house A.n [haʊs] (pl ~s [ˈhaʊzɪz]) 1.үй, үй-жай, жай, баспана, пана, тұрақ, отау ¨He went into the house. – Ол үйге кірді. ¨a two-bedroom house – екі ұйқы бөлмелік үй ¨Let's have the party at my house. – Біздің үй(іміз)де сауық өткізейік. ¨house prices – үй бағалары ¨What time do you leave the house in the morning? – Таңертеңгісін үйден қаншада шығасың(ыз)? ¨(BrE) We're moving house. – Көшіп жатырмыз. ¨We went on a tour of the house and grounds. – Біз үй-жай мен қора-қопсыны араладық. 2. үй (үйде тұратындар) (syn: household) ¨Be quiet or you'll wake the whole house! – Тыныш, әйтпесе бүткіл үйді оятасың! 3.үй, ғимарат, қора, қойма ¨an opera house – опера үйі ¨a henhouse – тауықкүрке, тауыққора 4. H~ (BrE) кеңсе ғимараттарының атауында қолд ¨Their offices are on the second floor of Chester House. – Олардың кеңселері Честер Хаустің екінші қабатында. 5.үй, кәсіпорын, ұйым, компания ¨a fashion/banking/publishing house – сән/банк/баспа үйі/кәсіпорны ¨a religious house – діни үй, ғибадатхана ¨I work in house. – Мен компания кеңсесінде істеймін. 6.ресторан, дәмхана ¨a steakhouse – стейк рестораны ¨a coffee house – кофехана ¨a bottle of house wine – бір шөлмек үй шарабы 7. (often H~) парламент палатасы ¨Legislation requires approval by both houses of parliament. – Заңды парламенттің екі палатасы да құптауы керек. 8. the H~ Британияда Парламенттің Қауымдар палатасы; АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 9. the ~ талқылауға қатысқандар ¨I urge the house to vote against the motion. – Әріптестерді ұсынысқа қарсы дауыс беруге шақырамын. 10.көрермендер залы (театрдағы) ¨playing to a full/packed/empty house – толы/лықа толған/бос залда ойнау ¨The spotlight faded and the house lights came up. – Сахна шамы күңгірт тартты да залдағы шамдар жанды. 11. (кейбір британ мектептерінде) оқушылар тобы 12. (әдетте the H~ of…) үрім-бұтақ, әулет, тұқым ¨the House of Windsor – Уинзорлар/Виндзорлар тұқымы/әулеті 13. = house music 14. (idm) *bring the house down (тамаша кезінде) бәрін күлдіру, мәз қылу *get on like a house on fire (BrE) (NAmE get along like a house on fire) (informal) тез достасып кету *go all round the houses (BrE, informal) «бүткіл үйді айналып шығу», оңай істі қиындату ¨You did go all round the houses, didn't you? Why not get straight to the point? – Әлемді шарлап шықтың ғой, солай емес пе? Неғып тоқетерін бірден айтпайсың? *keep house үй шаруасымен айналысу, үйді күту *on the house «сыйтағам», «сыйсусын» (ресторанда, пабта тегін берілетін сусын, тағам) ¨Have a drink on the house. – Сыйсусын іш. *put/set your (own) house in order алдымен өзіңді жөндеп алу *set up house қоныстану, тұрақтау ¨They set up house together in a small flat in Brighton. – Олар Брайтонда шағын пәтерге қоныстанды. B.v [haʊz] 1. ~ sb баспана беру, үйге тұрғызу, ораналастыру ¨The government is committed to housing the refugees. – Үкімет босқындарға баспана беруге міндеттенген/босқындарды орналастыруға ниетті. 2.~ sth орналас(тыр)у ¨The gallery houses 2 000 works of modern art. – Галереяда 2000 қазіргі өнер туындысы бар/орналасқан. ¨The museum is housed in the Old Court House. – Музей Олд Корт Хауста орналасқан. ¨These offices also house a printing firm. – Бұл кеңселерде баспахана орналасқан. ¨The books were housed in glass-fronted cases. – Кітаптар беті шыны сауыттарға салынған.