hover [ˈhɒvə(r)] v 1. (құстар, вертолеттер ж) қалықтап тұру, парлау ¨A hawk hovered over the hill. – Қырғи бір орында қалықтады/парлады. ¨A full moon hovered in the sky. – Толған ай аспанда қалықтады. 2.кібіртіктеу, айналсоқтау, төңіректеу, күмілжу ¨He hovered nervously in the doorway. – Ол есік жанында кібіртіктеп тұрды. ¨He hovered over her, waiting for an answer. – Ол оған төне айналсоқтады, жауап күтті. 3.төңірегінде болу, жуық болу ¨Temperatures hovered around freezing. – Температура(лар) тоңатын дәрежеге жуықтап тұрды. ¨He hovered on the edge of consciousness. – Ол есінен тана жаздауға жуық болды. ¨A smile hovered on her lips. – Ернінде күлкі үйірілді. ¨She was hovering between life and death. – Ол өмір мен өлімнің арасында болды.