horror [ˈhɒrə(r)] n 1.сұмдық, масқара, алапат, жойқын, қорқыныш, шошытатын, жан түршіктіретін жайт, пәле, бәле, пәлекет, бәлекет ¨People watched in horror as the plane crashed to the ground. – Ұшақ жерге быт-шыты шыға соғылғанын жұрт зәрелері ұша қарады. ¨With a look of horror, he asked if the doctor thought he had cancer. – Зәресі ұша ол дәрігерден өзінде рак/обыр бар ма деп сұрады. ¨The thought of being left alone filled her with horror. – Өзін жалғыз қалдырып кеткені туралы ой оны шошытты/Өзінің жападан жалғыз қалғаны туралы ойдан оның тұла бойын қорқыныш кернеді. ¨She recoiled in horror at the sight of an enormous spider. – Зіңгіттей қарақұртты көргенде ол жаны түршіге жиырылды. ¨To his horror, he could feel himself starting to cry. – Қалай кемсеңдеп кеткенін білмей қалған ол өз-өзін жиа алмай әлек болды/Сұмдық-оу, өзінің кемсеңдеп жатқанын енді білді. ¨Her eyes were wide with horror. – Шошыған(нан) оның көздері шарасынан шығып кеткен. ¨~ of sth a horror of deep water – терең судан зәресі кету/шошу ¨~ of doing sth Most people have a horror of speaking in public. – Каптеген адамдардың жұрт алдында сөйлегеннен шошиды. ¨The full horror of the accident was beginning to become clear. – Оқиғаның қаншалықты сұмдық/жойқын болғаны енді анық бола бастады. ¨In his dreams he relives the horror of the attack. –Болған шабуылдың сұмдықтарын түсінде көреді. ¨the horrors of war – соғыс сұмдықтары ¨(ауысп. мағ.) Her son is a little horror. – Ұлы бір жүрген пәле. 2.қорқынышты (фильм, кітап) ¨In this section you'll find horror and science fiction. – Бұл бөлімде қорқыныш пен ғылыми фикция/әсіре бар. ¨a horror film/movie – қорқынышты фильм/кино 3. (idm) *horror of horrors (BrE, humorous or ironic) бұдан өткен сұмдық болмас ¨I stood up to speak and - horror of horrors - realized I had left my notes behind. – Сөйлемек болып орнымнан тұрғанымда – бұдан өткен сұмдық болмас – сөзімді қалдырып кеткенімді ұқтым.