howl [haʊl] A.v 1. (ит, қасқыр, тб ж) ұлу, азынау ¨the sound of wolves howling in the night – түнде ұлыған қасқырлар үні /қасқырлардың түндегі ұлыған үні 2. ~ (in/with sth) ыңырану, боздау ¨to howl in pain – шаншудан ыңырану/боздау ¨We howled with laughter. – Кеңкілдей күлдік. ¨The baby was howling all the time I was there. – Сол жерде болған кезімде сәби тынбай жылап жатты. 3. (жел ж) ұлу, азынау ¨The wind was howling around the house. – Үйдің айналасында жел ұлып/азынап жатты. 4.гуілдеу ¨The crowd howled its displeasure. – Жұрт жақтырмай гу етті. 5. (phr v) *howl sb down шуылдап сөйлетпей тастау (syn: shout sb down) ¨The government spokesman was howled down by the audience. – Үкімет өкілін жұрт шуылдап сөйлетпей тастады. B.n 1.ұлу, ұлыс, азынау ¨the mournful howl of a lone dog – жалғыз иттің мұңлы/мұңды ұлысы. 2. ыңырану, боздау ¨to let out a howl of anguish – сары уайымнан ыңырану ¨The suggestion was greeted with howls of laughter. – Ұсынысты естігенде жұрт кеңкілдей күлді. ¨The decision was met with howls of protest from the unions. – Шешімге кәсіподақ өкілдері гуілдей наразылық білдірді. 3. (жел ж) ұлу, ұлыс, азынау ¨They listened to the howl of the wind through the trees. – Ағаш ішінде соққан желдің ұлуы олардың құлағына келіп тұрды.