hope [həʊp] A.v 1.үміттену, дәмелену ¨~ (for sth) We are hoping for good weather on Sunday. – Жексенбіде жақсы ауа райы болады деп үміттеніп/дәмеленіп отырмыз. ¨All we can do now is wait and hope. – Қолымыздан бар келетіні күтіп, үміттену. ¨‘Do you think it will rain?’ ‘I hope not.’ – «Жауын жауады деп ойлайсың ба?» «Жаумас/Жаумайтын шығар деп үміттенемін/ойлаймын». ¨‘Will you be back before dark?’ ‘I hope so, yes.’ – «Қас қарайғанша ораласың ба?» «Солай болар, иә». ¨The exam went better than I'd dared hope. – Емтихан мен ойламағаннан да/күтпегеннен де жақсы болды». ¨I'll see you next week, I hope. – Келесі жетіде жолыға(р)мыз деп ойлаймын. ¨~ (that)… I hope (that) you're okay. – Жағдайың жақсы болар деп ойлаймын. ¨I can only hope (that) there has been some mistake. – Бір қате болған шығар деп қана үміттенемін/ойлаймын. ¨Detectives are hoping (that) witnesses will come forward. – Детективтер/Із кесушілер куәләр хабарласады деп үміттенеді. ¨Let's hope we can find a parking space. – Машина қояр жер табармыз деп дәмеленейік. ¨it is hoped (that)… It is hoped that over £10 000 will be raised. - £10 000-нан аса қаражат жиналады деп үміттенуде. ¨~ to do sth She is hoping to win the gold medal. – Ол алтын медалдан үмітті/дәмелі. ¨We hope to arrive around two. – Екілерде келіп қаламыз деп ойлаймыз. ¨What had he hoped to achieve? – Ол неге жетемін/не жетістіремін деп ойлады екен? ¨The improvement that had been hoped for never came/The hoped-for improvement never came. – Жақсарады деген дәме бос болып шықты. 2. (idm) *hope against hope (that…) құры, босқа үміттену, бәрібір үміттену, есек дәмелену ¨She was hoping against hope that there'd been some mistake. – Ол әйтеуір бір қате болған шығар деп үмітін үзбеді. *hope for the best жақсы болар деп үміттену *I should hope so/not/so I should hope (informal) солай болса дұрыс болар/болмас еді ¨‘Nobody blames you.’ ‘I should hope not!’ – «Ешкім де сені кінәламайды». «Солай болар деп ойлайық!» B.n 1.үміт, дәме ¨~ (of sth) There is now hope of a cure. – Енді ем болар деген үміт бар. ¨~ (for sb/sth) Hopes for the missing men are fading. – Жоғалған кісілерге деген үміт солуда. ¨~ (that…) There is little hope that they will be found alive. – Олардың тірі табылатынына үміт аз. ¨~ (of doing sth) They have given up hope of finding any more survivors. – Енді аман қалғандарды табамыз деген үміттерінен күдер үзді. ¨She has high hopes of winning. – Ол жеңістен өте дәмелі. ¨The future is not without hope. – Болашақ үмітсіз емес. ¨Don't raise your hopes too high, or you may be disappointed. – Тым үміттенбе/дәмеленбе, әйтпесе тауың шағылуы мүмкін. ¨I'll do what I can, but don't get your hopes up. – Қолымнан келгенін істейтін боламын, алайда сені тым дәмелендіргім келмейді. ¨There is still a glimmer of hope. – Әлі де үміт оты бар. ¨The situation is not good but we live in hope that it will improve. – Жағдай жақсы емес, алайда жақсарар деген үмітіміз бар. ¨She told me all her hopes, dreams and fears. – Ол маған барлық үміті, арманы және уайымы жайлы айтты. ¨They have high hopes for their children. – Олар балаларына үлкен үміт артады. ¨He turned to her in despair and said, ‘You're my last hope.’ – Ол оған жанұшыра қарап, «сен менің соңғы үмітімсің» деді. ¨The operation was Kelly's only hope of survival. – Операция Келлидің аман қалуының жалғыз ғана үміті еді. 2. (idm) *be beyond hope (of sth) күдер, үміт үзген халде болу *hold out little, etc. hope (of sth/that…)/not hold out any, much, etc. hope (of sth/that…) болмашы, т.б. үміт(і) болу ¨The doctors did not hold out much hope for her recovery. – Оның айғытынына дәрігерлер сонша үміттенбеді. *hope springs eternal (saying) «үміт/арман бұлағы мәңгілік» *in the hope of sth/in the hope that… (NAmE also in hopes that…) үміттенгендіктен, деп ойлай ¨I called early in the hope of catching her before she went to work. – Ол жұмысқа кетпей тұрып сөйлесіп алайын деп оған ерте телефон шалдым/оның үйіне ерте бардым. ¨He asked her again in the vain hope that he could persuade her to come. – Ол оны келуге көндіре аламын деген бос үмітпен одан тағы да өтінді. *not have a hope (in hell) (of doing sth) (informal) мүлде үміті, мүмкіндігі болмау ¨She doesn't have a hope of winning. – Оның жеңетін шамасы жоқ. *some hope! (BrE, informal) «біраз үміт!» (мүлде үміт жоқ дег мағ)