frog hopped towards him. – Бақа оған қарай ыршыды/шапшыды/шоршыды/қарғыды. 3. (informal) ыршып, қарғып, ырғып, ытқып міну, түсу, қозғалу ¨Hop in, I'll drive you home. – Қарғып мін, үйіңе апарып тастайын. ¨She hopped out of the car at the traffic lights. – Ол светофорда машинадан ытқып түсті/атып шықты. ¨to hop into/out of bed – төсекке күмп ету/төсектен атып/ытқып тұру ¨I hopped on the next train. – Келесі пойызға қарғып міндім. ¨We hopped over to Paris for the weekend. – Апта соңында Парижге барып-қайттық. 4. ~ a plane, bus, train, etc. (NAmE) ұшаққа, автобусқа, пойызға отыру 5. ~ (from sth to sth) істі, әңгімені өзгерту, өзгерткіштеу, ыршыту ¨I like to hop from channel to channel when I watch TV. – Теледидар/Телевизор көргенде арналарды өзгерткіштегенді/ауыстыра/ыршыта бергенді жақсы көремін. ¨She's always hopping from one project to the next. – Ол ылғи да бір жобадан екіншісіне ыршып жүреді. 6. (idm) *hop it (old-fashioned, BrE, informal) кет әрі, жүре бер (syn: go away) ¨Go on, hop it! – Ал енді бара бергін! ¨He hopped it out of the window. – Ол терезеден ыршып шықты. *hop to it (NAmE, informal) = jump to it тез бол, жылдам B.n 1.бір аяқтап секіру, ыршу, қарғу, шоршу, ырғу ¨He crossed the hall with a hop, skip and a jump. – Ол залдан ырши, орғи, ырғи өтті. 2.қарғу, орғу, ытқу 3.қысқа сапар 4.құлмақ (шырмауық сияқты өсімдік) 5. ~s кептірілген құлмақ гүлдері (сыра жасауға пайд) 6. (old-fashioned, informal) сауық, жиын