hour [ˈaʊə(r)] n 1. (abbr hr, hr.) сағат ¨It will take about an hour to get there. – Ол жерге жету үшін шамамен бір сағат керек. ¨The interview lasted half an hour. – Интервью жарты сағат болды/сағатқа созылды. ¨It was a three-hour exam. – Ол үш сағаттық емтихан еді. ¨I waited for an hour and then I left. – Бір сағат күткен соң кеттім. ¨He'll be back in an hour. – Ол бір сағатта келеді. ¨We're paid by the hour. – Бізге сағаттап/сағат сайын төлейді. ¨The minimum wage was set at £5.80 an hour. – Ең төменгі жалақы сағатына £5.80 болып белгіленді. ¨Top speed is 120 miles per hour. – Ең жоғарғы жылдамдық сағатына 120 миль. ¨York was within an hour's drive. – Йорк көлікпен бір сағаттық жерде еді. ¨Chicago is two hours away. – Чикагоға екі сағат жүреді. ¨We're four hours ahead of NewYork. – Нью-Йорктен төрт сағат алдамыз. ¨We hope to be there within the hour. – Ол жерде бір сағат ішінде болармыз/болып қалармыз. 2.сағат, кез, шақ, кезең ¨I use the Internet at work, during my lunch hour. – Жұмыста интернетті түскі ас кезінде қолданамын. ¨You can't turn him away at this hour of the night. – Түннің мына (бір) уақтында оны кетірмеу керек. ¨This was often thought of as the country's finest hour. – Бұл елдің ең дәуірлеген шағы деп есептелінеді. ¨She thought her last hour had come. – Ол ақтық демім жақындаған екен деп ойлады. ¨Don't desert me in my hour of need. – Маған керек кезде менен безбе/Қиналып тұрған кезде менен қашпа. 3. ~s жұмыс уақты ¨Opening hours are from 10 to 6 each day. – Жұмыс уақты күн сайын сағат 10-нан 6-ға дейін. ¨Most people in this kind of job tend to work long hours. – Мұндай жұмыстағы адамдар күн ұзаққа/түнге шейін жұмыс істейді. ¨What are your office hours? – Жұмыс уақты қандай? ¨a hospital's visiting hours – Аурахананың науқасқа келушілерді қабылдайтын уақты. ¨Britain's licensing hours used to be very restricted. – Британияда арақ-шарап сататын уақыт өте шектеулі болатын. ¨This is the only place to get a drink after hours. – Шекті уақытынан кейін осында ғана арақ-шарап сатып алуға болады. ¨Clients can now contact us by email out of hours. – Клиенттер жұмыс уақтынан соң электронкамен хабарласа алады. 4. ~s ұзақ уақыт ¨It took hours getting there. – Бұл жерге жеткенше көп уақыт кетті. ¨I've been waiting for hours. – Ұзақ уақыт күттім/күтіп отырдым. ¨‘How long did it last?’ ‘Oh, hours and hours.’ – «Қанша уақыт созылды?» «Сағаттап болды». 5. the ~ сағат (тілі нақты сағаттың ауысқанын көрсететін кез, м.: сағат 1, 2, тсс) ¨There's a bus every hour on the hour. – Сағат (ауысатын әр сағат) сайын автобус жүреді. ¨The clock struck the hour. – Сағат тілі сағаттың ауысқанын білдірді. 6. ~s сағат(ты 24 сағат бойынша есептегенде қолд) ¨The first missile was launched at 2300 hours. – Алғашқы ракета сағат 23.00-де ұшырылды. 7. (idm) *all hours кез келген уақыт, қай уақыт болсын ¨He's started staying out till all hours. – Ол түнделетіп келетінді шығарды. ¨She thinks she can call me at all hours of the day and night. – Ол маған күнде де, түнде де телефон шала аламын деп ойлайды. *keep… hours белгілі бір уақытта істеп дағдылану, әдетке айналдыру *the small/early hours (NAmE also the wee hours) таң құланиектене, таң атпай тұрып, түннің ауған кезі ¨We worked well into the small hours. – Түн ауғанша істедік. ¨The fighting began in the early hours of Saturday morning. – Қақтығыс сенбі күні таң атпастан басталды.