hot

hot [hɒt] A.adj (hotter, hottest) 1.ыстық, қызған ¨Do you like this hot weather? – Осындай ыстық ауа райын жақсы көресің(із) бе? ¨It's hot today, isn't it? – Бүгін ыстық екен-ә?/Бүгін ыстық, солай емес пе? ¨It was hot and getting hotter. – Ыстық және одан да ыси түсті. ¨It was the hottest July on record. – Ол тізімге алынған ең ыстық шілде айы болды. ¨a hot dry summer – ыстық құрғақ жаз ¨Be careful - the plates are hot. – Байқа(ңыз) – табақтар/тарелкалар ыстық. ¨All rooms have hot and cold water. – Барлық бөлме(лер)де ыстық және суық су бар. ¨a hot bath – ыстық ванна ¨a hot meal – ыстық тамақ/ас ¨I couldn't live in a hot country. – Ыстық елде тұра алмас едім. ¨Cook in a very hot oven. – Өте қызған табада пісір. ¨Eat it while it's hot. – Ыстық кезінде же. ¨I touched his forehead. He felt hot and feverish. – Маңдайын ұстадым. Денесі жанып/қызып, түршігіп тұрды. 2.ыстықтаған, пысынаған ¨Is anyone too hot? – Ешкім тым ыстықтап кеткен жоқ па? ¨I feel hot. – Ыстықтап кеттім. ¨Her cheeks were hot with embarrassment. – Ұяттан/Қысылғаннан екі беті алаулады/ду етті. 3.ыстық, аптап ¨London was hot and dusty. – Лондон ыстық әрі шаң екен/болды. ¨a long hot journey – аптап ыстықтағы ұзақ сапар 4.ащы (бұрыш, дәмдеуіш) (opp: mild) ¨hot spicy food – (ауыз күйдірерлік) ащы тамақ ¨You can make a curry hotter simply by adding chillies. – Карриді әшейін бұрыш қосып ащы етуіңе болады. ¨hot mustard – ащы қыша (горчица) 5.қызған, қызу ¨Today we enter the hottest phase of the election campaign. – Бүгін сайлау науқанының ең қызу кезеңіне аяқ басамыз. ¨The environment has become a very hot issue. – Қоршаған орта (мәселесі) өте өзекті мәселеге айналды. ¨Competition is getting hotter day by day. – Сайыс күннен күнге қыза түсуде. 6.қиындаған, ушыққан, асқынған ¨When things got too hot most journalists left the area. – Жағдай асқынғанда журналистердің көбі аймақтан кетті. ¨They're making life hot for her. – Олар оны діңкелетуде/оған иықтауда. 7. (informal) жұрт көп ұнататын, қызықты ¨This is one of the hottest clubs in town. – Бұл қаладағы ең мықты клубтардың бірі. ¨They are one of this year's hot new bands. – Олар биылғы/осы жылғы жаңадан шыққан мықты топтардың бірі. ¨The couple are Hollywood's hottest property. – Бұл екеуі Голливудтың жаңа жұлдыздары. 8.жаңа, енді пайда болған ¨I've got some hot gossip for you! – Саған айтар жаңа өсегім бар! ¨a story that is hot off the press – баспасөзде енді пайда болған қызық әңгіме 9.озық; табысты болатын ¨She seems to be the hot favourite for the job. – Бұл жұмысты жеңіп алатын осы сияқты. ¨Do you have any hot tips for today's race? – Бүгінгі бәйге қалай аяқталады деп ойлайсың? 10. ~ at/on sth (informal) шебер, икемді; көп білетін ¨Don't ask me - I’m not too hot on British history. – Менен сұрамай-ақ қой – Британия тарихынан мықты емеспін. 11.ашуланған 12.нәпсісі қозған, ынтыққан, сексті қалаған 13.жүйкеге тиетін, кіжіндіретін, именбеген ¨Some of the nude scenes were regarded as too hot for Broadway. – Кейбір жалаңаш көріністер Бродуей үшін бейәдеп нәрсе болып есептелінді. ¨The report was highly critical of senior members of the Cabinet and was considered too hot to publish. – Баяндама/Есеп жоғары лауазымды үкімет мүшелерін қатты сынайтындықтан, жариялап қажеті жоқ деп ұйғарылды. 14. ~ on sth өте көңіл бөлу, аса мән беру ¨They're very hot on punctuality at work. – Олар жұмыс режиміне аса көңіл бөледі. 15. (джаз, т.б. музыка ж) толқытатын, тебірентетін 16.ұрланған, шикілігі бар ¨I'd never have touched those CDs if I'd known they were hot. – Ол CD-лердің бір шикілігі бар екенін/ұрланғанын білгенде қол ұшын тигізбес едім. 17.(ойын ж) тығылған адамды табуға, жұмбақты шешуге жақын дег мағ ¨You're getting hot! – Әй, тұтыласың-ау!/сені табайын деп жатыр! 18.(idm) *be hot to trot (informal) a) құлшыну, жігері тасу b) нәпсісі қозу, ынтығу *be in/get into hot water (informal) пәлеге қалу, пәлеге араласу *go hot and cold шошып қалтырау, ысып суу ¨When the phone rang I just went hot and cold. – Телефон шыр еткенде зәрем зәр түбіне кетті. *go/sell like hot cakes көптеп, топырлатып сату *(all) hot and bothered (informal) арпалысқан, жанталасқан, аптыққан *hot on sb's/sth's heels біреуді/бірн-ні өкшелеген, артына түскен ¨He turned and fled with Peter hot on his heels. – Ол бұрылды да Питердің артынан жүгіріп/Питерге ілесе қаша жөнелді. ¨Further successes came hot on the heels of her first best-selling novel. – Алғашқы тамаша сатылған романын өкшелей басқа да табыстар келді. *hot on sb's/sth's tracks/trail (informal) біреудің/бірн-ң ізін алған, өкшелеген *hot under the collar (informal) ызаланған; қызарған, ұялған ¨He got very hot under the collar when I asked him where he'd been all day. – Күні бойы қайда жүрдің деп сұрағанда ол қызарып кетті. *in hot pursuit (of sb) біреудің артынан қуған, өкшелеген, артынан қалмаған ¨She sped away in her car with journalists in hot pursuit. – Ол өз машинасында журналистермен өкшелей қуып зыта жөнелді. *not so/too hot a) онша жақсы емес ¨Her spelling isn't too hot. – Оның жазуы онша жақсы емес. b) онша жақсы сезінбеген ¨‘How are you today?’ ‘Not so hot, I'm afraid.’ – «Бүгін қалайсың?» «Онша жақсы емес-ау». B.v (-tt-) (phr v) *hot up (BrE) (also heat up NAmE, BrE) (informal) қыза түсу, белсенді бола түсу ¨Things are really hotting up in the election campaign. – Сайлау науқаны қыза түсуде. ¨The title race is certainly hotting up. – Чемпиондыққа талас шынымен де қыза түсуде. ¨The pace is hotting up. – Жүгіріс жылдамдығы өсе түсуде.